аптаның срсп қТӘ – 203 абдырахманова қалия есім сөз таптары: Зат есім. Сын есім Сан есім


Зат есімдер лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы жасалады



бет2/6
Дата02.04.2023
өлшемі29.45 Kb.
#471605
түріДерексіз
1   2   3   4   5   6
Морф

Зат есімдер лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы жасалады.
Лексикалық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге байырғы зат есімдер, сондай-ақ, басқа тілдерден енген зат есімдер, бастапқы семантикалық мағынасы не кеңею, не тартылу, не ауысу арқылы туған жаңа зат есімдер мен өзге сөз таптарынан субстантивтену арқылы пайда болған зат есімдер жатады.
Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге кемі екі я онан астам түбірлердің бірігуі, қосарлануы, тіркесіп құралуы, қысқарып құралуы арқылы және лексикалану негізінде пайда болған күрделі зат есімдер жатады.
Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге зат есімнің өзінен, өзге сөз таптарынан тиісті жұрнақтар арқылы туған туынды зат есімдер жатады.
Зат есім түрленеді, яғни септеледі, көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді.
Зат есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі – бастауыш пен толықтауыш, алайда зат есім түрленіп келіп, барлық сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады.
Балықшылар теңізге қарай бет алды.Балықшылар – кімдер? – бастауыш.
Тілекке әкесінің сөзі көп ой салды. Тілекке – кімге? – толықтауыш, әкесінің – кімнің? – анықтауыш, сөзі – несі? – бастауыш.
Елдос Астанадан Алматыға ұшақпен ұшып келді. Астанадан – қайдан? – пысықтауыш, Алматыға – қайда? – пысықтауыш, ұшақпен – немен? – толықтауыш.
Адам бойындағы асыл қасиет – адамгершілік.Адамгершілік зат есімі сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап баяндауыш қызметін атқарып тұр.
СЫН ЕСІМ .
Сын есім заттың сындық, сапалық қасиеттерін білдіретін, сындық ұғым атауы болатын сөздер. Сұрағы – қандай? Қай?
Сын есім құрамына қарай: 1) дара; 2) күрделі болып екіге бөлінеді.
Дара сын есім бір ғана негізгі немесе туынды түбірден тұрады. Мысалы, терең, шыдамды, удай, тәтті, тебеген, білімді, бойшаң, әдеби, т.б.
Күрделі сын есім: төмендегідей жолмен жасалады.

  1. Сөздердің қосарлануы: апалы-жезделі, мая-мая, жап-жасыл, аппақ, көкпеңбек, тәп-тәтті, тап-таяз, жұп-жуас, т.б.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет