Ақпараттың қасиеттері. Ақпарат компьютерде өңделу үші дәл, нақты, түсінікті, толық, тиімді болуы тиіс.
дәлділігі;
толықтылығы;
бағалылығы;
қажеттілігі;
|
түсініктілігі;
тиімділігі;
анықтылылығы;
және т.б.
|
Ақпарат мәселенің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ ақпарат оны түсінбеушілікке және оған байланысты дұрыс емес шешім қабылдауға әкеліп соғады. Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Ақпараттың бағалылығы оның берілу жолдарында, кейбір ақпарат сізді қуандырады, кейбіреуі ренжітеді, кейбіреуінде тек фактілер баяндалады. Тіпті, хабардың берілу ырғағына, адамның мимикасына, қол сілтеу ретіне қарай ақпарат әр түрлі бағаға ие болады. Егер ақпарат толық, обьективті, пайдалы, дәл болса, ол сонша бағалыболады.
Ақпаратты өңдеу. Ақпаратты өңдеу деп бір ақпарат негізінде жаңа ақпарат алуды айтады.
Ақпараттық қорлар — ақпараттық жүйелердегі өздеріне сәйкес программалық жабдықтармен біріктірілген және ақпаратты тұтынушылар үшін қызықты болып табылатын жүйеленген электрондық ақпарат. Бұл кітаптар, статья, патенттер, диссертациялар, ғылыми құжаттар, техникалық аудармалар, т.б.
Көп салалы халық шаруашылығының күн санап өркендеуіне байланысты түрлі ақпаратты жинастыру, өңдеу, сақтау және оларды тұтынушыларға тез жеткізіп беру процестері, яғни ақпараттық процесстер, үлкен көлемді, әрі маңызды жұмыстардың бірі болып отыр. Осындай жұмыстарға электронды-есептеуіш машиналарын пайдалану - оларды орындаудың шапшаңдығын күрт арттыруға мүмкіндік туғызуда. Ақпаратпен төмендегідей ақпараттық процестерді орындауға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |