Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті



бет4/68
Дата30.05.2023
өлшемі0.64 Mb.
#474475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Антропоөзектік парадигма көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті (Д. Исабеков шығармаларының негізінде)

Нарратор көркем туындыда тарихты мазмұндау, оқиғаны баяндау қызметтері бөлінген тұлға.
Оқырман – әдеби шығарманы қабылдайтын орта. Жазушы шығарманы тудырушы болса, оның қаншама ұзақ өмір сүретіні, әдебиетте қандай орын алатыны оқырманға байланысты.
Парадигма – англ. paradigm, фр. paradigme, нем. Paradigma, йог. paradigma. 1. Белгілі бір сөз табындағы сөз жасауға үлгі болып табылатын флективтік өзгерістер жиынтығы. 2. Белгілі бір лексикалық бірліктердің сөзді түрлендіру формаларының жиынтығы, белгілі бір лексеманы құрайтын сөз формаларының жиынтығы.
Парадигматика – таңбаны басқа таңбалардың көптігіне жатқызуға негіз болатын байланыстар, кейін таңба сөзжұмсамда қолданылу үшін осы көптіктен шығарылып, іріктеліп алынады;
Прагматика – семиотиканың негізгі құрамдас бөлігі; хабарлама адресатына әсер ету.
Прагматикалық деңгей – тұлғаның мақсаттарын, уәждерін, мүдделерін, өмірлік ұстанымдары мен мұраттарын (интенционалдылық) (мұраттарын) қамтиды. Тілдік тұлғаны талдауда бұл деңгей оның сөйлеу әрекетін бағалаудан болмыстың қызметін түсінуге заңды және шартты түрде өтуді қамтамасыз етеді.
Прагматикалық қызмет – субьектінің қоғамдық қатынастардың
ықпалымен сөйлеушінің коммуникация кезінде қолданған амал-әрекеті.
Пропозиция – ойлаудың тұтас субъектілік-предикаттық құрылымдары. Олар кейбір ситуациялар мен олардың элементтерінің конфигурациясын бейнелеп көрсетеді.
Пропозиционалды құрылымдар – барлық менталдық процестерге тән әмбебап элементтер. Адамның жады – өзара қиылысып жататын пропозиционалды ағаштар түріндегі аса ауқымды желі (сеть).
Реалия – белгілі бір ғана ұлттың өміріне, тұрмысына тән олардың материалдық, рухани мәдениеттерін және тарихи-әлеуметтік дамуын көрсететін сөздер мен сөз тіркестері.
Сема – мағынаның әртүрлі сөздердің мағыналарын өзара қатар қойғанда айқындалатын компоненті, дифференциал семантикалық белгі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет