Ақпараттық технологиялар кафедрасы 6В06101–«Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған



бет39/41
Дата14.03.2022
өлшемі277.21 Kb.
#456244
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Введение в спец лекция

Бүкіл Дүниежүзілік Өрмек - World Wide Web (WWW) :

  • Internet ішінене керекті ақпаратты іздеп табуға мүмкіндік беретін World Wide Web (WWW) - дүниежүзілік кеңейтілген торап;

  • Мәліметтерді тасымалдау хаттамасы - HTTP (HyperTextTransferProtocol) арқылы жұмыс істейді;

  • Ішкі ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік HTML (HyperTextMarkupLanguage) тілі көмегімен құрастырылады;

  • Интернет серверлерінен алынатын құжаттар гипермәтіндік формада дайындалған – Web – құжаттар.

UseNetжүйесі - тармақталған дискуссия клубы, телеконференция, жаңалықтар тобы. Мұның электрондық поштадан айырмашылығы - мәліметті бір адамға ғана емес, бірнеше абоненттер тобына (телеконференциялар) жолдайсыз. Әр түрлі мәселелерді талқылау кезінде конференцияға қатынасушылар тең құқылы болып саналады.

Телеконференциялар.Интернетте атау беріліп, түрлі компьютерлерден таратылатын жаңалықтар тобы Телеконференция деп аталады.

Оны оқуға және жауап беріп, пікір-талас ұйымдастыруға да болады. Әрбір телеконференцияның өзіне сәйкес “Қоймалар” (Хранилище) бөлімінде жиналған мақалалар каталогы болады. Онда мақала авторы, мақала көлемі, мақала тақырыбы, мақаланың инвентарлық нөмірінің аналогы жайында ақпарат сақталады.


Телеконференциялардың электрондық пошта арқылы хат алуға қарағанда екі өзгешелігі бар, олар:

  • біріншісі – белгілі бір мерзім (әр конференция үшін әртүрлі) ішінде қабылданған мақалалар жинақталып, сақталып отырады да, егер өте ескіріп кетсе, онда олар жойылады;

  • екіншісі – кейбір телеконференциялар басқарылып отырылады, яғни мұндай конференцияға әрбір абонент тікелей мақаласын жібере алмайды. Ол мақаласын электрондық поштамен сол конференцияның жетекшісіне жөнелтеді, ал жетекші мақаланы қарап шығып, оны жалпы көпшілік оқуы үшін тіркеуге алатынын немесе алмайтынын өзі шешеді. Соңғы кездерде желіаралық статусы бар телеконференциялар өткізілетін болды, олар әртүрлі желілерге байланысқан пайдаланушыларды түгел қатыстыра алады. Телеконференция жұмысы сервер деп аталатын арнайы бағдарлама арқылы ұйымдастырылады. Оны іске қосу үшін Internet Explorer терезесінен Жаңалықтар – жаңалықтарды оқу командасын беру керек. Ал сервер телеконференцияға қатысушы әрбір адамды оған керекті барлық сұраныстармен қамтамасыз етуге тырысады: оларды әртүрлі тақырыптағы конференцияларға міндетті түрде қатысатын етіп тіркейді, оларға анықтамалық ақпарат жібереді.

Егер сервис-провайдер UseNet телеконференцияларына қосылуына мүмкіндік берсе, тұтынушы NNTP (NetworkNewsTransportProtocol - Тораптық Ақпаратты тарату хаттамасы) хаттамасымен қуатталатын телеконференциялармен жұмыс істеп, хабарлар жаза алады.
IСQ (Iseekyou - мен сені іздеймін) - желі тұтынушыларына нақты уақыт кезеңінде (масштабында) хат-хабарламалар араласып, бірден чат (chat-әңгіме) құрып, файл жіберіп, әңгімелесуге мүмкіндік беретін қызмет.
IRC (Internet Relay Chat) - нақты уақыт кезінде телеконференция өткізудің бір түрі, тұтынушылардың бір-бірімен әңгіме-дүкен құруға болатын қызметі. IRC-серверлері мен IRC- клиенттері көмегімен бір-бірімен «виртуальді» әңгіме өткізуді пернетақтада сөздерді теру арқылы жүргізіледі.
IP-телефония - Интернетте телефондағы дауыс арқылы алмасуды өте тиімді деп айтуға болмас, бұл TCP/ІР хаттамалары негізінде электрондық мәлімет алмасудың жеке бір түрі ғана. Адамның дауысы сандық файлға түрлендіріледі де, желідегі қарапайым мәліметтер дестетері тәрізді түрде тасымалданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет