Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздерін меңгеру пәнінен модульді бағдарламаның ОҚУ-Әдістемелік кешені //І курс// //48 сағат// Дайындаған: Құнапия Н.Қ 2021-2022 оқу жылы «келісілді»



бет22/106
Дата15.01.2022
өлшемі1.47 Mb.
#454595
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   106
УМК Кәсіби АКТ1

Суреттерді ерекшелеу

Геометриялық элементті ерекшелеу үшін, ол элементті тышқанмен шерту керек. Осыдан кейін ерекшеленген элемент айналасында оның өлшемдерін өзгертуге мүмкіндік беретін кішкене сегіз тіктөртбұрышпен қоршалған жақтау (рамка) пайда болады.

Суретті салу барысында олардың түстерін бір мезгілде өзгерту үшін бірден бірнеше геометриялық элементтерді ерекшелеу қажет болуы ықтимал. Ол үшін, төменгі Сурет салу (Рисование) аспаптар тақтасындағы тілсызық бейнесі бар батырманы басып, қажетті элементтерді қамтитын тіктөртбұрыш салу керек. Элементтерді біртіндеп таңдап та алуға болады. Ол үшін бірінші қажетті элементті тышқанмен шертіп, осыдан кейін Shift жібермей ұстап тұрып, келесі элементтердің де әрқайсысын тышқанмен шертіп отыру керек. Егер де таңдап алынғандардың ішінен бір элементті алып тастау қажет болса, Shift пернесін басып тұрып, осы элементті тышқанмен тағы да бір рет шертсе болғаны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет