Ақпараттық хат Қоғамдық өмірдің өзекті мәселелерін саралап зерттеуге арналған және жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде қызмет жасап, ғылымды дамытуға өзіндік үлестерін қосып жүрген



Дата03.03.2016
өлшемі22.02 Kb.
Ақпараттық хат
Қоғамдық өмірдің өзекті мәселелерін саралап зерттеуге арналған және жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде қызмет жасап, ғылымды дамытуға өзіндік үлестерін қосып жүрген, әлемдік деңгейдегі кешенді ғылыми мәселелерді зерттеуші ғалымдардың ғылыми-зерттеу мақалаларының үздік үлгілерін жариялап, шет елдерге насихаттау мақсатында “Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана” халықаралық ғылыми журналы жарыққа шығуда (Мемл. тіркеу: №9875-Ж 09.02.2009 ж. Халықаралық тіркеу: ISSN 2073 – 333Х, Париж,наурыз, 2009 ж.).

Журналдағы материалдар қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, қытай, түрік, араб, парсы және ТМД халықтары тілдерінде жарияланады.

«Қазақстанның ғылымы мен өмірі» журналына мақала электрондық қалыпта және 1 дана қағазда басылған түрде ұсынылады. Мақалаға қойылатын талаптар:


  1. Мақала А-4 форматта сол жағынан 30 мм, жоғары, төменгі және оң жағынан – 20 мм қалдырылып, WORD редакторында, “Times New Roman”, “ Times New Roman KZ” және тағы басқа тілдерге сәйкес қаріптерде (шрифт) терілуі тиіс, қаріп өлшемі – 14, жол аралығы (интервал) – 1.

  2. Мақаланың рәсімделу тәртібі: мақала тақырыбы бас әріппен, бір қатардан соң автор(лар) туралы толық мәлімет (аты-жөні, ғылыми атақ-дәрежесі, қызмет орны, мансабы, E-mail, факс, телефон, мекен-жайы) және негізгі мәтін бір қатар тасталып жазылады.

  3. Мемлекеттік тілде жазылған мақалаларға орыс, ағылшын тілінде, орыс тілінде жазылғандарға қазақ, ағылшын тілдерінде, ал басқа тілдерде жазылған мақалаларға қазақ және орыс тілдерінде мақаланың мазмұнын толық көрсететін түйін-резюме-summary берілуі керек.

  4. Сілтеме жасалған әдебиеттердің тік жақшада рет саны бойынша беттері көрсетіліп, тізімі мақаланың соңында беріледі.

  5. Материал көлемі суреттерді қосқанда 5 беттен кем, 10 беттен аспауы керек.

Мақалада келтірілген деректер мен дереккөздердің, дәйектемелердің нақтылығы мен дұрыстығына редакция жауап бермейді. Журнал талабына сай келмейтін мақалар жарияланбайды және авторға қайтарылмайды. Редакция алқасы мақалалардың сапасына қарай іріктеуді өз құзырына қалдырады.

Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстанажурналына жазылу “Қазпошта” арқылы жүргізіледі. Индекс: 74191. Журнал екі айда бір рет шығады.

Жазылу бағасы: 6 айға – 2489 теңге.1 жылға – 4978 теңге

Журнал редакциясының мекен-жайы:

Алматы қ., Абылай хан даңғ., 113-үй, 27-пәтер; әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, заң факультеті, 417-бөлме, т.: 3773333 (ішкі 1242); бас редактор +7701 111 88 28, ғылыми редактор: А.А. Бейсенқұлов +77017555029; тех. хатшы: Б.А. Нұғыманова +77011888354;

E-mail: doctor.u@mail.ru, nauka.i.zhiznkaz@mail.ru, www.nauka-zan.kz



Реквизиттер: г. АЛМАТЫ, ул. АЙТЕКЕ БИ, 55

АО «БТА БАНК», Алматинский филиал; Коррсчет № 300166019 в УПС НацБанка

БИК 190501306, РНН 600900513079, ОКПО 096000190902

ТОО «Международный центр научных исследований и правовой экспертизы РК»



РНН: 600700610802, КБЕ: 17; Р/с: 971467553 KZT


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет