«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» салалық біліктілік шеңбері Жалпы ережелер «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»


«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» салалық біліктілік шеңбері



бет2/2
Дата17.06.2016
өлшемі293 Kb.
#143163
1   2

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» салалық біліктілік шеңбері


БҰШ

деңгейі


СБШ деңгейі

Кәсіби қызмет саласы:

3.1 Компьютерлік бағдарламалау, кеңес беру және басқа ілеспелі қызметтер. Бағдарламалық қамтамасыз етуді шығару.



Жеке және кәсіби құзыреттіліктерге қойылатын талаптар

Іскерлікке және машықтарға қойылатын талаптар



Білімге қойылатын талаптар

1

11

-

-

-

2

21

Ақпараттық-коммуникациялық жабдықты сүйемелдеу және қызмет көрсету барысында шектеулі жауапкершілікті және өздігімен жұмыс істеудің белгілі бір дәрежесін ұйғаратын басшылық қарауында нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық қызмет.

Қарапайым тапсырмаларды орындау нәтижелері үшін, өзінің қауіпсіздігі, өзгелердің қауіпсіздігі үшін, қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптардың орындалуы үшін жауапкершілік көтеру. Топта жұмыс істей білу – топтық жұмыс процесіне белсенді қатысу.

Бірінші біліктілік деңгейіндегі қызметшілер үшін алдын ала әзірленген, ағымдық кезеңде орындалатын алгоритмдер аясында қарапайым іс-қимылдар орындауға тапсырмалар қалыптастыру.


Нұсқаулық негізінде жұмыс істеу тәсілін таңдайды және күрделі емес практикалық тапсырмаларды орындайды, өзін-өзі бақылау дағдыларын көрсетеді және қарапайым өндірістік жағдайлардағы әрекет түрлерін өздігінен түзету жұмыстарының тәсілдерін таңдайды.

Бірінші біліктілік деңгейіндегі қызметкерлерге тапсырмалар беру және олардың орындалуын бақылау. Өз әрекеттері мен бірінші біліктілік деңгейіндегі қызметкерлердің атқарылуға тиісті жұмыс алгоритмі негізіндегі әрекеттерін үйлестіру. Дайындалған реттеуші шешімдерді жоғары тұрған деңгейдегі қызметкерлер құрамымен орындауды келісу.



Еңбек пәні, қарапайым үлгілі міндеттерді орындауда нәтижелерге қол жеткізу құралдары мен тәсілдері туралы, атқарушылық қызмет рефлексиясы туралы негізгі білім. Заттар мен еңбек құралдарының жағдайы туралы алғашқы ақпаратты жинау және осы ақпаратты тапсырмаға және/немесе жұмыстардың орындалатын алгоритміне сәйкес параллельді немесе бақылаушы деңгейге беру.

3

31

Қойылған тапсырмаларды орындау үшін дербес жауапкершілікті және құрылымданған, болжанатын ортада шектеулі тәуелсіздікті ұйғаратын басшылық қарауында нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық қызмет.

Кәсіби ортада жаңалықты дұрыс қабылдай алу, оқуға қабілеттілік, соңғы нәтижеге көзделу. Өз жұмысын жеке немесе топта мақсатты ұйымдастырудың дамыған қабілеті.

Өздігінен әрекет ету – берілген тапсырманың жұмысын шешу жолдарын өздігімен табу; Кәсібилілік – қойылған міндеттерді шешу үшін кәсіби әрекет ете білу. Орындалған жұмыстардың нәтижесі үшін, өзінің қауіпсіздігі, өзгелердің қауіпсіздігі үшін, қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптардың орындалуы үшін жауапкершілік көтеру.


Бағдарламалаудың және бағдарламалық кодты тестілеудің негізгі машықтарын көрсетеді, алынған білімді тәжірибеде қолдана білу, техникалық құжаттаманы оқи білу, қойылған міндет үшін алгоритмді іске асыра білу.

Базалық деңгейде бағдарламалау тілдерінің бірін, деректерді өңдеудің негізгі алгоритмдерін білу. БҚ-ны әзірлеудің өмірлік циклы, оны тестілеудің теориясы туралы жалпы білім.

4

41

Белгіленген қызметтерді іске асыру барысында жеткізілген нәтиже үшін жауапкершілікті көздейтін ортада басшылықтың жалпы қарауында нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық қызмет; қойылған мақсатты ескере отырып, өздігімен жоспарлау және құрылымданған, болжамсыздықтың азғана ықтималдылығына ие ортада туындайтын мәселелерді шеше білу.

Қойылған міндеттерді өздігімен шешу.



Қарапайым әдістер мен ақпараттарды пайдалану негізінде мақсаттар мен міндеттерді шешуге қажетті тәжірибелік машықтары мен іскерлігінің кең ауқымды жиынтығын көрсетеді.

Тиісті шараларды анықтау мақсатында белгілі бір рәсімдер мен тәжірибелер шеңберінде жағдайды бағалай алады.



Кәсіби қызмет саласындағы тәжірибелік және теориялық білімдер. Кәсіби міндеттерді қою барысында және шешу кезінде оған қажетті әдістер, қағидаттар мен тәсілдер туралы білім.

5

51

Жағдайды немесе ақпаратты талдау әр түрлі факторларды терең бағалауды талап ететін күрделі міндеттермен жұмыс жүргізуді ұйғаратын технологиялық процес учаскесі шеңберіндегі атқарушылық-басқарушылық қызмет, сондай-ақ құрылымданған болжамсыз ортадағы нақты учаскеде болатын нәтиже үшін жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді басқару.

Ауызша және жазбаша коммуникацияға дамыған қабілеттілік.



Заманауи ой-қабілет машықтарының, жобалау тобының ішінде жұмыс істей білу машықтарының кең жиынтығын көрсетеді, жұмыс процесін басқара білу, логикалық, жүйелік және бірізді тәсілдерді қолдана отырып, мәселелерге шешім таба білу.

Адамдарды оқыта білу және нұсқау бере білу, басқа адамдарда жаңа білім мен тәжірибе алу тілегін тудыра білу.



Кәсіби жағдайларды жүйелі талдау және жобалау әдістемесі, басқарушылық шешімдер қабылдау тәсілдері, ұжым мен топ құру туралы білім.

Жұмыстың белгілі бір саласы шеңберіндегі терең мамандандырылған тәжірибелік және теориялық білімдер.



6


61

Жағдайды немесе ақпаратты талдау әр түрлі факторларды терең бағалауды талап ететін күрделі міндеттермен жұмыс жүргізуді ұйғаратын кәсіпорын қызметі стратегиясының шеңберінде атқарушылық-басқарушылық қызмет, сондай-ақ құрылымданған болжамсыз ортадағы нақты учаскеде болатын нәтиже үшін жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді басқару.

Техникалық салада терең білім мен машықтарды көрсете білудің дамыған қабілеті. Көшбасшылық танытады және топ жұмысының нәтижелілігі үшін, оның болжамсыз ортада дамуы үшін жауап береді.



Жұмыс процесін басқару машықтарының жиынтығын көрсетеді, нәтижелер алу үшін бағалаудың әдістерін, әдістемесі мен критерийлерін таңдай білу, құзыреттерді бөліп тарату және құқық беру, тиімді топтар қалыптастыра білу, сондай-ақ өндірістік процес барысында шешім қабылдай білу.

Күрделі әлеуметтік және кәсіптік жағдайларда бірлескен талдау жасау, жобалау және шешім қабылдау әдістемесі туралы білу, қатынас және көзқарастарды келістіру тәсілдерін, талдамалы және жобалық құжаттаманы рәсімдеуді және оны көрсете білу.


62

Құрылымданған болжамсыз ортада өз қызметі үшін және топ жұмысының нәтижелігі үшін жауапкершілік қабылдаумен топты немесе бөлімше деңгейінде басшылық етуді ұйғаратын кәсіпорын қызметінің стратегиясы аясындағы басқарушылық қызмет.

Нақты жағдайға байланысты қарым-қатынас машықтарын қолданудың дамыған қабілеті.



Жоспарлау, міндеттер қою және тарату, еңбек сыйылымдығын бағалау, топ қалыптастыру, қатынастарды ұйымдастыру және көзқарастарды келістіру, анықталмағандығы жоғары деңгейдегі кәсіби жағдайларда шешім қабылдау машықтарын көрсетеді.

Топтың дұрыс бағытта дамуын, ынталандыруды және жұмысын қамтамасыз ету үшін тұлғааралық қарым-қатынастың қажетті әдістері мен стильдерін қолданады.

Нәтижелер үшін бағалау әдістерін, әдістемелерін және критерийлерін таңдай алады.


БҚ-ны әзірлеу әдістемесін, БҚ-ны тестілеу қағидаттары мен құралдарын, жобалау менеджментін, қызмет көрсетуді басқаруды білу.

Күрделі әлеуметтік және кәсіптік жағдайларда бірлескен талдау жасау, жобалау және шешім қабылдау әдістемесі туралы білу, қатынас және көзқарастарды келістіру тәсілдерін, талдамалы және жобалық құжаттаманы рәсімдеуді және оны көрсете білу.



7


71

Қосымшалардың, БҚ мен бизнес-логиканың сәулетін жобалауды ұйғаратын атқарушылық-басқарушылық қызмет, сондай-ақ құрылымданбаған болжамсыз ортада бөлімше деңгейінде өнімді, техникалық сәулетті немесе технологияны дамытудың стратегиялық бағыттары үшін толық жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлердің жұмысына басшылық ету.

Жүйенің, техникалық интерфейстердің сәулетін жобалау/үлгілеу машықтарын көрсетеді, тұжырымдама негіздемелерін қалыптастыра білу және оларды көрсете білу, күрделі техникалық мәселелер үшін сараптамалар жүргізу және қызметтілік бойынша неғұрлым оңтайлы сәулеттік шешімдерді енгізуді қамтамасыз ету.

Тұжырымдамаларды, стратегияларды, қызметтің және өзара іс-қимылдың қызметтік үлгілерін, міндеттер мен мәселелер қою және оларды жүйелік шешу әдістерін құрастыру әдістемесі туралы білу.

БҚ-ны жобалау әдістемесін, бағдарламалық қосымшалардың сәулетін, заманауи аппараттық қамтамасыз етуді, дамушы технологияларды білу.



72

Бөлімше қызметінің стратегиясын анықтауды ұйғаратын ұйым немесе бөлімше деңгейіндегі нәтиже үшін жауапкершілікті қабылдайтын ұйым немесе құрылымданбаған болжамсыз ортадағы ұйым қызметінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет.

Басқарудың нақты объектісі қызмет етуінің мүмкін болатын нұсқаларын жүйелі және кешенді түсінудің дамыған қабілеті, осы нұсқалардың туындау уақытын және ықтималдылығын, сондай-ақ олардың әрекет ету ұзақтылығын анық бағалау.



Нарық үрдістеріне қарай отырып, ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау машықтарын көрсетеді. Бизнес ортадағы өзгерістерді жорамалдап, өз бөлімшесі дамуының стратегиялық бағытын анықтай білу.

Жобалау қызметінің өмірлік циклын, бағдарламалық өнімдерді әзірлеу ережелерін, компанияның негізгі бизнес-процестерін, қызметшілерді басқару негіздерін, өндірісті, менеджментті, басқару психологиясын, ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін білу.

8

82

Болжамсыз және құрылымданбаған орта шартындағы ірі институционалдық құрылым деңгейінде шешім мен жауапкершілікті қабылдай отырып, процесті және қызметті басқару стратегиясын анықтауды ұйғаратын басқарушылық қызмет.

Өзгерістерді басқарудың, анықсыздық жағдайларында жұмыс істеудің, күрделі шешімдерді, сондай-ақ деректердің жеткіліксіздігі жағдайындағы шешімдерді жылдам қабылдаудың дамыған қабілеті, көшбасшылықты үнемі көрсету.



Кәсіпорын қызметінің, өзгеріс пен болжамсыздық стратегиясын әзірлеу машықтарын көрсетеді, ынталандырудағы шығынсыз және сапа үшін зарасыз ұзақ мерзімді және көп еңбекті міндеттерді орындау, әр текті ақпаратты талдау, тәуекелдерді бағдарлау қабілеті. Әр түрлі деңгейдегі топтарды қалыптастырып, дамыта алады.

Кәсіптік қызмет, сондай-ақ қаржы, маркетинг, халықаралық нарық саласындағы ең терең және толық білім.

Ескертпе: 1 – басқарушылық қызметпен байланысты мамандықтар;



2 – өндірістік қызметпен байланысты ммандықтар.


БҰШ деңгейі

СБШ деңгейі

Кәсіби қызмет саласы:

3.2 Компьютерлердің, электрондық және оптикалық өнімнің өндірісі, ақпараттық және коммуникациялық жабдықты көтерме саудада сату, компьютерлерді және байланыс жабдықтарын жөндеу.



Жеке және кәсіби құзыреттіліктерге қойылатын талаптар

Іскерлікке және машықтарға қойылатын талаптар

Білімге қойылатын талаптар

1

1

Күрделі емес жабдықты құрастыруға және бөлшектеу дайындағанда қарапайым қызметтерді іске асыру бойынша тікелей басшылықтағы атқарушылық әрекеттер. Әрекеттердің кеңістікті-уақытша, физиологиялық немесе қызметтік сипаттамаларын анықтайтын жұмыс беруші алдын ала белгілеген критерийлермен өз әрекеттерін салыстыра отырып, жұмыс беруші алдын ала әзірлеген алгоритмдер бойынша қарапайым әрекеттер орындау.

Үлгілі күрделі емес тәжірибелік тапсырмаларды тыңдайды, түсінеді және орындайды, өзін өзі қадағалау және өзін өзі тәртіптеу машықтарын көрсетеді.

Еңбектің жалпы техникалық, өртке қарсы, арнайы және экологиялық қауіпсіздігін анықтайтын ережелердің нормативтері мен талаптарына сәйкес өз әрекеттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өзі бақылайды.



Еңбек мәні, оны түрлендіру процесі және тиісті атқарушылық әрекеттер циклы туралы негізгі білім.

Заттар мен еңбек құралдарының жағдайы туралы алғашқы ақпаратты жинау және осы ақпаратты тапсырмаға және/немесе жұмыстардың орындалатын алгоритміне сәйкес қатар немесе бақылаушы деңгейге беру.



2

2

Технологиялық жабдықтардың күрделі емес жекелеген тораптарын өндіру, құрастыру және бөлшектеу кезінде шектеулі жауапкершілік пен дербестіліктің белгілі бір дәрежесін көздейтін басшылықпен нормаларды іске асыру жөніндегі атқарушылық қызмет.

Қашықтықтан автоматтандырылған басқару және/немесе бақылаудың жергілікті құралдарын (жүйелерін) қолданумен қарапайым іс-қимылды орындау; бірінші біліктілік деңгейінің персоналы үшін алгоритмдердің ағымдағы сәтінде орындалатын бұрын әзірлегендер шеңберінде қарапайым іс-қимылдарды орындауға тапсырмалар жасау.



Нұсқаулықтар негізінде жұмыстардың тәсілін таңдайды және күрделі емес практикалық тапсырмалар орындайды, жай өндірістік жағдайларда өзін-өзі бақылау және өзін-өзі түзету дағдыларын көрсетеді. Персоналға бірінші деңгейдегі тапсырмаларды беру және олардың орындалуын бақылау. Жұмыстардың орындалатын алгоритмі шеңберінде өз іс-қимылын және персоналды үйлестіру. Жоғары деңгейдегі персоналмен дайындалған реттеуші шешімдердің орындалуын келісу.

Еңбек пәні, қарапайым үлгілі міндеттерді орындауда нәтижелерге қол жеткізу құралдары мен тәсілдері туралы, атқарушылық қызмет рефлексиясы туралы негізгі білім. Заттар мен еңбек құралдарының жағдайы туралы алғашқы ақпаратты жинау және осы ақпаратты тапсырмаға және/немесе жұмыстардың орындалатын алгоритміне сәйкес қатар немесе бақылаушы деңгейге беру.

3

3

Өздігімен жоспарлауды көздейтін басшылық нормаларын іске асыру жөніндегі атқарушылық қызмет, жабдықтарды құрастырғаны, бөлшектегені және өндіргені үшін жауапкершілік.

Технологиялық режимдердің белгіленген параметрлерін, қауіпсіздік талаптарын және жүйелер мен қондырғыларды жұмыс істеу үнемділігін қоллдауды қамтамасыз ететін реттеуші әсерлер бойынша шешімдер қабылдау. Осы әсерлердің баламалылығы мен жеткіліктілігін, технологиялық режимнің жағдайын және қауіпсіздік талаптарын анықтау.

Өздігінен әрекет ету – берілген тапсырманың жұмысын шешу жолдарын өздігімен табу; Кәсібилілік – қойылған міндеттерді шешу үшін кәсіби әрекет ете білу. Орындалған жұмыстардың нәтижесі үшін, өзінің қауіпсіздігі, өзгелердің қауіпсіздігі үшін, қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптардың орындалуы үшін жауапкершілік көтеру.


Өзін-өзі бағалау, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын көрсетеді. Қойылған норманың орындалу тәсілін, еңбек мәні мен құралын дербес анықтайды.

Жұмыстардың орындалатын алгоритмі шеңберінде бірінші және екінші деңгейдегі өз іс-қимылын және персоналдың іс-қимылын үйлестіру. Өз іс-қимылын анықталған тапсырмалар мен жұмыстардың орындалатын алгоритмі шеңберінде қоса жұмыс істейтін қызметкерлермен үйлестіру.



Затты қайта жасау, еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру, кәсіби қызметтің үлгілік жағдайларында міндеттерді дербес орындау технологиялары туралы білім.

Жұмыс орны үшін белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу.

Бірінші және екінші біліктілік деңгейлерінің персоналы үшін технологиялық режимдерді жүргізу шеңберінде өндірістік тапсырмаларды қалыптастыру.

Заттар мен еңбек құралдарының жағдайы туралы алғашқы ақпаратты жинау және осы ақпаратты ұйымдық-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес қатар немесе бақылаушы деңгейге беру.



4

4

Міндеттердің дербес айқындалуын, ұйымдастырылуын және қарамағындағы қызметкерлерге нормаларды іске асыруды бақылауды көздейтін басшылықпен нормалардың іске асырылуы жөніндегі атқарушылық-басқарушылық қызмет, күрделі жабдықтарды құрастыру, бөлшектеу және өндіру кезіндегі жауапкершілік.

Осы талдаудың теріс нәтижелері жағдайларында болуы мүмкін реттеуші әсерлер бойынша шешімдерді озық қабылдау мақсатында жұмыс күні ішінде жұмыс орнына бекітілген техникалық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің технологиялық режимдері мен талаптары жағдайларын талдау.

Жұмыс күні ішінде бірінші, екінші және үшінші деңгейлердегі жұмыс орнына бекітілген қызмет көрсетудің барлық аймақтарының технологиялық режимдерін жүргізу тапсырмаларын жоспарлау, қалыптастыру және қызметті бақылау


Өзін-өзі анықтау және өзін-өзі нормалау машықтарын көрсетеді. Алған тапсырмаларын нақтылайды, қарамағындағыларға міндеттер қояды, қызмет нәтижелерін бағалайды, білімі мен машығының жетіспейтіндігін айқындайды, қызметкерлердің кәсібилігін арттыруды ынталандырады.

Жұмыс күні ішінде бірінші, екінші және үшінші деңгейлердегі персонал қызметінің табыстылығын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау.

Жұмыс орны үшін белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу.


Кәсіби міндеттерді қою және шешу тәсілдері, қағидаттары мен амалдары туралы, этика және қарым-қатынас психологиясы, ойлау және қызмет рефлексиясы, уәждеу және еңбекті ынталандыру тәсілдері туралы білімінің болуы.

Қызмет көрсетілетін технологиялық процестер шеңберінде техникалық құжаттаманы әзірлеу.

Заттар мен еңбек құралдарының жағдайы туралы алғашқы ақпаратты жинау және осы ақпаратты ұйымдық-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес қатар немесе бақылаушы деңгейге беру.


5

5

Жабдықтарды өндіргені, құрастырғаны және бөлшектегені үшін жауапкершілікті көздейтін кәсіпорын қызметінің технологиялық процесі учаскесі мен стратегиясы шеңберінде басқарушылық қызмет.

Осы талдаудың теріс нәтижелері жағдайларында болуы мүмкін реттеуші әсерлер бойынша шешімдерді озық қабылдау мақсатында жұмыс күні ішінде жұмыс орнына бекітілген техникалық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің технологиялық режимдері мен талаптары жағдайларын талдау.

Жоғары деңгейдегі персонал жоспарлайтын іс-шараларды іске асыру бойынша жұмыс күні ішінде төртінші деңгейлі персоналдың тапсырмаларын жоспарлау, қалыптастыру және қызметін бақылау


Тапсырысты түсіну, жағдайды талдау, өзін-өзі талдау, шешімдер қабылдау және оларды іске асыруға жағдай жасау, басқарушылық және орындаушылық кәсіпқойлықты арттырудың алдын алатын командалық жұмыс контекстінде қызметті бақылау және түзету дағдыларын көрсетеді.

Төртінші деңгейдегі қызметкерлердің жұмыс күні ішінде табысты жұмысын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау.

Жұмыс орнына белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу.

Жоғары тұрған деңгейдегі қызметкерлер жасайтын тапсырмалар аясында инновациялық саясаттың жергілікті іс-шараларын іске асыру.



Ұжым және топ құру туралы басқарушылық шешімдерді қабылдаудың кәсіби ахуалдары, тәсілдерін жүйелі талдау және жобалау әдіснамасы туралы білімі болуы.

Заттар мен еңбек құралдарының жағдайы туралы алғашқы ақпаратты жинау және осы ақпаратты ұйымдық-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес қатар немесе бақылаушы деңгейге беру.

Қызмет көрсетілетін технологиялық процестер шеңберінде техникалық құжаттаманы әзірлеу және анықтау.


6

6

Жұмыстарды басқа учаскелермен келісуді көздейтін кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберінде басқарушылық қызмет, қызметкерлердің кәсібилігін арттырғаны, жабдықтарды жасағаны, құрастырғаны және бөлшектегені үшін жауапкершілік.

Кәсіпорын бөлімшесінде қолданылатын қауіпсіздік талаптары мен шарттарына технологиялар мен техникалық шешімдердің тиімділігі мен баламалылығын талдау және анықталған сәйкессіздіктерді реттеу.

Кәсіпорын бөлімшесінде қолданылатын технологиялық процестерді аппаратуралық ресімдеуді қауіпсіздік талаптары мен шарттарына техникалық сәйкестігі мен тиімділігіне талдау және анықталған сәйкессіздіктерді реттеу.



Екі ұштылықтың жоғары болуының әлеуметтік және кәсіби жағдайларында шешімдерді жобалау және қабылдау машықтарын, өзін-өзі басқару, коммуникацияны ұйымдастыру және көзқарасын келісу, нәтижелерді ресімдеу және таныстыру, қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді және техникалық құралдарды пайдалану мәдениетін көрсетеді.

Кәсіпорын бөлімшесі қызметшілерінің ақпараттық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру, ұйымның тиісті талаптары көлемінде қауіпсіз және тиімді пайдалану.

Қызметшілерді даярлаудың және жұмыстарды ұйымдастырудың қажетті деңгейі болғанда жоба шектері мен қауіпсіздік талаптарын сақтауда бұзушылықтарды болдырмайтын шарттарды сақтау.

Жұмыс күні ағымында бесінші деңгей қызметшілері қызметінің сәттілігін қамтамасыз ететін шарттар жасау.

Ойын ауызша түрде, мысалы, сарапшылар деңгейіндегі ғылыми-техникалық кеңестердегі және кеңестердегі талқылау түрінде ресімдей білетінін көрсетеді.


Күрделі әлеуметтік және кәсіптік жағдайларда бірлескен талдау жасау, жобалау және шешім қабылдау әдістемесі туралы білу, қатынас және көзқарастарды келістіру тәсілдерін, талдамалы және жобалау құжаттамасын рәсімдеуді және оны көрсете білу.

Кәсіпорынның ішкі стандарттарына, МемСТ-ға және басқа нормативтік құжаттарға сәйкес бағдарламаларды және жобалау құжаттарын әзірлеу саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарымен ұйымдастыру.

Дайындалған реттеуші шешімдерді орындауды жоғары деңгейдегі қызметшілермен келістіру.

Қызмет көрсетілетін процестер аясында техникалық құжаттаманы валидтеу және аккредиттеу.

Құрылымдық бөлімше қызметшілерінің қызметін ағымдық және перспективті айлық жоспарлау, жоспарланатын іс-шараларды әзірлеу және орындалуын ұйымдастыру.


7

7

Сала құрылымдарының жұмыс істеу және даму стратегиясын құруды, жеке бөлшектерді, жинақтауыштарды және жабдықтардың тораптарын өндіруді және сатуды көздейтін басқарушылық қызмет.

Лауазымдардың штаттық толтыруды олардың атқарып отырған тұлғалар біліктілігінің тиісті талаптарға сәйкестігін талдау.

Кәсіпорын басшылығының кадр саясаты шеңберінде түзету іс-қимылдары туралы шешімдер қабылдау.

Бөлімшедегі ұйымдастыру-өкімдік қызметті талдау. Реттеуші шешімдерді әзірлеу.

Бөлімшенің штат санын жобалық, салалық, ұйымдастыру құжаттамасы және жабдықтарды дайындаушы зауыттардың құжаттамасы негізінде бөлімше қызметінің нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларында персоналды және процестерді тиімді басқаруды қамтамасыз етуге сәйкестігін талдау.


Инновациялық әдістерді, қызметтің тұжырымдамалары мен стратегияларын құру әдістерін қолдана отырып проблемалық және өздігінен проблемаландыру дағдыларын көрсетеді.

Жұмыс күні ішінде алтыншы деңгей қызметшілері қызметінің табыстылығын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау.

Қызметшілерді даярлау және жұмыстарды ұйымдастырудың қажетті деңгейі болған жағдайда қауіпсіздіктің жобалау шектері мен жағдайларды сақтаудың бұзылуына жол бермейтін жағдайлар жасау.

Бөлімше немесе ұйым қызметін түзету.

Мақсат қоюды ғылыми негіздеу және әдістер мен оларға қол жеткізу құралдарын таңдау іскерліктері мен машықтары.


Тұжырымдамаларды, стратегияларды, қызметтің және өзара іс-қимылдың қызметтік үлгілерін, міндеттер мен мәселелер қою және оларды жүйелік шешу әдістерін құрастыру әдістемесі туралы білу.

Құрылымдық бөлімше қызметшілерінің қызметін ағымдық және перспективті айлық жоспарлау, жоспарланатын іс-шараларды әзірлеу және орындалуын ұйымдастыру.

Кәсіпорынның ішкі стандарттарына, МемСТ-ға және басқа нормативтік құжаттарға сәйкес бағдарламаларды және жобалау құжаттарын әзірлеу саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарымен ұйымдастыру.


8

8

Мемлекеттік деңгейдегі ірі институционалды құрылымдар саласын дамыту және олардың жұмыс істеуіне ықпал етуге негізделген басқарушылық қызмет, жабдықтарды монтаждау, демонтаждау, өндіріс үшін жауапкершілікте болу және жағдай жасауды ұйымдастыру.

Оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін басқару құрылымын әзірлеуге арналған бағыттылық қызметі мазмұнын анықтайтын алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сараптама жүргізу.

Жоспарланған іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асырылуын бақылауға алу.

Ұйымдастырушылық-белгілеу қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізу. Қажет болған жағдайда реттеуші шешімдер әзірлеу.

Бағынышты бөлімшелердің қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізу. Қажет болған жағдайда реттеуші шешімдердің орындалуын әзірлеу және ұйымдастыру.

Стратегияларды анықтау, күрделі әлеуметтік, өндірістік, ғылыми процестерді басқару. Сала, ел, халықаралық деңгейде нәтиже масштабына деген жауапкершілікте болу.

Маңызды деп табылатын көшбасшылық қасиеттерді көрсету, жаңашылдық және өзара байланысты факторлардың көпшілігімен байланысты жаңа контекстегі еңбек әрекетіне деген өздігінен әрекет ету жағдайларын көрсету. Жаңа және күрделі идеяларға сараптама жүргізу, бағалау және сиртездеу және осы процестер негізінде стратегиялық шешімдер қабылдау.

Күрделі жағдайларда стратегиялық шешім қабылдау мүмкіндіктері туралы операционалды әрекет ету тәжірибесін көрсету.

Мәртебесі жағынан тең дәрежелі мамандармен сыни сұхбат аясында тең дәрежеде сөйлесу.


Экологиялық және стратегиялық шешімдерді, логикалық әдістерді пайдалана отырып, өзара пайдалы шешімдерді қабылдай алу дағдысын, кәсіби қызмет және өзара әрекет модельдерін құру және жүзеге асыру әрекеттерін көрсетеді.

Жұмыс күні барысында жетінші деңгейлі қызметкерлер құрамы үшін табыстылықты қамтамасыз ететін жағдайлар жасау.

Персоналды даярлау және жұмыстарды ұйымдастырудың қажетті деңгейі болған жағдайда қауіпсіздіктің жобалау шектері мен жағдайларды сақтаудың бұзылуына жол бермейтін жағдайлар жасау.

Өкімдер беру, бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру саласында тапсырмаларды қалыптастыру және олардың орындалуын бақылау.

Жаңа білім мен жаңа шешімдер алуға жетелейтін жобаларды зерттеу, әзірлеу, іске асыру және бейімдеу; басқару және/немесе жаңашылдықтағы сыни проблемаларды шешу үшін талап етілетін және қазіргі білімін немесе кәсіби практикасын қайта қарауға және жаңартуға мүмкіндік беретін синтез бен бағалауды қоса алғанда, ең ілгері және мамандандырылған машықтар мен іскерліктер;

Идеяны тудыра, инновациялық қызмет нәтижелерін болжай, кәсіби және әлеуметтік салада кең ауқымды өзгерістерді жүзеге асыру, күрделі өндірістік және ғылыми процестерді басқара білу іскерлігі.



Қызметтің кооперативтік жүйелерін құру және өзара іс-қимылы, макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді модельдеу және басқару әдіснамасы туралы білім.

Кәсіпорынның ішкі стандарттарына, МемСТ-ға және басқа нормативтік құжаттарға сәйкес бағдарламаларды және жобалау құжаттарын әзірлеу саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарымен ұйымдастыру.





БҰШ деңгейі


СБШ деңгейі



Кәсіби қызмет саласы:

3. Байланыс



Жеке және кәсіби құзыреттіліктерге қойылатын талаптар

Іскерлікке және машықтарға қойылатын талаптар

Білімге қойылатын талаптар

1

11

Күрделі емес жабдықты орнатуға және бұзуға дайындау кезінде қарапайым функцияларды іске асыру бойынша тікелей басшылықпен орындаушылық іс-әрекеттер.

Үлгілік күрделі емес практикалық тапсырмаларды тыңдайды, түсінеді және орындайды, өзін-өзі қадағалау және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын көрсетеді.

Еңбек нысаны, оны қайта жасау процесі және тиісті орындаушылық іс-әрекеттердің циклі туралы базалық білім.

2

21

Байланыс құралдарының жабдықтарына пайдалану-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша әзірлеуші және қорытынды функцияларды орындауда шектелген жауапкершілікті және дербестіктің белгілі бір деңгейін көздейтін норманы іске асыру бойынша атқарушылық-басқарушылық қызмет.

Автоматтандырылған қашықтықтан басқару және/немесе бақылаудың локальды құралдарын (жүйелерін) қолданумен қарапайым іс-әрекеттерді орындау; Бірінші біліктілік деңгейіндегі қызметкерлер үшін алдын ала әзірленген, ағымдағы сәтте орындалатын алгоритм аясында қарапайым іс-әрекеттерді орындауға тапсырма қалыптастыру.

Жеке және заңды тұлғаларға сапалы және мәдени қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша әзірлеуші және қорытынды функцияларды орындауда шектелген жауапкершілікті және дербестіктің белгілі бір деңгейін көздейтін норманы іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет (пошта қызметкері үшін).


Нұсқаулықтардың негізінде жұмыс жасаудың әдісін таңдайды және қиын емес практикалық тапсырмаларды орындайды, қарапайым өндірістік жағдайларда өзін-өзі бақылау және іс-әрекетін өздігінен түзету дағдыларын көрсетеді. Бірінші деңгейдегі қызметкерлерге тапсырма беру және олардың орындалуын бақылау. Өзінің іс-әрекетін және орындайтын жұмыстарының алгоритмі аясында бірінші деңгейдегі қызметкерлердің іс-әрекетін үйлестіру. Әзірленген реттеуші шешімдердің орындалуын жоғары тұрған деңгейдегі қызметкерлермен келісу.

Еңбек нысаны, қарапайым үлгілік міндеттерді орындау кезінде нәтижеге жету құралдары мен әдістері туралы, орындаушылық қызмет рефлексиясы туралы базалық білім. Еңбек нысандары мен құралдарының жағдайы туралы бастапқы ақпарат жинау және осы ақпаратты тапсырмаға және/немесе орындалатын жұмыстың алгоритмдеріне сәйкес параллельді немесе бақылаушы деңгейге өткізу.


3

31

Өздігінен жоспарлауды, жабдықтарды профилактикалық тексеру, байланыс құралдарының жабдықтарына пайдалану-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша әзірлеуші және қорытынды функцияларды орындау кезінде, сондай-ақ техникалық тапсырманы талдау, жергілікті жерлерде іздеу жұмыстары кезінде, жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауда қойылған міндеттерді орындау үшін жауапкершілікті көздейтін норманы іске асыру бойынша атқарушылық-басқарушылық қызмет.

Жүйелер мен қондырғылардың технологиялық режимдерінің белгіленген параметрлерін, қауіпсіздік шарттары мен жұмыс істеуінің үнемділігін сақтауды қамтамасыз ететін реттеуші ықпал ету бойынша шешімдер қабылдау. Осы ықпал етудің технологиялық режим жағдайын және қауіпсіздік шарттарына сәйкестігін және жеткілікті болуын анықтау.

Өздігінен жоспарлауды, пошталық (пошта жіберілімдерін қабылдау, өңдеу) және өзге де қызметтерді көрсету бойынша қойылған міндеттерді орындау үшін жауапкершілікті көздейтін норманы іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет (пошта қызметкері үшін).

Нақты және үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету, пошта жібрелімдерін өңдеудің технологиялық процестерін ұйымдастыру, сеніп тапсырылған жабдықты жұмыс күйінде ұстау. Сеніп тапсырылған құндылықтардың, жабдықтардың және механизация құралдарының сақталуын қамтамасыз ету. Жұмыс орнында техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау.



Өзін-өзі бағалау, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын көрсетеді. Қойылған норманы орындаудың әдісін, еңбек ету негізі мен құралдарын өздігінен анықтайды.

Өзінің іс-әрекетін және орындайтын жұмыстарының алгоритмі аясында бірінші және екінші деңгейдегі қызметкерлердің іс-әрекетін үйлестіру. Тапсырмамен және орындайтын жұмыстарының алгоритмімен анықталатын шекте қоса жұмыс істейтін қызметкерлермен өзінің іс-әрекетін үйлестіру.



Затты технологиялық қайта жасау, еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру, кәсіби қызметтің үлгілік жағдайларында міндеттерді дербес орындау туралы білу.

Жұмыс орнына белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу.

Технологиялық режимдерді жүргізу аясында бірінші және екінші біліктілік деңгейіндегі қызметкерлерге өндірістік тапсырмалар жасау.

Технологиялық режимдердің және құрал-жабдықтардың жағдайы туралы ақпарат жинау және осы ақпаратты ұйымдастырушылық-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес параллельді немесе бақылаушы деңгейге өткізу.



4

41

Міндеттерді өздігінен анықтауды, бағынысты қызметкерлердің норманы іске асыруын ұйымдастыруды және бақылауды, ақпаратты сенімді және сапалы беру, қабылдау, өңдеу және сақтауды қамтамасыз ететін технологияны, әдістерді, тәсілдерді және құралдарды әзірлеу, жабдықтарды профилактикалық тексеру, байланыс құралдарының жабдықтарына пайдалану-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша әзірлеуші және қорытынды функцияларды орындау кезінде, сондай-ақ бизнес-жоспарларды әзірлеу, техникалық тапсырманы талдау, жергілікті жерлерде іздеу жұмыстары кезінде, жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау кезінде нәтижелер үшін жауапкершілікті көздейтін норманы іске асыру бойынша атқарушылық-басқарушылық қызмет.

Талдаудың теріс нәтижелері жағдайларында ықтимал реттеуші ықпал ету жөнінде шешімді алдын ала қабылдау мақсатында, жұмыс күні ішінде жұмыс орнына бекітілген техникалық жүйелердің технологиялық режимдерінің жағдайын және қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарттарын талдау.

Жұмыс күні ішінде бірінші, екінші және үшінші деңгейдегі қызметкерлерге жұмыс орнына бекітілген барлық қызмет көрсету аймақтарының техникалық жүйелерінің технологиялық режимдерін жүргізу бойынша тапсырмаларды жоспарлау, құрастыру және қызметін бақылау.

Өзін оқыту және басқаларды оқыту үшін жауапкершілік.



Өзін-өзі анықтау және өзін-өзі нормалау дағдыларын көрсетеді. Алынған тапсырмаларды нақтылайды, бағыныстыларына міндеттер қояды, қызмет нәтижелерін бағалайды, білім және дағдының жеткіліксіздігін анықтайды, қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттыруды дәлелдейді.

Бірінші, екінші және үшінші деңгейдегі қызметкерлердің жұмыс күні ішінде табысты жұмысын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау.

Жұмыс орнына белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу.


Кәсіби міндеттерді қою және шешудің тәсілдері, қағидаттары және әдістері туралы, қарым-қатынас жасаудың этикасы және психологиясы, ойлау және қызмет ету рефлексиясы, еңбекті уәждеу және ынталандыру әдістері туралы білу.

Қызмет көрсетілетін технологиялық процестер аясында техникалық құжаттаманы әзірлеу.

Технологиялық режимдердің және құрал-жабдықтардың жағдайы туралы ақпарат жинау және осы ақпаратты ұйымдастырушылық-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес қатар немесе бақылаушы деңгейге өткізу.


5

51

Жағдайды немесе ақпаратты талдау әр түрлі факторларды терең бағалауды талап ететін күрделі міндеттермен жұмыс жүргізуді ұйғаратын технологиялық процес учаскесі шеңберіндегі атқарушылық-басқарушылық қызмет, сондай-ақ құрылымданған болжамсыз ортадағы нақты учаскеде болатын нәтиже үшін жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді басқару.

Ауызша және жазбаша коммуникацияға дамыған қабілеттілік.



Тапсырысты түсіну, жағдайды талдау, өзін-өзі талдау, шешімдер қабылдау және оларды іске асыруға жағдай жасау, басқарушылық және орындаушылық кәсіпқойлықты арттырудың алдын алатын командалық жұмыс контекстінде қызметті бақылау және түзету дағдыларын көрсетеді.

Төртінші деңгейдегі қызметкерлердің жұмыс күні ішінде табысты жұмысын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау.

Жұмыс орнына белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу.

Жоғары тұрған деңгейдегі қызметкерлер жасайтын тапсырмалар аясында инновациялық саясаттың жергілікті іс-шараларын іске асыру.



Кәсіби жағдайларды жүйелі талдау және жобалау, басқарушылық шешім қабылдау әдістемесі туралы, ұжым және команда құру туралы білу.

Технологиялық режимдердің және құрал-жабдықтардың жағдайы туралы ақпарат жинау және осы ақпаратты ұйымдастырушылық-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес қатар немесе бақылаушы деңгейге өткізу.

Қызмет көрсетілетін технологиялық процестер аясында техникалық құжаттаманы әзірлеу және верификациялау.


6


61

Жағдайды немесе ақпаратты талдау әр түрлі факторларды терең бағалауды талап ететін күрделі міндеттермен жұмыс жүргізуді ұйғаратын кәсіпорын қызметі стратегиясының аясындағы атқарушылық-басқарушылық қызмет, сондай-ақ құрылымданған болжамсыз ортадағы нақты учаскеде болатын нәтиже үшін жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді басқару.

Техникалық салада терең білім мен машықтарды көрсете білудің дамыған қабілеті. Көшбасшылық танытады және топ жұмысының нәтижелілігі үшін, оның болжамсыз ортада дамуы үшін жауап береді.



Жұмыс процесін басқару машықтарының жиынтығын көрсетеді, нәтиже алу үшін бағалау әдістерін, әдістемелерін және критерийлерін таңдай білу, құзыреттерді тарату және құқық беру, тиімді топтар құру, сондай-ақ өндірістік процес барысында шешім қабылдау.


Күрделі әлеуметтік және кәсіптік жағдайларда бірлескен талдау жасау, жобалау және шешім қабылдау әдістемесі туралы білу, қатынас және көзқарастарды келістіру тәсілдерін, талдамалы және жобалық құжаттаманы рәсімдеуді және оны көрсете білу.


62

Басқа учаскелердегі жұмысты келістіруді ұйғаратын кәсіпорын қызметі стратегиясының аясындағы басқарушылық қызмет, жұмысшылардың кәсібилігін арттыру үшін, желілердің (байланыс жүйелерінің) үздіксіз жұмысы үшін, ақпаратты сенімді және сапалы таратуды, қабылдауды, өңдеуді және сақтауды қамтамасыз ететін технологияларды, тәсілдерді, әдістерді және құралдарды әзірлеу үшін, сондай-ақ байланыстың желілік және станциялық ғимараттарын сапалы жобалау үшін жауапкершілік.

Қауіпсіздік талаптарының және шарттарының тиімділігі мен орындылығын, кәсіпорынның құрылымдарында қолданыста жүрген технологиялар мен техникалық шешімдерді талдау және анықталған сәйкессіздіктерді реттеу.

Кәсіпорынның құрылымдарында қолданыста жүрген технологиялық процестердің аппаратуралық ресімделуін қаупісіздіктің және тиімділіктің талаптары мен шарттарына техникалық сәйкестігін талдау және анықталған сәйкессіздіктерді реттеу.


Жоғары деңгейде анықталмаған әлеуметтік және кәсіптік жағдайларда жобалау және шешім қабылдау машықтарын, өзін өзі басқару мәдениетін, қатынасты ұйымдастыру және көзқарастарды келістіру машықтарын, нәтижелерді ресімдеу және көрсете білу, заманауи бағдарламалық өнімдер мен техникалық құралдарды қолдану машықтарын көрсетеді.

Ойын ауызша түрде, мысалы, сарапшылар деңгейіндегі ғылыми-техникалық кеңестердегі және мәжілістердегі талқылар түрінде ресімдей білетінін көрсетеді.

Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесінің қызметшілерін қауіпсіз және тиімді пайдалануды ұйымдастыру талаптарына сәйкес келетін көлемде ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Қызметшілерді даярлаудың және жұмыстарды ұйымдастырудың қажетті деңгейі болғанда жоба шектері мен қауіпсіздік талаптарын сақтауда бұзушылықтарды болдырмайтын шарттарды сақтау.

Жұмыс күні ағымында бесінші деңгей қызметшілері қызметінің сәттілігін қамтамасыз ететін шарттар жасау.


Күрделі әлеуметтік және кәсіптік жағдайларда бірлескен талдау жасау, жобалау және шешім қабылдау әдістемесі туралы білу, қатынас және көзқарастарды келістіру тәсілдерін, талдамалы және жобалау құжаттамасын рәсімдеуді және оны көрсете білу.

Кәсіпорынның ішкі стандарттарына, МемСТ-ға және басқа нормативтік құжаттарға сәйкес бағдарламаларды және жобалау құжаттарын әзірлеу саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарымен ұйымдастыру.

Дайындалған реттеуші шешімдерді орындауды жоғары деңгейдегі қызметшілермен келістіру.

Қызмет көрсетілетін процестер аясында техникалық құжаттаманы валидтеу және аккредиттеу.

Құрылымдық бөлімше қызметшілерінің қызметін ағымдық және перспективті айлық жоспарлау, жоспарланатын іс-шараларды әзірлеу және орындалуын ұйымдастыру.


7


71

Жағдайды немесе ақпаратты талдау әр түрлі факторларды терең бағалауды талап ететін күрделі міндеттермен жұмыс жүргізуді ұйғаратын технологиялық процес учаскесі шеңберіндегі атқарушылық-басқарушылық қызмет, сондай-ақ құрылымданған болжамсыз ортадағы нақты учаскеде болатын нәтиже үшін жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді басқару.

Ауызша және жазбаша коммуникацияға дамыған қабілеттілік.



Тапсырысты түсіну, жағдайды талдау, өзін өзі талдау, шешім қабылдау және оларға іске асыруға шарт жасау, топтық жұмыс барысында қызметті бақылау және түзету, басқарушылық және орындаушылық кәсібилікті арттырудан озатын машықтарды көрсетеді.

Жұмыс күні ағымында төртінші деңгей қызметшілері қызметінің сәттілігін қамтамасыз ететін шарттар жасау.

Жұмыс орны үшін белгіленген техникалық құжаттманы жүргізу.

Жоғары деңгей қызметшілері қалыптастыратын тапсырмалар аясында инновациялық саясаттың жергілікті іс-шараларын іске асыру.



Кәсіптік жағдайларды жүйелік талдау және жобалау әдістемесі, басқарушылық шешімдерді қабылдау тәсілдері туралы, ұжымдық және топ қалыптастырушылық туралы білу.

Технологиялық режимдердің және жабдықтың жағдайы туралы ақпаратты жинау және осы ақпаратты ұйымдық-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес қатар немесе бақылаушылық деңгейге беру.

Қызмет көрсетілетін технологиялық процестер аясында техникалық құжаттаманы әзірлеу және валидтеу.


72

Құрылымдық бөлімше немесе құрылымданбаған болжамсыз ортадағы ұйым деңгейінде нәтиже үшін жауапкершілік қабылдай отырып, құрылымдық бөлімше немесе ұйым қызметінің стратегиясын ұйғаратын және анықтайтын ұйым қызметінің стратегиясы аясындағы басқарушылық қызмет.

Басқарудың нақты объектісі қызмет етуінің мүмкін болатын нұсқаларын жүйелі және кешенді түсінудің дамыған қабілеті, осы нұсқалардың туындау уақытын және ықтималдылығын, сондай-ақ олардың әрекет ету ұзақтылығын анық бағалау.




Нарық үрдесіне қарай отырып, ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау машықтарын көрсетеді. Бизнес ортадағы өзгерістерді жорамалдап, өз бөлімшесі дамуының стратегиялық бағытын анықтай білу.

Жобалау қызметінің өмірлік циклын, бағдарламалық өнімдерді әзірлеу ережелерін, компанияның негізгі бизнес-процестерін, қызметшілерді басқару негіздерін, өндірісті, менеджментті, басқару психологиясын, ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін білу.

8

82

Болжамсыз және құрылымданбаған орта шартындағы ірі институционалдық құрылым деңгейінде шешім мен жауапкершілікті қабылдай отырып, процесті және қызметті басқару стратегиясын анықтауды ұйғаратын басқарушылық қызмет.

Өзгерістерді басқарудың, анықсыздық жағдайларында жұмыс істеудің, күрделі шешімдерді, сондай-ақ деректердің жеткіліксіздігі жағдайындағы шешімдерді жылдам қабылдаудың дамыған қабілеті, көшбасшылықты үнемі көрсету.



Кәсіпорын қызметінің, өзгеріс пен болжамсыздық стратегиясын әзірлеу машықтарын көрсетеді, ынталандырудағы шығынсыз және сапа үшін зарасыз ұзақ мерзімді және көп еңбекті міндеттерді орындау, әр текті ақпаратты талдау, тәуекелдерді бағдарлау қабілеті. Әр түрлі деңгейдегі топтарды қалыптастырып, дамыта алады.

Кәсіптік қызмет, сондай-ақ қаржы, маркетинг, халықаралық нарық саласындағы ең терең және толық білім.

Ескертпе: 1 – басқарушылық қызметпен байланысты мамандықтар;



2 – өндірістік қызметпен байланысты ммандықтар.

Келісу парағы





Ұйымның атауы

Келісу туралы хаттаманың, хаттың күні мен нөмірі

«Қазақстандық ІТ-компаниялардың қауымдастығы» ЗТБ

2013 жылғы, 17 қыркүйектегі №0215и хаты

«Қазақстанның ұлттық телекоммуникациялық қауымдастығы» ЗТБ

2013 жылғы, 20 қыркүйектегі №13-01/215 хаты

«Атамекен» одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы

2013 жылғы, 18 қыркүйектегі №4513 хаты

Салалық біліктілік шеңберін тіркеу парағы




Осы салалық біліктілік шеңбері № ____________________________ тіркелген

Салалық біліктілік шеңбері тізіміне енгізілген, тіркеу № __________________

Хаттың (Хаттаманың) №________________ Күні__________





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет