Апта Дәріс тақырыптары Балл


Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттың орны



бет28/32
Дата12.02.2024
өлшемі109.09 Kb.
#491634
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Дәрістер тезистері

3.Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттың орны.
Қазіргі жағдайда нарықтық экономикаға, әр түрлі меншіктің дамуына, саяси алуандыққа, көппартиялыққа өтуге байланысты әлеуметтік бөліну күшейе түсуде. Республикамызда бұрынна белгілі жұмысшылар мен шаруалардан басқа фермерлер, жалгерлер, кооператив мүшелері, жеке және ұжымдық меншік иелері, жеке саудамен айналысатын құрылымдар және т.с.с. пайда болуда.
Республикамызда бастамашылыққа, өзін-өзі басқаруға жол ашылуда.Сонымен қатар ол кәсіби дайындығына және жеке басының қасиетіне жоғары талап қояды. Тапқырлық білдіріп, еңбегін жеделдетуге тырысқан, ондай мүмкіншіліктері бар адамдар елімізде болып жатқан оң өзгерістерді жақауда. Сонымен бірге бұрынғы теңмеңгершілік өмірді аңсаушылар да жеткілікті. Нарыққа, бұрынғы экономикалық байланыстардың үзілуіне байланысты жұмыссыздық көбейді. Өтпелі кезеңде көпшілік халықтың,әсіресе, ғылым қызметкерлерінің,дәрігерлер,мұғалімдер,зейнеткерлер,студенттердің әл-ахуалы көп төмендеп кетті.Өмір деңгейі төмен топтардың күнделікті бағаның өсуінің алдында қорқынышы зор.Егер олар әлеуметтік қамсыздырмаса, еліміздің жылдам демократиялық дамуы қиынға түседі. Мамандығы төмен, нашар қамсыздырылған, саяси сауаты аз адамдар неше түрлі реакцияшыл шовинистік,ұлтшылдық пиғылдағы партиялар мен элементтердің соңынан еріп кетуі мүмкін.
Көрсетілген қиындықтарды бір сәтте өзгеруге, әрине болмайды. Ол үшін орынды саяси, экономикалық,әлеуметтік саясат жүргізу қажет. Қазіргі өркениетті елдердің даму тарихы көрсетіп отырғандай, қоғамның тірегі, елдің саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін---орташа тап.
Өзінің білімділігі, іскерлігіне байланысты ол қоғамның демократиялық дамуына, нарықтық экномиканың қалыптасуына негіз болады. Сондықтан біздің басым бағытымыздың бірі—осы орташа таптың буынын бекітіп, күшейту. Ол үшін ұсақ және орта кәсіпшілікті қолдау, еркін кәсіпшілікті дамыту, халықтың кәсіптік білімін арттыру және т.б. көптеген қомақты істер тындыруға тура келеді.
ХХ ғасыр әдеттен тыс ғажайып жағдайларға толы. Соның бірі---Этникалық жаңару, қайта өркендеу мәселесі (этнос деген грек сөзі, тайпа, халық деген мағынаны білдіреді) бір жағынан, біздің заманымыз дүние жүзіндегі барлық адамдардың тағдыры бір ортақ, өзара тығыз байланысты және тәуелді екендігін түсініп білу, сезінумен сипатталады. Екінші жағынан барлық континенттерде адамдардың ықыласы кенеттен өзінің этникалық және аймақтық құрамына деген ұмтылыспен, өзінің түп тамырын, шығу тарихын зерттеп, білуге тырысушылықпен ерекшеленеді.
Мұны немен түсіндіруге болады? Ғылыми- техникалық революциясының салдарында пайда болған өмірдің біркелкілік пен бір үлгілікке еткен жауабы ма? Әлдебір кездегі қор болған тарихи және әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіруді көксеу ме? Өз ұлтына, оның тағдырына ортақтастықты сезіну арқылы жалғыздықтан құтылуға,, өмірден қажу қалмауға тырысу ма? Әлде өз халқының музика тілі мен әніне деген үміт, сенім бе?
Ұлт деп жер, тіл, экономикалық қатынастар, мәдениет ерекшеліктері мен психологиялық құрылымның ортақтығы кезінде қалыптасқан адамдардың тарихи әлеуметтік-этникалық бірлестігін айтады.Әлеуметтік аспект ұлтты өндірістік қатынастармен байланысқан қоғамдық таптардан тұратын әлеуметтік- экономикалық тұтастық етіп танытады. Ол белгілі бір жүйенің ұлттарында қандай ортақтастық бар, оларды өзара, шын мәнінде, нежақындастырып, туыстастыратынғын білдіреді. Ұлттың құрамында тіл, жер, ұлттық сана-сезім, мәдениет этникалық аспектіні көрсетеді.Ол арқылы біз ұлттардың бір-бірінен қандай ерекшелігі бар екендігін, қалайша ажыратындығын білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет