Антропоөзектік парадигма көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті (Д. Исабеков шығармаларының негізінде)
«болам, берем, айтам, жүрем, түсінем, кеп қалар, оқып ем, білмейм» сынды етістіктер кездеседі. Автор үнемдеу әдісімен жасалған етістіктерді пайдалану арқылы кейіпкер тілінің шынайылығын, ауызекі сөйлеу стилінің белгілерін танытады. Себебі оқырманды сендіру үшін кейіпкер тіліне шынайылықты көрсететін тілдік бірлікті енгізу көркем мәтіннің прагматикасына қызмет етеді.
Бүгінгі таңда тіл түрлі аспектіде қарастырылып, зерттелу шеңбері кеңейе түсуде. Соғай орай жоғарыда айтып кеткеніміздей морфеманың фонологиялық құрылымын және фонеманың морфологиялық қызметін зерттейтін морфонология деген сала бар. «Морфонологияның зерттеу нысаны ретінде морфемалар жігіндегі дыбыстық алмасулар мен дыбысталудың түрлі нұсқалары танылады. Зерттеушілер морфонологияны фонетика мен морфологияны
жалғастырушы буын ретінде қарастырады, кейде морфологияның бір саласы деп таниды. Қазақ тіл білімінде морфема жігінде болатын дыбыстық өзгерістерді дыбыстық алмасу, қыстырма дыбыс қосу, ықшамдау деп үшке бөледі. Дауысты дыбыс редукциясы, дауыссыз дыбыстардың түсіріліп айтылуы, апакопа, гаплология құбылыстары морфонологияға жатады. Мысалы, ағайын,әкел,әпер,қарлығаш,бүгін,былтыр,сәресі,сексен. Дыбыстық алмасулар фонетикада қарастырылғанымен, олардың барлығы тек фонетикалық тұрғыдан түсіндіруге келмейді, себебі дыбыс өзгерістері морфемалар жігінде пайда болып, морфонологияның зерттеу нысаны болады» [146]. Осындай тілдік өзгерістерге ұшыраған тілдік бірліктер жазушы шығармаларынан орын алған. Мысалы: «Пашат мырза, ғасыр құрылысы салынатын бопты дегенді есітіп,жұмыс іздеген қазақтар осылай қарай ағылуда» [93]. «Естіп» сөзі құрамына тағы бір «і» дыбысының қосылуы арқылы морфонологиялық өзгеріске ұшырап тұр. Осылайша сөз ортасына дауыссыз дыбыс қосылып, эпентеза құбылысы болып тұр. Ал «осыуаққадейінекіойлыболыпкепедік»деген сөйлемде