аптаның срсп қТӘ – 203 абдырахманова қалия есім сөз таптары: Зат есім. Сын есім Сан есім



бет5/6
Дата02.04.2023
өлшемі29.45 Kb.
#471605
түріДерексіз
1   2   3   4   5   6
Морф

Күрделі сан есім:

  • екі немесе одан да көп түбірдің тіркесуінен: жиырма бес, қырық шақты, сексен алты, тоғыз бүтін алтыдан үш, үш ширек, жүз мыңдай, т.б.

  • Сөздердің қосарлануы мен қайталануынан: екі-екіден, жеті-сегіз, бес-алты, тоғыз-тоғыздан, жиырма-отыздай, бір-бірден жасалады.

  • сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап кірігуінен жасалған күрделі сан есімдер: сексен – сегіз он, тоқсан – тоғыз он.

Сан есімдер мағынасына қарай алты түрге бөлінеді:

  1. Есептік сан есім заттың нақты санын, есебін білдіреді. Сұрағы: қанша? Неше? Есептік сан есім дара: төрт, жетпіс, мың, сегіз, бес, тоғыз; күрделі: алпыс үш, жетпіс тоғыз, он бес, отыз жеті, қырық тоғыз болып келеді. Есептік сан есім сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.

  2. Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп, нешінші? Деген сұраққа жауап береді.

Есептік сан есімге төмендегі жұрнақтар жалғану арқылы реттік сан есім жасалады:
-ыншы – қырық тоғызыншы, алпысыншы, оныншы, т.б.
-інші – отыз бесінші, үшінші, елуінші, жүзінші, т.б.
-ншы – алпыс алтыншы, алтыншы,
-нші – қырық екінші, жетінші, т.б.
3.Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын көрсетеді. Сұрағы: нешеу? Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі сан есімге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Дауысты дыбысқа аяқталған екі, алты, жеті сан есімдеріне -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдегі соңғы дауысты дыбыс түсіп қалады: екі+еу→екеу, алты+ау→алтау, жеті+еу→жетеу.

4.Болжалдық сан есім заттың санын дәл білдірмейді, шамамен болжап көрсетеді. Сұрағы: қанша? Неше? Қай шамалы? Қаншадан?


Болжалдық сан есімнің жасалу жолдары:
жұрнақ арқылы: -лаған – жиырмалаған, -леген – елулеген, -даған – мыңдаған, -деген – жүздеген, -таған – қырықтаған, -теген – жетпістеген;
-лап – жиырмалап, -леп – елулеп, бір-бірлеп, екеулеп, -дап – отыздап, -деп – жүздеп, -тап – алпыстап, -теп – жетпістеп;
5. Топтау сан есім заттың санын топтап көрсетеді де, нешеден? Қаншадан? Сұрақтарына жауап береді.
Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, дара түрде: үштен, қырықтан, жүзден, тоқсаннан, алтыдан, сексеннен, үшеуден; күрделі түрде: он екіден, жиырма алтыдан, қырық бестен, екі жүз оннан, т.б.​​​​​​​; қосарланған түрде: бес-бестен, бес-алтыдан, жиырма-жиырмадан, екеу-екеуден, т.б.​​​​​​​

  1. Бөлшектік сан есім заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер екі түрде қолданылады:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет