Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздерін меңгеру пәнінен модульді бағдарламаның ОҚУ-Әдістемелік кешені //І курс// //48 сағат// Дайындаған: Құнапия Н.Қ 2021-2022 оқу жылы «келісілді»


Графиктерді орналастыру принциптері



бет20/106
Дата15.01.2022
өлшемі1.47 Mb.
#454595
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   106
УМК Кәсіби АКТ1

Графиктерді орналастыру принциптері

Word сырттан алынған графикті мәтін элементі ретінде орналастырады, яғни оны басқа шамадағы мәтіндік символ ретінде қарастырады. График бастапқы даярланған кездегі мөлшерімен мәтінге кірістіріледі. Егер график мөлшері мәтін жолағының мөлшерінен асып кетсе, онда кескін сол мәтін жолағына сай масштабталады. Графикті кірістіру кезінде кескіндерді орналастыру мәтін жолдары автоматты түрде ығыстырылады. Құрамында график бар мәтінді жаңа жолға қосу кезінде сурет мәтінмен бірге төмен-жоғары және оңға-солға орын ауыстыратын болады.

Графиктік элементті ерекшелеу үшін, оның кез келген нүктесінде тышқанды шертсе жеткілікті, сонда график шекаралары бойымен кішкене квадраттар пайда болады. Мәтін ішіндегі ерекшеленген графикке басқа элементтер сияқты түрлі-түрлі өңдеу істерін жүргізуге болады.

Графикті мәтін жолдарына ыңғайлы түрде орналастыру үшін, оны кадр ішіне ауыстыру керек. Ол үшін алдымен графикті ерекшелейміз де Кірістіру Кадр (Вставка Кадр) командасын орындаймыз. Нәтижесінде ішінде ерекшеленген графигі бар кадр даярланады. Егер кадрда тек сурет қана болса, онда кадр мөлшері сол сурет мөлшерімен анықталады: сурет масштабын өзгерту арқылы кадр мөлшерін өзгерте аламыз.

Кадрды ыңғайлы орналастыра отырып суретті мәтін бетінің кез келген жеріне жайғастыруға болады. Алдын ала анықталған келісім бойынша мәтін ішінде графиктің алғашқы көшірмесі тұрады. Жұмыс істеу процесінде алғашқы файл өзгергенмен, мәтін ішіне орналастырылған кескін өзгеріссіз сақталады.

Құжатта орналастырылған графикті жаңарту мүмкіндігіне қол жеткізу үшін кескінді мәтінге ендіру кезінде Байланыстар (Связи) опциясын тағайындау қажет. Өкінішке орай, құжатқа бұрын орналастырылған суреттер үшін «бастапқы файл - сурет» байланысын тағайындау қарастырылмаған.

Графикті түпнұсқасына байланысты жаңартып отыру үшін, алдымен оны ерекшелеп, сосын Түзету Байланыстар (Правка Связи) командасын орындау керек. Сол кезде пайда болатын терезеде түпнұсқамен байланысты анықтайтын жол ерекшеленеді. Осы сәтте Қазір жаңарту (Обновить сейчас) командасын орындау арқылы байланыс орнатылады. Осы терезеде бір суретті басқа суретпен ауыстыруға болады, ол үшін алғашқы нұсқаны өзгерту операциясын орындау қажет, сонда мәтінде бұрынғының орнына жаңа сурет қойылатын болады.

Әдетте баспаға шығару алдында құжаттың өзгерістері мен байланыстыратын автоматты түрде жаңарту ісі баспа опцияларында тағайындалады. Сондықтан мәтін принтерге басылған сайын график те жаңарып отырады.

Кейде мәтін ішіне сурет көшірмесін орналастырмаса да болады (тек сыртқы нұсқамен байланыс орнатылады), осының есебінен мәтіндік файлдың мөлшерін кішірейтуге болады, бірақ бұл режим мәтінді оқу кезінде суретті сырттан енгізу қажеттілігіне байланысты қарап шығу жылдамдығын өте баяулатып жібереді. Сондай-ақ мәтіндер арасында мәлімет алмасу барысында сурет түпнұсқасы файлын да мәтінмен бірге жеткізу керектігі жайлы ойланған жөн.

Графиктік элементтерді редактордың өз мүмкіндіктерімен де дайындауға болады. Word-та сызықтарды, тұйық аймақтарды (толтырылған немесе іші бос), ішіне мәтін орналасқан төртбұрыштарды (рамка) т.б. салуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет