АҚпараттық хабарлама «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы»



Дата24.04.2016
өлшемі60.41 Kb.
#79762
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2015 жылдың 8 желтоқсан күні (Астана уақытымен) сағат 11.00 www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында облыстық коммуналдық меншік объектісі «Ақжайық» спорт клубы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы мемлекеттің 100% қатысу үлесін сату бойынша коммерциялық тендер өткізеді.

Коммерциялық тендер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген, Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып) (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

Коммерциялық тендерге БҚО, Орал қ., Т.Масин көшесі 65/1 мекен-жайында орналасқан «Ақжайық» спорт клубы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы мемлекеттің 100% қатысу үлесі (әрі қарай – Жекешелендіру объектісі) қойылады.

Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы: 53 320 000 (елу үш миллион үш жүз жиырма мың) теңге. Кепілді жарнасы – 7 998 000 (жеті миллион тоғыз жүз тоқсан сегіз мың) теңге.

Жекешелендіру объектісі бойынша коммерциялық тендер шарттары:

1. Қолданыстағы жарғыға сәйкес спорт клубтың қаржы-шаруашылық қызметінің іске асырылуы;

2. Допты хоккейді дамуы үшін жағдай жасау;

3. Спорттық ғимараттар мен Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы хоккей федерацияларының тиісті ережелерінің талаптарына стадионның сай болуы;

4. 25 жыл бойы клубтың негізгі қызмет түрінің сақталуы;

5. Елдегі экономикалық өзгерістерді ескере отырып, допты хоккейді дамыту үшін жылына 262 млн. теңгеден кем емес қаржы тарту (клубты қамтамсыз ету, жөндеу және күрделі жөндеуге кететін қаржы, команданың материалдық-техникалық қамсыздандырылуы);

6. Спорт саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша, «Ақжайық» спорт клубы» ЖШС қызметкерлерінің құрылымы мен штат санын құру;

7. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес, бүгігінгі күннің еңбекақысы мен үстемақысының деңгейін сақтау, сондай-ақ елдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді ескере отырып оларды көтеру;

8. Допты хоккей бойынша «Ақжайық» жасөспірімдер командасының Халықаралық және Республикалық жарыстарға даярлау және қатысу бойынша жыл сайын бекітілетін күнтізбелік жоспарына сәйкес, барлық турнирлер мен жарыстарға (Қазақстан Республикасының Кубогы мен Чемпионаты) міндетті түрде қатысуы;

9. Жоғарғы лига командалары арасында ашық Біріншілікке қатысуы міндетті, Қазақстан Республикасында аталған лига құрылғанға дейін;

10. Қазақстан Республикасының допты хоккей федерациясы «Ақжайық» командасын Қазақстан ұлттық құрамасы ретінде анықтаған жағдайда, ересектер арасында допты хоккейден әлем чемпионаты, қысқы Азия ойындары мен Универсиадада, жасөспірімдер арасында жыл сайынғы допты хоккейден әлем чемпионатында міндетті қатысуын қамтамасыз ету;

11. Қазақстан Республикасы атынан қатысатын «Ақжайық» командасы жыл сайын Ресей Федерациясының допты хоккейден Федерациясы бекітетін жоғарғы лига командалары және суперлигадағы жастар командалары арасында допты хоккейден Бүкілресейлік жарыстардың (Ресей Біріншілігі) ойын күнтізбесіне сәйкес, маусым ойындарына дейін оқу-жаттығу жиындарының міндетті түрде өткізілуі;

12. Қазақстан Республикасын атынан қатысатын «Ақжайық» командасы, жыл сайын Ресей Федерациясының допты хоккейден Федерациясы бекітетін жоғарғы лига командалары және суперлигадағы жастар командалары арасында допты хоккейден Бүкілресейлік жарыстардың (Ресей Біріншілігі) ойын күнтізбесіне сәйкес, маусым ойындарынан кейін қалпына келтіру жиындарының міндетті түрде өткізілуі;

13. Ойындар маусымына командалардың дайындығына талаптар:

а) «Ақжайық» допты хоккей командасының шеберлер тобы – 5 күн жаттығу, 1 күн моншаға бару;

б) «Ақжайық» допты хоккей командасының дайындық тобы – 5 күн жаттығу, 1 күн моншаға бару;

14. «Ақжайық» допты хоккей командасының (шеберлер тобы және дайындық тобы) команда дәрігерімен келiсе отырып, қажетті дәрі-дәрмек, таңу материалдарымен, жоғарғы санатты спортшылардың өмір сүру деңгейін қалпына келтіру үшін арналған әр түрлі дәрумендермен қамтамасыз ету;

15. Команданың ойыншыларын спорттық инвентарьмен міндетті түрде қамтамасыз ету;

16. Команданың маусымдық ойындарға мұз айдыны мен жаттығулар жүргізуге қажетті жағдаймен міндетті түрде қамтамасыз ету;

17. Аталған спорт түрін дамыту үшін, Қазақстан Республикасының бенди федерациясымен белгіленген талаптарды орындауға міндетті;

18. Үйдегі ойындар кезінде Ресей Федерациясы бенди федерациясымен белгіленген талаптарды орындауға міндетті:

а) қонақ командаларды қарсылау және орналастыру;

б) судьяларды қарсылау, тұруы және өтемақысын өтеу;

19. Мұз айдының халықаралық бенди (допты хоккей) федерациясымен белгіленген талаптарға міндетті түрде сәйкес келуі;

20. «Ақжайық» допты хоккей командасы жоғарғы лига командалары арасында Ресей ашық чемпионатында қатысу үшін міндетті түрде жарнаның төленуі;

21. Жұмыс берушінің есебінен қызметкерлерді (мамандар, жаттықтырушылар, спортшылар, хоккейшілер) оқыту және біліктілігін арттыру курстарына жіберуді қамтамасыз ету;

22. Әлем, Азия, Қазақстан Республикасы Чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында айрықша көрсеткіштерге жеткен Батыс Қазақстан облысының спортшыларын штаттық кестеге және еңбек шарттарына сәйкес еңбекақы төлеу түрінде материалдық қамтамасыздандыру;

23. Спортшылар мен қызметкерлер алдында кредиторлық қарыздың болмауы;

24. Қызметкерлер мен спортшыларды сақтандырумен қамтамасыз ету.

Аукционға немесе коммерциялық тендерге қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тегі, аты, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

4) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail).

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Коммерциялық тендерде қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-сы қойылған коммерциялық тендерге қатысуға өтінімді Тізілімнің веб-порталында тіркеу және кепілді жарна төлеуі қажет.

Коммерциялық тендерде қатысушылар мынадай құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса берумен өтінімді тіркейді:

1) мемлекетке тиесілі акцияларды сату кезінде – акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен (хабарламаның жариялану сәтінде) үзінді-көшірмелерді;

2) тендерге қатысушы қол қойған, тізілімнің веб-бетінде арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін тендерлік ұсыныс пен бағалық ұсынысты;

3) сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген сатып алушыға қойылатын ерекше шарттар мен қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса тіркейді.

Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариатта куәландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариатта расталған көшірмелерін ұсынады.

Кепілді жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына төленеді:

Кепілді жарнаны алушы– «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ;

Банк - «Казкоммерцбанк»;

ЖСК KZ529261501102032004;

БСК KZKOKZKX;

БСН 050540004455;

КБе 16,

КНП 171;


төлемнің белгіленуі – коммерциялық тендерге қатысу үшін кепілді жарна (банк қызметтері үшін төлемдер кепілді жарнаның мөлшеріне кірмейді).

Коммерциялық тендерге қатысуға арналған өтінімдерді ашу, осы хабарламада көрсетілген, сауда-саттық күні мен уақыты болған кезде, автоматты түрде тізілімнің веб-порталында жүргізіледі. 

Ұсынысы жекешелендiру объектiсi үшiн бiршама жоғары мәнге ие болған және тендердiң шарттарын қанағаттандырған қатысушы тендердiң жеңiмпазы деп жарияланады.

Аукционның немесе коммерциялық тендердің жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариатта куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

Коммерциялық тендердің жеңімпазы сатушыға сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге тіркелген құжаттардың тұпнұсқаларын не нотариатта куәландырылған көшiрмелерін ұсынады.



Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Сауда-саттық ұйымдастырушының мекенжайы және телефоны: БҚО, Орал қ., Ж. Досмұхамедов көшесі, 45, 301 кабинет, 8(7112)-50-50-65, 8(7112)-50-65-78.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет