Болашақ кәсіби қызметтің бағыты:
Деректер қорына қызмет көрсету мен құрастыру және ақпараттық-іздеу жұмыстары үшін бағдарламалар әзірлеу;
Ғылыми және экономикалық тапсырмаларды шешу үшін бағдарлама құру;
Ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты ДК стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуін және басқа қызмет түрлерін қолдану.
Болашақ кәсіби қызметтің салалары
Мемлекеттік және жеке кәсіпорындарда мен ұйымдарда есептеу техникасын нығайту және қолдану бітірушілердің кәсіпкерлік қызметтік саласы болады. Сонымен қатар біздің түлектер Қазақстандық кәсіпорындарда жүргізуші маман болып, бұл – АҚ «Қазақтелеком», АҚ «Қазақстан алюминийі», АҚ «ПМХЗ», АҚ ТНК «Казхром», ЖШС «Кастинг» және т.б. жұмыс істейді.
банктік және биржалық компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу мен қызмет көрсету;
өндірісті басқару мен жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесін құрай отырып, тұтастай сала мен жекелеген мекемелерді басқару;
ақпараттық анықтамалық жүйелер мен көпшілік қызмет көрсету жүйелеріне кәсіпорындар мен мекемелерде қызмет көрсету мен әзірлеу;
компьютерлер мен ұйымдастыру техникасын диагностикалау мен жөндеу бойынша сервис орталығын басқару.
Дәріс-7. Есептеу техникасының сандық негізі.
«Ақпарат» термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның іnfоrтаtіоп сөзінен шыққан, дәл анықтамасы жоқ кең ұғым. Ақпаратты біз ауызша естиміз, жазбаша түрде оқимыз, қимыл не қозғалыс түрінде көреміз. Кез келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткіземіз. Қарапайым түрде айтқанда, ақпарат - белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.Ақпарат құралдары арқылы берілетін хабарлар мен ғылыми-техникалық жаңалықтар да ақпарат түрлерінің бірі.
Қоғам өмірінің сандық заңдылығын бейнелейтін статистикалық ақпарат өте күрделі. Онымен айналысатын арнайы ұйымдардың жыл сайын немесе тоқсан сайын дайындаған ақпаратын басшылыққа алмай, ел экономикасын ғылыми түрде басқаруды ұйымдастыру мүмкін болмас еді. Ұшу траекториясына әсер ететін бүкіләлемдік тартылыс заңын, денеге үйкеліс әсерін және т.б. қажетті ақпаратты білмей, ғарыш кемесін ұшыруға болмайтыны да белгілі.
Ақпаратты сандық, мәтіндік, кесте, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, магниттік жазба сияқты түрлі түрде көрсетіп, жинастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |