Апта Дәріс тақырыптары Балл


Жеке адамның құқығы менбостандықтары



бет25/32
Дата12.02.2024
өлшемі109.09 Kb.
#491634
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
Дәрістер тезистері

2.Жеке адамның құқығы менбостандықтары. Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелерінің бірі-- жеке адамның құқығы мен бостандықтары .Жеке адамның құқығы деп кісіге белгілі игілік алуды қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзарақатынастарын айтады. Жеке адамның бостандығына кісіге өзбілгенінше істеуге мүмкіндік беретін,мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптері жатады.
Бұл мәселеге адамдар өте ертеде ақ назар аударған болатын. Ежелгі грек фәлсафасышылары (филосовтары) барлық адам дүниеге келгенде тең болып туады.Сондықтан олардың бәрінің де тең табиғи құқығы бар деген ойды өрістетті.Аристотель болса саяси құқықты табиғи және шартты құқық етіп екіге бөлді. Ол табиғи құқықты мемлекет орнатқан құқықтан жоғары қойды. Табиғи құқық шартты құқыққа үлгі болуға тиіс деп санады. Себебі, шартты құқық жиірек өзгеріп отырады және олар өкімет жұмысы мен адамдар арасындаға келісімнің нәтижесінде пайда болады.
Бірақ феодолизм дәуірінде адам құқығы жөнінде мүлдем басқаша ұғым пайда болады.Адам туғанынан тең деп үйрететін табиғи құқық жоққа шығарылады. Ал құқықтың өзін хан, патшалардың қол астындағы адамдарға жасап отырған рақымы деп түсіндірілді. Әр сословиенің өзіне тән құқығы болды.
Біздің қазіргі ұғымымыздағыдай адам құқығы капитализм дәуірінде дүниеге келген либерализммен тығыз байланысты. Либералдар монархияның билігін парламент арқылы шектеп, сайлау құқығын кеңейтуді және саяси бостандықты өрістетуді талап еткен болатын.
Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдарға Т.Гоббс, Дж. Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж:Руссо, И. Кант, Т.Джеферсон, Т.Пейн және т.б. жатады. Олар адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп берді.Олардың ішіндегі ең құндылары Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік Декларациясына енді.(ол1776 жылдың 4шілдесінде бекітілді.) .Декларацияның негізгі баптарына барлық адамдардың өмір сүруге, еркіндікке, жеке меншікке , бақытқа және қауіпсіздікке туғанынан тең құқығы бар ; өкімет билігінің қайнар көзі—халық,, үкімет—халықтың қызметшісі; барлық мемлекеттік өкімет халықтың мүддесіне жұмыс істеуге тиіс, ал егер олар бұл сенімді ақтамаса, халықтың мүддесіне жұмыс істеуге тиіс,ал егер олар бұл сенімді ақтамаса, халықтың ондай ұнамсыз, лайықсыз үкіметті жоюға еркібар; өкіметтің заң шығарушы , атқарушы, сот билігі болып бөліну керектігі және т.с.с жатады. Бұл қағидалар одан әрі АҚШ тың Конституциясы мен құқықтар туралы билігінде дамытылды.(Биль деп ағылшын парламентінде немесе Американың конгресінде қаралуға ұсынылған заң жобасын айтады) Мысалы, Билльде жоғарыда айтылған баптармен қатар қандай адам болмасын шынайы, ашық, әділ сотқа құқығы бар деп көрсетілген.Ол жеке адамның еркіндігінде өкімет тарапынан қандай болмасын озбырлық байқалатын болса, одан қорғай алады. Құқық туралы Билльде үкімет өз жұмысын халық алдында ашық жүргізуі керектігі талап етілген. Жұрт үкіметтің не істеп жатқанын әрдайым біліп тұруы керек және оны дер кезінде сынға алып тұруға тиіс.
Қазіргі саяси ғылымда адам құқығына байланысты әр түрлі көзқарастар бар. Оларға табиғи- тарихи, заңдық-позитивтік және марксистік түсініктер жатады.
Табиғи -тарихи бағытты жақтаушылардың ойынша, адамның табиғи құқықтарының пайда болуы мемлекетке не заңға байланысты емес. Бұл құқықтарға адам дүниеге келгеннен-ақ,жаратылысынан ие болып туады, олар адам ға туғанынан тән.Мемлекет бұл құқықтарды сыйлап, қамтамасыз етуі немесе оларды бұзуы, басып-жаншуы мүмкін, бірақ оларды бұзуы, басып-жаншуы мүмкін, бірақ оларды ешқашан еш адамнан тартып ала алмайды.Олар адамның табиғи,жалпыға бірдеу және өзгермейтін заңдары деп есептеледі.
Заңдылық-позитивтік бағытты қолдаушылар, керісінше,азаматтардың құқығының пайда болар, шығар жері, көзі мемлекетте деп санайды. Жеке адамның құқығына тек қана мемлекет кепіл келтіріп, шарт бола алады. Олардың ойынша , құқық пен заңның арасында айтарлықтай айырма жоқ. Жеке адамның құқығы құқықтың басқа жүйелерінен бөлек ерекшеленбейді және ол мемлекеттік құқықтың үстінен қарап, жоғары тұра алмайды. Азаматтардың құқықтарының өзі мемлекеттің мақсат мүддесіне және мүмкіншілігіне сәйкес өзгеріп отырады.
Марксизм де адам құқығын мемлекетік құқыққа бағындырып, тәуелді етеді. Бірақ заңдық-позитивтік бағытпен салыстырғанда,ол құқықтың әлеуметтік-экономикалық, әсіресе таптық мәні бар деп сипаттайды. Ол құқықты үстем таптың заңға айналдырған еркі, қалауы депүйретеді. Марксизм коммунистік қоғамда мемлекет те, саясат та, құқық та болмайды деп уағыздайды. Соған орай ол жеке адамның құқығына жөнді мән де берген жоқ.Бұдан марксизм жеке адамның еркі мен құқығы жөнінде ештеме демеді деуге болмайды. Олар туралы бұрынғы Кеңес Одағының заңдарында бірталай баптар болды. Себебі, дүние жүзінің халықтарының алдында өзін-өзі әшкерелегісі келмеді,демократиялық мемлекет болып көрінгісі келді. Адамдарға берілген бостандық пен құқықты партия мен үкіметтің өз азаматтарына жасап отырған игілігі ретінде көрсетті. Бірақ тотолитарлық тәртіп кезінде оның бәрі сөз жөнінде ғана қалып отырды.Шын мәнінде, өмірдің барлық салалары,әсіресе бостандықты сүйіп,ол туралы ойын ашық айтуға тырысқан (Сахаров сияқты) азаматтардың жеке өмірі,тыныс тіршілігі қатаң тотолитарлық бақылаудың астында болды, жеке адамның құқығы мемлекетке түгелдей тәуелді еді.
Қазіргі кезде әлемдік саяси ғылымда адам құқығына табиғи тарихи тұрғыдан қарап, соған орай түсіну басым. Жалпы алғанда, “адам құқығы” деген ұғымның өзі кең және тар мағынада қолданылады. Оның кең мағынасы жеке адамның құқығы мен бостандықтарының өте бай барлық түрдегі жиынтығы кіреді. Тар мағынасында мемлекет тарапынан берілмеген, ол тек конституциялық-құқықтық түрде жеке мемлекеттік шеңберде бекітілген құқықты білдіреді. Оған ең алдымен өмірге келген қандай адам болмасын өмір сүруге құқығы барлығы жатады. Одан басқа адам құқығына кіретін жайлар мыналар. Барлық адамдардың заң алдындағы теңдігі; тәннің дербес құқығы(тәнге зәбір келтіруге болмайды); адамзаттық ар-намысты сыйлау,оны қорламау; негізсіз,заңсыз тұтқындамау немесе ұстамау;дінге сену және ұждан бостандығы; ата-аналардың балаларын тәрбиелеуі; қанаушыларға қарсылық көрсету құқығы және т.с.с


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет