Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті



бет33/68
Дата30.05.2023
өлшемі0.64 Mb.
#474475
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68
Антропоөзектік парадигма көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті (Д. Исабеков шығармаларының негізінде)

Ал, бозаң бар ма?

    • Мырзалар-ау, менде боза қайдан болсын. Қазір серігім айран әкелер.

    • Айран? Ах-ха-ха-ха! Айран дейді! («Сүйекші»).

Повестен алынған үзіндіде қарапайым құдық қазушы жігіт пен бай балаларының арасындағы әңгіме көрініс тапқан. Оқырман бұл диалогтан боза сұрап тұрғандардың бай баласы екенін, ал оның жоқтығын, айран ғана бере алатындығын айтқан адамның қарапайым шаруа адамы екенін түсінеді. Себебі автор әр тілдік бірлікті орнымен жұмсай білген. Боза – тары, бидай сияқты дәнді дақылдар қосылып ашытылған сусын болса, ал айран – қой, сиыр сүтінің ұйытылған түрі. Ол заманда күнін әрең көріп отырған қара қазақтың үйінен көже мен айран табылса да, қымыз, боза сияқты сусындарды көбіне-көп қолында мыңғырған малы бар бай-дөкейлер ішкен болуы керек. Кей деректерде бозаны ішімдіктің бір түрі деп те береді. Жазушы танымында боза – байлыққа мас болып, есірген бай балаларының немесе желпінген жас жігіттердің ішетін сусыны:

  • Жігіттерге боза құйыңдар, деді заманға өкпелі шал осы үйдің қожасындай өктем үнмен.

Үш түн көрген салқын бозаға толы тостақ ішем деушілерді екі-үш қайтара аралап шыққанда жігіттер аяқтарын көсіліп, желпініп қалды. Жұртқа боза құйып, өзі қазан үсті ожаумен ішіп отырған манағы жігіт әп- сәттің ішінде қайта еліріп шыға келді («Тіршілік»).
Ұлттық сусындардың әлеуметтік мәні туралы Г. Мұратова Абай поэзиясындағы «қымыз» концептісінің автор танымындағы бейнесін былайша саралайды: «Қымыз – әлеуметтік жіктелістің символы: 1) Қымыз – байлық, өйткені қолында қымызы бар мен қымызы жоқтар қоғамдағы таптық бөлініске негіз болады. Қымызы бар қымызы жоқты өзіне тәуелді етеді. Автордың айтпағы – осы: «Бір жілік пен бір аяқ қымыз берген
Дереу сені жұмсайды бір жұмысқа».
2) Қымыз – байлықтың бағасын арттырушы құрал.
«Осы қымыз қазаққа Мақтаның ба, асың ба? Мақтанға бола жиям деп,
Жылқы үшін жұртқа бас ұрма» [121, 36 б.].
Қазақ қолында болса ас та төк молшылықтан, кең дастарқанынан ешқашан айныған емес, ал ел басына күн тауып, аумалы-төкпелі заман болған кездердің қиыншылығы да сол үйдің дастарқанынан көрінеді. Бұрын, ел тоқшылық кезде лажы болса ақша, яки бүтін киім сұрап, құрт-май, нан-пан бергендерді жақтырмай батасының жартысын жұтып, бетін сипап кете беретін масайған диуаналар енді бір тостақ арпа беретін үйге бар білетін батасын қақтап бір айтатынды шығарды. Шиеттей балалар әуелгіде екі диуанадан қорқып үрпиіскенімен ала қоржынның іші күлше-құртқа, өрік-жаңғаққа толы екенін, диуана деген аты болмаса олардың да өздері көріп жүрген адамдардай екенін біліп бірте-бірте бойлары үйрене бастады.
Көркем шығармада жиі кездесетін реалиялардың бір түрі – тұрмыстық зат, құрал-сайман, ыдыс-аяқ атаулары. Жазушы үшін мұндай реалиялар кейіпкердің
тұрмысын, үй-жайын, мекенін, әлеуметтік жағдайын сипаттағанда, поэтикалық бейнелі тіркес жасауда ұтымды қолданылатын таптырмас құралдар. Олар: самаурын, құман, тостақ, ожау, қазан, қамшы, балта, ошақ, жерошақ, мор ошақ, киіз, алаша, көрпе, жастық, кесе, табақ, жүк аяқ, т.б. Д. Исабеков шығармаларында бұл атаулар үнемі эпитеттермен тіркесіп қолданылады. Мысалы: сары самаурын, зерен тостақ, жез құман, кәрі құман, жез сапты қамшы, ағаш табақ, т.б. Мысалы: Атты кісі жез сапты қамшысымен беткей жақты көрсетті; Есік жанындағы мор ошақтың күлі әлі шығарылмапты. Үйдегі бар дүние – бір киіз, бір алаша, бір көрпе, бір жастық. Жерошақтағы қазан қақпағының үстінде жұмыртқаның уызымен жамалған сынық кесе, кәрі құман, ағаш қасық, ағаш табақ тұр («Сүйекші»). Кемпірі желінді ешкінің бір сауым сүті мол сиятын зерен тостақты лып еткізіп шалының созылған қолына ұстата қойды. Киеван табақтағы көкнәрді тостаққа шүпілдете құйып, түбіндегі тұнбасын қалтаға сарқыды да, кеудесін көтеріп суға сүңгитін адамдай терең дем алды... Үй іші тіріліп сала берді. Оң жақ қабырғадағы жинаулы жүк, босаға жанындағы ілулі киім, тызылдап жанып тұрған ондық шам, жаюлы дастарқан, сары самаурын жанында төбесі кемпіректен асар-аспас боп отырған шүйкедей қара кемпір бәрі-бәрі де жанарына енді ілікті («Тіршілік»).
Осы жолдардан автордың мәтіннен тыс болмысы, мәдениеті халық мәдениетімен астасып, біте қайнасып жатқандығын көреміз. Осыншама ұлттық құндылықтарды шашау шығармай, артық кетпей, дәл, нақты суреттеп, бір сөйлемнің бойына сыйдырып бере білу, әрине, шеберлік. Бұл тұста автор көнерген сөздерді де орынды қолдана білген. Жоғарыдағы мысалдағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет