Қара, түсті, бағалы металдар балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары


Никелді, мысты және кобальтты өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі



бет10/12
Дата12.06.2016
өлшемі1.25 Mb.
#130646
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

22. Никелді, мысты және кобальтты өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1456. Балқыту пештерінің штейнді және қож теспелерін, сифонды тесіктерді, ағынөзектерді және қож терезелерін жабу операциялары механикаландырылған.

Стационарлы үлгідегі пештерде жұмыс күйінде балқыманы шығаруға арналған резервті шпір көзделеді және ұсталады.

1457. Теспе плиталарды, жақтауларды ауыстыру бойынша барлық операциялар және теспе қалауды ағымдағы жөндеу цех бойынша өкіммен тағайындалған бұл жұмыстарды жүргізуге жауапты тұлғаның бақылауымен жүргізіледі.

1458. Шөміштерден, тостағандардан қабықтарды алып тастау және оларды көпірлі жүккөтергіш механизмінің көмегімен тиеу үшін цехта белгілі бір орын беріледі.

Шөміштерден ыстық қабықтарды сыз алаңдарға түсіруге жол берілмейді.

1459. Балқыманы металлургия агрегаттарына құймас бұрын ескерту дабылы беріледі, қауіпті аймаққа өтетін жолдарда «Балқыманы құю» атты жарық табло қосылады.

1460. Балқыма деңгейін қолмен өлшеу өшірілген пеш кезінде жүргізіледі, осылайша балқыманы пешке құюға және балқыма өнімдерін беруге жол берілмейді.

1461. Пешті өшірместен электрод массасын тиеу үшін пайдаланылатын жүккөтергіш механизмінің немесе өзге де көтергі құрылғысының ілмегі «жерден» оқшаулаудың неғұрлым кемінде екі дәйекті сатысымен жарақталады.

Әрбір сатыға оқшаулау кедергісінің мөлшері кемінде 0,5 МОм болуына жол берілмейді. Оқшаулау кедергісінің мөлшерін өлшеу жүккөтергіш жұмыстар басталмас бұрын цехтың (телімнің) электртехникалық қызметкерлер құрамы жедел журналды толтыра отырып жүргізеді.

1462. Электркүйдіру құрылысы қосылған кезде таблоға жарық дабылын автоматты қосу көзделіп отыр.

1463. Қарапайым күкіртті өндіре отырып кешенді автогенді балқытудың энергия технологиялық агрегаттар ауаны соруына жол бермейтін тығыздамалармен жабдықталады. Герметикалықты бақылаудың мерзімділігі мен тәсілдері технологиялық регламентпен белгіленеді.

1464. Көпірлі және өзге де жүккөтергіш механизмдер грануляция аймағынан үдерістің барлық кезеңінде алынып тасталады.

1465. Қожды тасымалдауға арналған көлік қозғалысының жылдамдығы ағызу жолдарында, өткелдерде, қорғалмайтын өту жолдарында және құрамдарды маневрлеу орындарында сағатына 5 киллометрден астам емес.

1466. Адамдарды қожтасығышпен тасуға жол берілмейді.

1467. Қожды қож тостағанынан ағызу кезінде қызмет көрсетуші персонал үйіндіге қарама-қарсы жақта тұрады және ағызу үдерісін бақылайды.

1468. Қожтасығыш пен теміржол платформасының локомотиві арасында жабындының бар болуы кезінде қожтасығыш құрамнан локомотивті тіркеусіз қожды ағызуға жол беріледі.

1469. Үйіндіні өңдеу технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

1470. Анодты пештерді айналымды материалмен тиеу кезінде бірінші кезекте жеңіл салмақты материалдар содан кейін анодты қалдықтар, электролит өндірісінің скраптары, басқа да материалдар технологиялық регламентке сәйкес тиеледі.

1471. Электрсүмбіде жұмыс істеген кезде бір уақытта тартылатын вагонеткалардың саны технологиялық регламентпен белгіленеді.

1472. Ауаны тотықтыруға, бу-мазут қоспасын немесе газды қалпына келтіруге беру тәртібі технологиялық регламентпен белгіленеді.

1473. Тарата құю машинасының жұмыс істеуі кезінде қозғалмалы құрылымдар мен құймақалыптарға тұруға жол берілмейді.

1474. Ыдысты строповкалау жұмыстарды өндіру аймағында ілінетін строповкалау сұлбаларына сәйкес жүргізіледі.

1475. Құбырдағы ажыратқыш қосылыстарда ағуды жою сорғылар өшірілгеннен кейін және құбыр жолдар босатылғаннан кейін жүргізіледі.

1476. Аматураның, бақылау-өлшеу аспаптарының және қорғағыш құрылғылардың жарамдылығы технологиялық регламентпен көзделген ретте және мерзімде тексеріледі.

1477. Аппараттағы қысым толық алынбастан автоклавтар келте құбырларынан қақпақтарды ашуға және бітеуіштерді алып тастауға жол берілмейді.

1478. Автоклав жұмысымен тікелей байланысқан жабдықты майлау үшін оттек-ауа қоспасындағы төзімді және өртқауіпсіз майлау материалдары пайдаланылады.

1479. Автоклав қондырғыларын пайдалану, іске қосу, тоқтату және оларда жөндеу жұмыстарын жүргізу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

1480. Камералық пештерге материалды тиеу, араластыру және қолдан шығару, пештерді тексеру және жөндеу алынып тасталған кернеу кезінде технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

1481. Оқшаулағышты тексеру және тазарту еденнен оқшауланған алаңдар мен баспалдақтардан жүргізіледі.

1482. Науашалардың металл қаңқалары «жерден» оқшауланады және электроқшаулау ажыратқыштарымен жарақталады:

1) астаулар бойымен – кез келген екі астау арасында орналасқан;

2) цехқа көлденең – астаулардың кез келген екі қатары арасында орналасқан.

1483. Ошиновкаға электролиз астауларын қосу және өшіру, регенеративті астауларда электродтарды ауыстыру электрқоректен алынып тасталғаннан кейін жүргізіледі. Регенеративті астауларға қызмет көрсету электрөткізгіш емес құрал-сайманын пайдалана отырып жүргізіледі.

1484. Электролиз цехтарында және бөлімдерде техникалық құрылғылардың оқшаулау кедергісінің мөлшерін бақылау көзделеді. Мөлшерлеуді бақылау сұлбасы мен мерзімділігі технологиялық регламентпен белгіленеді.

1485. Электролиз астауларына (сериялар) нөмірлер түсіріледі. Белгіленген астаулардың нөмірлері жабдықты орналастыру сұлбасындағы (жоспардағы) астаулардың реттік нөмірлеріне сәйкес келеді.

1486. Фольганың гальванға төзімді жабыны үшін қолданылатын цианисті қосылыстар (тұздар) ерітіндісін дайындауды оқытылған қызметкерлер құрамы жеке үй-жайларда жүргізеді.

1487. Гальванға төзімді жабынды келтіруге арналған аппараттар технологиялық тізбегінің сұлбасы, олардың құрылымы және оларды орналастыру цианисті қосылыстар ерітіндісінің қышқыл ерітінділерімен араласуына жол бермеуді көздейді.

1488. Қышқыл, цианисті және хром ерітінділерімен ластанған сүзгі матасын жуу жеке механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі. Жууға арналған үй-жайлар тартпа желдетумен жабдықталады.

1489. Босатылғаннан кейін цианидтерді, алты валентті хром қосылыстарын тасымалдауға арналған ыдыс пен сыйымдылықтар зиянсыз ету ерітінділерімен өңделеді.

1490. Циркуляция сорғыларын авариялық өшіру кезінде астаулардың электрқорегі өшіріледі.

1491. Никельді, мыс және кобальтты ұнтақтарды кептіру, шашырату, қайта тиеу және ыдысқа салу, аспирация жүйелері үшін арналған жабдық статикалық электрден қорғалады.

1492. Өндірістік үй-жайлар ауасындағы сутек құрамы 1 % астам болғанда (жарылғыштықтың төменгі шегінен 25 %) бұл үй-жайда жұмыс істеп тұрған технологиялық жабдық тоқтатылады.

1493. Пешке (автоклав) сутектің қысымы технологиялық регламентпен белгіленген шектерде ұсталады. Сутекті пешке (автоклав) беру жүйесінде қысымның түсуі туралы ескертетін дыбыс дабылымен бұғатталған автоматты жабылатын клапан көзделіп отыр.

Электрпеш құрылымы қыздыру элементтерінің автоклавпен жанасуына жол бермеуді көздейді.

1494. Іске қосылмас бұрын және тоқтатылғаннан кейін пеш, автоклав, құбыржолда, сутекті жандыру білтелері және өзге де құрылғылар азотпен немесе ылғал бумен үрленеді. Үрлеудің аяқталуы үрлеу газының құрамын талдаумен белгіленеді. Тоқтатылғаннан кейін үрлеу газында сутектің бар болуына жол берілмейді, ал іске қоспас бұрын үрлеу газындағы оттектің құрамы 4 % аспауы тиіс.

1495. Қондырғыларға сутекті қосу бақылау талдауынан кейін жол беріледі. Сутектің шоғырлануы кемінде 95 % құрайды.

1496. 0,07 МПа (сантиметр кватратқа 0,7киллограмм күш ) төмен сутектің қысымымен жұмыс істейтін күрделі жөндеуден кейін және пайдалануға бермес бұрын қайтадан орнатылған технологиялық аппараттар 1,25 Ржұм. құрайтын, бірақ 0,1 МПа (сантиметр кватратқа 1 киллограмм күш) аспайтын қысыммен тығыздыққа сыналады.

1497. Никельді ұнтақты карбонильді тәсілмен өндіру кезінде технологиялық құрылғылар мен құбыржолдар оларға улы және жарылысқауіпті заттарды бермес бұрын оттекті жою үшін азотпен үрленеді. Үрлеудің аяқталуы 0,4 % астам емес оттектің құрамының бар болуына үрлеу газының талдауымен анықталады.

1498. Азотпен тығыздыққа сынақтар жүргізгеннен кейін жұмысқа қосылмас бұрын техникалық құрылғылар мен құбыржолдар көміртек тотығымен толтырылады. Толтырылғаннан кейін жұмыс қысымы кезінде көміртек тотығының бар болуына индекаторлық түтіктер көмегімен қосылыстар тығыздығын бақылау тексеруі жүргізіледі.

1499. Никельдің сұйық тетракарбонилімен жұмыс жасау кезінде жеке қорғаныс құралдарын пайдалана отырып, технологиялық регламентке сәйкес орындалады.

1500. Никель тетрокарбонилін судың ағысымен ғана сыйымдылыққа ағызу жүргізіледі.

Никель тетрокарбонилін және құрамында никель тетрокарбонилі бар өндіріс қалдықтарын бейтараптандыру (жою) үшін тасымалдау герметикалық жабылған сыйымдылықтарда жүзеге асырылады.

1501. Ток жеткізетін элементтерде металл шаңының жиналуына жол берілмейді.

1502 Техникалық құрылғылардың ішінде шаңның бықсып жанатын ошақтарын сөндіру, шаңның ашық бықсып жанатын ошақтарын сөндіру технологиялық регламентке және шаңның боралуына әкелмейтін тәсілдер мен аварияларды жою жоспарларына сәйкес орындалады.

1503. Бықсып жанатын шаңды сөндіру және бункерлердегі шаңның жануын басу үшін азотты немесе қаныққан буды әкелу көзделіп отыр. Азот немесе қаныққан бу бункерде шаңның боралуына жол бермес үшін оның жоғарғы бөлігіне беріледі.

1504. Энергия технологиялық кешендердің құрамына кіретін қазан-кәдеге жаратқыштарға және буландыра салқындату жүйелеріне техникалық куәландыру жүргізу мерзімдері қазанды пайдалану жөнінде дайындаушының басшылығына сәйкес жүргізіледі.




23. Кеуек титанды және титан ұнтақтарын өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1505. Тесік енін реттеу, серіппені, бұрандамаларды тарту, материалды итеру және көсеу ұсатқышты тоқтатқан және оның іске қосылуын бұғаттау кезінде жүргізіледі.

1506. Кен-термиялық пештерді пайдалану технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес болғанда жүргізіледі.

1507. Электрпеш қаптамасы жерге қосылады. Футерлеуді кеңейту кезінде электрпеш қаптамасы жарылуының алдын алу үшін өтемдік жүйе көзделеді.

1508. Электрод алаңында жұмыстар орындау кезінде бір мезгілде екі электродтың (екі мантельдің), электродпен электрод алаңында (металл құрылымдары, технологиялық жабдық, жарақтар) тұрған жерқосқыш металл бөліктерінің жанасуына жол берілмейді.

1509. Пештердің сусалқындату элементтері оларды орнатпас бұрын және жөндеуден кейін гидравликалық сынауға жатады.

1510. Электродтар сынықтарын жою пеш өшірілгеннен кейін және кернеудің жоқ болуын тексергеннен кейін жүргізіледі.

1511. Пеш электродтарына ток жеткізу жүйелері ауысым сайын қаралады. Түйісу бұзылған кезде немесе өзге де ақаулықтар айқындалған жағдайда пеш тоқтатылады, ал ақаулықтар жойылады.

1512.Өңеш және фурм аймағындағы қаптама, пештің корпусы ағынөзегінің аймағында футерлеу ауысымды қабылдау-тапсыру журналында тексеру нәтижелерін жаза отырып ауысым сайын көзбен шола тексеріледі. Ақаулық айқындалған жағдайда жөндеу жүргізіледі.

1513. Оттегі бар баллондарды пеш және құю аралықтарында орнатуға жол берілмейді.

1514. Ағынөзекті жағу үшін оттекті беру редуктор арқылы жүргізіледі.

1515.Пектермен барлық жұмыстар технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

1516. Кез келген концентрациялы құрамында хлор бар газдарды тасымалдайтын негізгі магистральді құбырөткізгіштер үшін 100 %-дық резерв болады.

1517. Хлорөткізгіштер пайдалануға берілмес бұрын және жөндеуден кейін беріктік пен тығыздыққа сынақтан өткізіледі.

1518. Балқымасы бар қораптарды тасымалдау балқыма толық қатқаннан кейін жүргізіледі. Одан әрі гидрожойылуы бар қойыртпақты қайта өңдеу бойынша хлоратор мен пештен балқыманы ағызу құрғақ қорапта жүргізіледі, балқыманы көпіршітуді болдырмас үшін барбатож ауамен жүргізуге жол беріледі.

1519. Қысыммен тұрған хлорлайтын құрылғылар мен конденсациялау жүйесі ашуға жол берілмейді.

1520. Шахта хлораторынан ыстық өртенділерді жою құрғақ герметикалық кюбельдерге жүргізіледі. Өртенділермен толтырылған кюбельдерді цехта сақтауға жол берілмейді.

1521. Пеш өртенділері, хлоридтері мен зиян заттарды бөлетін өзге де өнімдері бар кюбельдерді салқындату тартпа желдетуі бар жеке үй-жайларда және газсыздандырудың арнайы бокстарында жүргізіледі.

1522. Алмалы-салмалы жабдықты және ажыратқыш құбыржолдарды тазарту және жуу жабдықталған үй-жайда – «дымқыл бөлмеде» жүргізіледі.Жабдық пен құбыржолдарды бөлшектеу, тазалау және жууға арналған «дымқыл бөлмеде» тартпа желдету көзделеді.

Атмосфераға лақтырылмас бұрын, «дымқыл бөлмеден» жойылатын ауа тазартуға жатады.

1523. Алюминий опасын жылжытумен, өлшеп ораумен, тиеумен және қайта өңдеумен байланысты көлік құралы мен жабдығы үшін статикалық электрден қорғау көзделеді.

1524. Алюминий опасын цехта, бөлімде сақтау өртсөндіру құраладрымен жабдықталған белгілі орындарда жүргізіледі.

1525.Алюминий опасын тасымалдау үшін соққы кезінде ұшқын бермейтін жабық құрғақ және таза ыдыс қолданылады.

1526. Алюминий опасы бар ыдысты сақтау тәртібі технологиялық регламентпен белгіленеді.

1527. Алюминий опасымен жұмыс істеу кезінде қолданылатын құрал-сайман, ұшқын бермейтін орындауда пайдаланылады.

1528. Тұтанып кеткен алюминий опасын сөндіру жобалық құжаттамада көзделген өртсөндіру құралдаын пайдалана отырып орындалады.

Бұл мақсаттар үшін суды және жобалау құжаттамасында көзделмеген өртсөндірудің өзге де құралдарын пайдалануға жол берілмейді.

1529.Жетілмеген титан хлоридтерін алу телімінің өндірістік үй-жайларын жинау ауысымда кемінде бір рет шаңдануды жоятын тәсілмен жүргізіледі.

Шашылған алюминий опасы жиналады.

1530. Қалдық газдар өндірістік үй-жайларға бөлінген кезде газарналары мен аппараттарды пайдалануға жол берілмейді.

1531. Реакциялық массамен немесе кеуек титанмен толтырылған аппараттар реторттарында оттық жұмыстарды орындау кезінде реторттағы құрамның тұтануына жол бермейтін шаралар көзделіп отыр.

1532. Қалпына келтіру үдерісінде реторттың жанып кетуі жағдайында пештен кернеу алынады, төртхлорлы титанды тасымалдайтын құбыржолдар өшіріледі, пештен балқыманың төгілуінің алдын алу шаралары қабылданады.

1533. Жұмыс істеп тұрған қалпына келтіру аппараттары артқы ілмектерінің астында адамдардың болуына жол берілмейді.

1534. Кеуек титанның құрастыру, бөлшектеу және реторттан таңдау кезінде оларды көлденең күйден тік күйге және кері жылжыту, сондай-ақ аппараттардың өзге тораптарын аудару арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

1535. Қалпына келтіру және вакуумдық сеперация үдерістерінен кейін вакуумдық блоктарды және аппараттардың вакуумдық келте құбырларын ашпас бұрын магнийді технологиялық регламентпен көзделген тәсілімен пассивациялауды қамтамасыз ету көзделіп отыр. Вакуумдық блоктар мен вакуумдық келте құбырларды ашу соққысыз және ашық отты пайдалана отырып жүргізіледі.

1536. Балқыту отбақыры пешке орналғаннан кейін жерге қосылады.

1537. Кеуек титанды сақтау герметикалық ыдыста (контейнер) жүргізіледі. Кеуек титан қоймасында жанғыш материалдарды сақтауға жол берілмейді.

1538. Кеуек титанды сақтауға арналған қоймалар ғимараттарының отқа төзімділік деңгейі және оларды өртсөндіру құралдарымен жарақтау жобалау құжаттамасымен белгіленеді.

1539.Өңдеу астауларына, өлшеу ыдыстарына қышқылдарды беру қышқыл құбырлары бойынша жүргізіледі. Қышқыл құбырлары жоқ болған жағдайда өңдеу астауларын қышқылмен толтыру жабдықталған стендтен астауды қышқылмен қолмен толтыруға жол бермейтін тарату ыдысы бар цехтық көлік құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі.

1540. Қышқылға арналған ыдыстар деңгей өлшегішпен, қайта құю құбырымен және табандықпен, қышқыл буларының (аэрозольдар) үй-жайға және ауаның ыдысқа өтуінен қорғайтын қорғағыш құралдарымен жарақталады.

1541. Концентратты қышқылды өңдеу астауларына беру оларды алдын ала сумен толтырылғаннан кейін жүргізіледі.

1542. Қышқылды сақтауға арналған өңдеу бөлімдері мен қоймалар қышқылмен күйіп қалған кезде алғашқы көмек көрсету үшін құралдармен қамтамасыз етіледі.

1543. Төртхлорлы титанды сақтау және беру жүйелерін тазартпас және жумас бұрын:

1) жүйенің куммуникацияларынан өнімді ағызу;

2) коммуникациларды, сонымен қатар арматураны, ротаметрлерді, төсемдерді, төртхлорлы титан гидролизінің өнімдерінен тазалау. Бөлшектерді тазалау және жууды желдетудің қосылған жүйесі кезінде жабдықты сілтісіздендіру және жуу стендінде жүргізу қажет.

1544. Жетілмеген титан хлоридтерін алу үдерісінде бөлінетін төртхлорлы титан булары жергілікті сору арқылы пешкөмейге тасталады.

Алынған жетілмеген титан хлоридтері бұлғауышпен жабдықталған бактік аппаратураға төгіледі, бұдан әрі тазартылған бағаналарға беріледі

1545. Балқыманы құймақалыпқа қайта баспас бұрын қайта басу құбырын, өзге де сыймдылықтарды алдын ала сумен жуып, кептіріп қыздыру қажет.

Айнымалы ток потенциалын алмастан электролизерге балқыманы беру кезінде қайта басу құбырлары металл құрылымдарынан электроқшауланады.

1546. Балқыманы реактордан электролизерге қайта баспас бұрын оны 300 °С төмен емес температураға дейін, ал электролидті берілген деңгейге дейін жеткізу кезінде-электролизді жұмыс температурасын дейін қыздыру қажет.

1547. Электролизер қондырғысына кіретін айнымалы токтың тұтынушылары, айнымалы ток потенциалының пайда болуы мүмкін құрылымдар элементтері жерге қосылады.

1548. Анодты материалдың тұтануына жол бермес үшін электролизерлерді ашпас бұрын электролиттің температурасы 500 °С астам болуына жол берілмейді.

1549. Электроқшауланған фланецті қосылыстарды (мұнаралар мен реторттар) тазалау ауысым сайын, ал айнымалы ток желісінде жерқосқыштың жоқ болуын тексеру ауысымда кемінде 2-3 рет жүргізіледі.

1550. Жөндеуден кейін және ылғалдау қондырғысын тоқтатқаннан кейін сутектің цехтық құбыржолын герметикалыққа тексеру тәртібі, сондай-ақ пешті қосу алдында сутек құбыржолын үрлеу тәртібі жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкес келеді.

1551. Ылғалдау аппаратын және күйежентектелу ретортын бөлшектеу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Ретортты түсіру және материалды ыдысқа тиеу ұшқынсыз құрал-саймандармен жүргізіледі.

1552. Ылғалдау аппараттары, құбыржолдар мен металл алаңдар жерге қосылады. Жерге қосуды тексеру электрэнергияны қондырғыға беру алдында жүргізіледі.

1553. Құрғақ ұнтақтармен технологиялық операцияларды орындау кезінде шаңтүзілуді шектеу бойынша іс-шаралар көзделіп отыр.

1554. Құрғақ ұнтақтарды шашу және магнитті сепарациялау орындарында жұмыс орындарының, алаңдар мен едендердің дымқыл жинау ауысымда кемінде 1 рет жүргізіледі.

1555. Титан ұнтақтарын кептіру технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Жарылғыштығының төменгі шоғырлану шегі метр кубқа 65 грамм (бұдан әрі - г/м3) астам болатын титан ұнтақтары кептіруге ұшырайды. Кептіру температурасы 100 °С аспауы тиіс.

1556. Ұнтақтарды кептіру аяқталған соң кептіру шкафын ашуга оны қоршаған ортаның температурасына дейін салқындатқандатқаннан кейін жол беріледі, осылайша шкафтағы аргонның қысымы атмосфералыққа тең болып ұсталады.

1557. Титан ұнтақтарын және кеуек титанды тиеу және тасымалдау үшін таза және жарамды ыдыс пайдаланылады (металл құтылары бөшкелер немесе полиэтилен қаптары бар контейнерлер), бұл ыдыстар олардың өздігінен ашылуына және құрғақ ұнтақты дымқылдауға жол бермейді.

1558. Ұнтақтарды төгу және синтетикалық (полиэтилен) қаптарын – ішпектерін пайдалану кезінде статикалық электрдің зарядтары жиналуының алдын алу шаралары көзделіп отыр.

1559. Жарылғыштығының төменгі шоғырлану шегі 65 г/м3 астам және одан төмен болатын титан ұнтақтары қайта өңделеді және масса бойынша ылғал құрамы кеміне 20 пайыз ылғал күйде жеткізіледі.

1560. Титан ұнтақтарын кептіру және ыдысқа сақтау үшін пайдаланылатын барлық технолгиялық жабдықтар мен айлабұйымдар (кептіру шкафы, қаңылтыр табақтар, ыдыс сақтау камералары) жұмыс аяқталған соң сумен жуылады.

1561. Қайта өңдеудегі металл, титанның көлемі ең төменгі қажеттіні көздейді және технологиялық регламентпен белгіленген технологиялық үдерісті қауіпсіз жүргізу шарттарымен белгіленеді.

1562. Титан ұнтақтарын қайта өңдеу, буып-түю және сақтау үшін арналған үй-жайларда ұшқын бермейтін құрал-саймандарды пайдалануға жол беріледі.

1563. Титан ұнтағымен түйісетін техникалық құрылғыларды дайындау үшін ұшқын бермейтін материалдар пайдаланылады.

1564. Титан ұнтақтарын қайта өңдеу және сақтау үй-жайларында тез тұтанатын және жарылысқауіпті заттардың болуына жол берілмейді.

1565. Ішінде адамдар болатын шаңтұтқыларды жөндеу, тексеру және тазарту жүктелім-рұқсатнама бойынша жүргізіледі.

1566. Батарея циклондары мен коллекторлардың бірнеше бункерлерін бір мезгілде тазартуға (көсеуге) жол берілмейді.

1567. Скруббер қондырғысыңың үй-жайында скруббердің жұмысы уақытында жұмыс аймағының ауасына бақылау жүзеге асырылады.

1568. Кеуек титан мен титан ұнтақтарын өндіру бойынша цехтардың, бөлімдердің және телімдердің техникалық құрылғылары кестелерде көзделген мерзімдерде тексеруге және жөндеуге ұшырайды.

1569. Кеуек титан мен титан ұнтақтарын өндіру үшін арналған зиян заттары бар (газдар немесе бұл газдарды бөлетін өнім қалдықтары) технологиялық жабдық олардың ішінде жұмыстарды өндірмес бұрын қолданыстағы жабдық пен коммуникациялардан өшіріледі, өнімдерден босатылады және желдетіледі (жуылады). Жұмыстарды орындамас бұрын ауа ортасына талдау жүргізіледі.

1570. Газқауіпті орындардағы жұмыстар жүктелім-рұқатнама бойынша жүргізіледі.

1571. Кеуек титан мен титан ұнтақтарын өндіру цехтарында, бөлімдерінде және телімдерінде ыстық жөндеуге жататын металлургия агрегаттарының тізбесі құралады.

Ыстық жөндеулер жүргізу кезінде жұмысшыларды жылуоқшаулаудан қорғау үшін экрандау құрылғылары мен ауамен душтау, жеке қорғаныс құралдары пайдаланылады.

1572. Пештерді, миксерлерді, хлораторларды кептіру технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

1573. Конденсациялау жүйесінің жең сүзгілерді жөндеужұмыс істеп тұрған тартпа желдету кезінде жүргізіледі.

1574. Кеуек титан мен титан ұнтақтарын өндіру бойынша цехтардың, бөлімдердің және телімдердің өрт сөндіру жүйелерінің құрылғысы мен өрт сөндіру құралдары жобалау құжаттамасымен белгіленеді және ұнтақты титан мен магнийдің тұтануының жоғары қауіптілігін ескереді.





24. Бағалы металдарды, қорытпаларды және жартылай дайын өнімдерді өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1575. Шихта материалдарын, бағалы металдарды және қорытпаларды балқытуға арналған электрпештер жобалау деректеріне сәйкес келеді.

1576. Балқыту пештерінің сусалқындату элементтері құрастыру алдында судың жұмыс қысымынан 1,5 есе көп қысыммен герметикалыққа сыналады.

1577. Электрпештер маңындағы жұмыс алаңдарының едендері электроқшаулау төсемдермен жабылады.

1578. Шихтаны тиеу және оқшауланбаған металл құрал-сайманың пайдалана отырып, технологиялық жұмыстарды жүргізу өшірілген электрпеш кезінде жүзеге асырылады.

1579. Пеш индукторы корпустан және металл құрылымдарынан электроқшауланады. Оқшаулау кедергісі электрқорек желісіндегі 1 Вольт номиналды кернеуге кемінде 1000 Ом.

1580. Индукторды оқшаулау пеш корпусына салыстырмалы 1 минут ішінде сынақ кернеуіне төтеп береді, ол номиналдыдан 2 есе көп (номиналды 1000 Вольтқа дейін кезінде) және номиналдыдан 1,3 есе көп (номиналды 1000 Вольттен астам кезде).

1581. Индукциялық пештің отбақырлары технологиялық регламентке сәйкес кептіріледі.

1582. Электрмагнитті өрістің қарқындылығы жоғары үй-жайларда электрмагнитті кернеуді кесте бойынша мерзімді бақылау жүргізіледі.

1583. Жиілігі жоғары қондырғының сусалқындату жүйесіне су беру қондырғы қосылған мезеттен бастап олар өшірілгеннен кейін бөлшектерді толық салқындатқанға дейін үздіксіз жүзеге асырылады.

1584. Жұмыс үдерісінде қондырғыны автоматты өшіру кезінде қайтадан қосылу пайдалану журналында одан әрі жазыла отырып, өшіру себебі айқындалған және жойылғаннан кейін жүргізіледі (электртехникалық қызметкерлер құрамымен).

1585. Жиілігі жоғары қондырғыларды алынып тасталған қоршаулар, экрандардың бұзылуы, жарамсыз бұғаттау мен жерге қосу кезінде пайдалануға жол берілмейді.

1586. Балқыту ортасы ретінде сутек пайдаланылатын жиілігі жоғары қондырғылар сутекті бұру және әбден жандыру құрылғыларымен жабдықталады. Әбден жандыру білтесінің құрылымы шырақтың жұлынуына және өшуіне жол бермейді.

1587. Жиілігі жоғары қондырғыны қосу сутекті әбден жандыру білтесімен бұғатталған. Пештің жұмыс істеуіне әбден жандыру білтесінің жарамсыз немесе қосылмаған шиыршығы кезінде жол берілмейді.

1588. Сутектің камерадан ағып кетуі айқындалған кезде немесе шиыршықтың жануы кезінде қондырғыдан кернеу алынып тасталады, сутекті қондырғыға беру тоқтатылады, ал камера азотпен немесе инертті газбен үрленеді.

1589. Шығындалмайтын электроды бар доғалық пеште металл шихтасын балқыту кезінде балқытылған металдың вольфрам электродының жанасуына жол берілмейді.

1590. Вакуумдық доғалық пешті балқыту режіміне ауыстыру кезінде сусалқындату жүйесіне алдын ала су беріледі.

1591. Кез келген технологиялық телім ерітінділерді жинау үшін авариялық монтежюмен (турило) жабдықталады.

1592. Кез келген цехта вакуумдық жүйелердің жабдығы мен құбыржолдарын ауысым сайын жуу кестесі әзірленеді.

1593. Сусалқындату құймақалыптары мен кристаллизаторлардың қоршамалары оларды пайдалануға қоспас бұрын және жөндеуден кейін барынша жұмыс қысымынан 1,5 есе жоғары қысыммен гидравликалық сынаққа ұшырайды.

1594. Сусалқындату құймақалыптарына суды беру тоқтатылған кезде металды құюға жол берілмейді.

1595. Қышқылдары мен қышқыл өңдеу ерітінділері бар сыйымдылықтар қайта құю құбырларымен және деңгей нұсқағыштармен жабдықталады.

1596. Ыстық металды суда немесе су ерітіндісінде суару кезінде ыстық су тамшылары шашырауының алдын алу шаралары қабылданады.

1597. Күйдірудің камералық пешіне металды тиеу және түсіру оны электрқорек желісінен өшіргеннен кейін жүргізіледі.

1598. Өндірістік үй-жайдың ауасындағы оттек құрамы 1 % астам болса (көлемі бойынша) автоматты түрде дабыл, авариялық тартпа желдетуі қосылады, ал бөлімдегі жабдық тоқтатылады.

1599. Қондырғыға сутекті бермес бұрын ол бақылау талдауына ұшырайды. Сутектің құрамы кемінде 95 % болуына жол берілмейді.

1600. Сутектің пешке кірудегі қысымы технологиялық регламентке сәйкес келеді және аспаптармен бақыланады. Сутек қысымы желіде берілгеннен төмен төмендеген жағдайда сутекті беру желісінде клапан жабылып, дыбыс дабылы қосылады.

1601. Іске қосылмас бұрын және тоқтатылғаннан кейін пеш, контейнер немесе автоклав, құбыржолдар және әбден жандыру білтелері инертті газбен немесе азотпен үрленеді. Үрлеудің аяқталуы оттектің құрамы 4 % астам (көлемдік) және сутектің болуына жол берілмейтін үрлеу газы құрамын талдаумен анықталады.

1602. 0,07 МПа төмен сутек қысымымен жұмыс істейтін аппараттар жұмысқа енгізілмес бұрын және күрделі жөндеуден кейін жұмыс қысымы 1,25 бірақ 0,1 МПа астам емес қысыммен тығыздыққа сынауға ұшырайды.

1603. Технологиялық үдерісте пайдаланылмайтын гидрометаллургиялық қайта өңдеу құбыржолдары мен жабдығы жұмыс істеп тұрғандардан көрінетін ажыратумен ажыратылады және бітеледі немесе бөлшектенеді.

1604. Сүзгі-прессті сығылған ауамен үрлеу кезінде ол ерітіндінің шашырауына жол бермес үшін тығыз материалмен жабылады.

1605. Ерітіндіні астауларға беру электрөткізгіш емес ұштықтары бар құбыржолдар бойынша жүзеге асырылады.

1606. Бағалы металдарды кептіру, шашу, себу, қою үшін арналған жабдық жерге қосылады және статикалық электрден қорғалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет