Ақпараттың ең негізгі ерекшелігі


жағымды жақтарының бірі - оқытуды жекешелендіру



бет5/5
Дата23.06.2024
өлшемі28.28 Kb.
#502755
1   2   3   4   5
1 тапсырма

жағымды жақтарының бірі - оқытуды жекешелендіру болып табылады. Мұның жағымды жағымен қатар ең басты жағымсыз жағы – жекеше оқыту оқу үдерісінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы және оқушылардың өзара бір-бірімен арасындағы «тірі» байланысқа шектеу қойылуы, яғни байланыстың «компьютермен сұхбат» түрінде болуы. Бұл оқушы практикада жеткілікті түрде сұхбаттаса алмайды, кәсіби тілде өз ойын айта алмауына соқтырады. 
- Тағы бір жағымсыз жағы, білім берудің барлық түрлерінде әлеуметтік өзара іс-әрекет, өзара байланысу практикасының қысқаруы
Оқыту жүйесіндегі ақпараттан өз бетімен кәсіби іс-әрекетке, яғни оқулық, дисплей экранында және т.б. беттерінде білім беру түрінен - белгілік жүйеден прниципті түрде басқа логиканы, яғни белгілер жүйесін ұйымдастыру - практикалық әрекет жүйесіне өту қиындығын тудырады. Бұл алған білімді практикада қолдану, ал психология тілінде – ойлаудан әрекетке өту проблемасы, яғни классикалық проблема болып табылады,
- Тағы бір жағымсыз жағы, педагог пен оқушыға ақпаратты іздеу мен қолдануда берілетін еркіндік деп айтуға болады. Бұл оқушыны оқытылатын материалдың әр түрлі сәйкессіздігіне алып келеді. Оқу ақпаратын берудің сызықты емес құрылымы оқушыны ұсынылған сілтемемен, оқу материалының баяндалу шегінен шығып кетуіне жол береді.
Электрондық анықтамалықтар, энциклопедидар, Интернет-порталдар сияқты ақпараттандыру құралдарының көмегімен берілетін ақпараттар көлемі оқыту барысында оқушылардың назарын басқа мәселеге аударуы мүмкін. 
Адамның ақпаратты есте сақтау мүмкіндігі шектеулі, адам бірмезгілде жеті ойлау категориясын есте сақтап, оны қорыта алады. Оқушыға бір мезгілде әртүрлі типті ақпарат демонстрация жасалса, ол маңызды ақпаратты жіберіп алып, бір типті ақпаратпен шұғылданып кетуі мүмкін.
Көп жағдайда оқушылардың нақты тәжірибені қолымен жасап көру мүмкіндіктерін шектейді, ол оқыту нәтижесіне айтарлықтай әсер етеді.
Сонымен қатар көптеген ақпараттандыру құралдарын қолдану білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының денсаулығына кері әсерін тигізеді.

10. Қоғамды ақпараттандыру мен ақпараттық технологиялар арасында қандай байланыс бар?



Қоғамдық өмірге ақпараттық технологияны енгізудің «білім беру» бағыттары:
1. Ақпараттық қоғам жағдайында білім мазмұны мен қызметін, педагогикалық қызметтің формалары мен әдістерін өзгерту;
2. Ақпараттық технология мен ақпараттандыру құралдарының шығармашылық қабілеттер мен кәсби бағдардың дамуына жағымды әсері;
3. Ақпараттық технология тәрбиелеік әсері;
4. Білім беруде мультимедиа-технологияны қолдану мүмкіндіктерінің пайда болуы;
5. Ақпараттық қоғам жағдайында үздіксіз білім берудің болашақтағы дамуы;
6. Оқыту құралдарының электрондық моделінің жаппай қолдану және дамыту;
7. Қоғамның ақпараттық ресурстары негізінде дамыта оқытудың қалыптасуы
8. Қосымша білім беруге ақпараттық және телекоммуникациялық технолгияларды енгізу;
9. Ақпараттық қоғамда дәстүрлі және инновациялық оқыту тәсілдерінің мүмкіндіктерін үйлестіру;
10. Оқытушылардың оқыту үдерісінің барлық түрлерінде жұмыс істуге арналған ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;
11. Оқу мекемелерін басқарудың жаңа тәсілдерін жасау және педагогикалық еңбектің сапасын бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет