Бағдарламаға енгізілген диаграмманң жалпы көрінісі
Excel құжатын басып шығару
Жұмыс парағы немесе жұмыс кітабындағы ақпаратты ортақ пайдалану амалдарының бірі - өзге адамдар қарап шыға алу үшін көшірмелерді басын шығару.
Басып шығаруға жіберудің ең оңай тәсілі – Стандартты құралдар үстеліндегі Басып шығару батырмасын басу керек. Бірақ бұлай істегенде қағазда күтпеген нәтиже шығуы мүмкін.
Қағазға басып шығарар алдында бер параметрлері дұрыс бапталғанына көз жеткізіп, алдын ала қарап алу керек.
Файл Бет өлшемдері әмірін таңдап, баптау терезесін ашамыз да, Жақтау жолақ өрісіндегі беттегі жақтау жолақтарының мәндерін береміз.
Алдын ала қарап алу батырмасы
Осындай жағдайда, көрсетілген беттер санына орналастырылған кестеге қол жеткізе аламыз, бірақ басып шығарылған құжаттағы қаріп өлшемі монитор бетінде көрсетілген түпнұсқадан ерекшеленіп тұруы мүмкін.
Дәл осы әрекет үшін Стандартты құралдар үстеліндегі Алдын ала қарап алу батырмасын да қолдануға болады.Кейбір жағдайларда, алдын ала қарап алу үшін бірнеше бетті көрсету керек болады, беттің бөліктерін көрсету режимін қолданған ыңғайлы болады. Бұл үшін Көрініс –Бет үзілімдерін алдын ала қарап алу әмірін орындау қажет.
Қалыпты режимдегі кесте
Бет кесімдерін алдын ала қарап алу режимі
Барлығы көңілге қонымды болса, онда басып шығаруға кірісе беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |