Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет27/45
Дата02.01.2022
өлшемі1.88 Mb.
#454097
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
Фармация тарихы

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
61 
II БӨЛІМ 
____________________________________________________________ 
 
РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДӘРІХАНАЛЫҚ ІСІ 
 Ресейде дәрілік көмектің дамуы 
 
Киев  Русі  мемлекетінің  дамуы  ІХ  ғасырдан  басталады.  Шығыс  славян 
тайпаларының  бірлесу  нәтижесінде  мемлекет  құрылды.  Князьдіктердің 
орталықтары Новгород, Псков, Смоленск, Чернигов, Переяславль болған.  
Х-ХІ  ғғ.  Киев  Русінде  христиан  дінінің  православие  тармағы  еңгізілді. 
Христиандық  кіруі  ежелгі  орыс  мемлекеттеріне  үлкен  ықпалын  тигізді,  оның 
беріктілігін нығайтты.  Христиан  діні  кіргеннен  кейін  көптеген  ғибадатханалар 
салынды. 
Білім беру саласы әрі қарай дамыды. Киев Русіне Византия мәдениеті зор 
әсер  етті.    Грек,  көне  еврей,  араб  тілдерінен  көптеген  кітаптар,  эпостар 
аударылды. 
Феодализм  кезеңінде  (ІХ-ХІ  ғғ.)  Киев  Русінің  медицинада  екі  даму 
бағыты  белгілі  болды:  шіркеу-монастырлық  және  ақсүйектер  қоғамы,  бейбіт. 
Алғашқы  емдеуге  монастырларда  монахтар  кірісті.  Монастырдың  маңында 
(богодельня),  емдік  ұйымдар  ашылды.  Монастырь  жұмысы  Устав  бойынша 
ұйымдастырылды.  Монастырда  емдеуге  қажетті  дәрі-дәрмектерді  қоймаларда 
сақтаған,  олардың  мөлшерін  және  түрлерін  монахтардан  бөлек  дәрігер 
тағайындайтын. Монастырда тек ғана сонда тұратын адамдар емес, одан бөлек 
сырттан келген жұртты да емдеген. Монастырлық медицина алғашқы рет емдеу 
көмегін  халыққа  көрсеткен,  сол  себептен  медицина  мен  фармация  дамуына 
үлкен үлес қосқан. 
ІХ  ғ.  бастап  зығыр,  багульник  Новгородтың  жерлерінен  шет  елдерге 
тасып  жеткізілді.  Халық  медицинасында  багульник  паразиттерге  қарсы  ем 
ретінде  қолданған;  сарымсақ,  жуа,  ақжелкен,  жолжелкен,  маралдың  жас 
мүйіздері  емдеуге  қолданған.  Шаған  қабығы  Киев  Русінде  малярияға  қарсы 
емдік  зат  ретінде  алғашқы  рет  қолданып,  кейіннен  басқа  елдердің 
медицинасында қолданды.  
Киев  Русінде  сырттан  келген  шет  дәрігерлер  жұмыс  жасаған,  олар  орыс 
бояр,  князьдерді  емдеген.  Халық  медицинасында  итмұрын,  мия,  шайқурай, 
сабур, рауғаш кең қолданған. Халықты емдеуге знахарь, сиқыршылар қосылған, 
білген дуаларымен емдеген. 


 
62 
Киев  патшасы  Владимир  Мономахтың  немересі  Киевтік  Евпраксия  (Зоя) 
жұмыстарынан  біз  сол  кездегі  медицинаның  дамуын  білеміз.  Оның  «Жағар 
майлар туралы» трактаты белгілі, басқа елдерде танымал болған. 
ХІІІ  ғасырда  орыс  князьдіктеріне  монгол-татар  басқыншылар  шабуыл 
жасап, князьдіктерді бірінен соң бірін басып алды, ХV ғ. дейін орыс халқының 
экономикалық және мәдени дамуын тоқтатты.  ХV ғ. аяғында – ХVІ ғ. басында 
орталықтандырылған Орыс патшалығы құрылды, орталығы Мәскеу болды.  
ХV-ХVІ  ғғ.  Орыс  патшалығында  әр  түрлі  травниктер,  емдік  кітаптар 
шыға  бастады.  Травниктерде  ұнтақтар,  жағар  майлар,  жабыстырғыш,  ысқылау 
түрлері,  жағуға  арналған  майлар  сипатталған.  Орыс  патшалығында  емдеуде 
және  дәріні  дайындау  бір  дәрігердің  қолында  болған.  Дәрілер  (зелейный) 
өсімдік  лавкаларда  халыққа  өткізілген.  «Зелейни»  орыс  тілінен  шөптік  деп 
аударылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет