Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы


Ғылыми зерттеулердің дамуы



Pdf көрінісі
бет30/45
Дата02.01.2022
өлшемі1.88 Mb.
#454097
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45
Фармация тарихы

 
Ғылыми зерттеулердің дамуы 
 
1725  жылы  ашылған  ғылым  Академиясына    І  Петр  шетелден  ғылыми 
стажы  жоқ  ғалымдарды  шақырды.  Сол  кездерде  Петербургке  келген    Иоганн 
Гмилин 18 жаста болды, Леонард Эйлер 20-да, ал Даниил Бернулли – 25 жаста 
еді.  Бұған  қарамастан  олар  маңызды  ғылыми  зерттеулерді  орындады,  ғылым 
Академиясының  атағын  көтерді,  Еуропалық  ғылыми  белгілі  орталықтарының 
қатарына алып келді. 
Петербург  Академиясына  Тюбенгеннен  бірінші  химия  профессоры 
Иоганн Георг Гмелин шақырылды (1709-1755). Ол Ресейге 1731 жылы келеді. 
1733 жылы Витус Беринг өз басқарған экспедициясымен он жылға Камчаткіге 
кетеді.  Тек,  1741  жылы  ол  академиясындағы  химия  саласындағы  жүйелі 
зерттеулерді жаңғыртты. 


 
66 
М.В.  Ломоносов  (1711-1765)  - 
ғұлама орыс ғалымы, энциклопедист, 
әрі  ағартушы.  1711  ж.  8  қарашада 
Мишанский  деревниясында  дүниеге 
келді.  Әке-шешеші  оның  балалық 
шағында  сауатын  ашуға  тырысты. 
Кейін 
Заиконоспасс 
монастырь 
маңындағы 
Славян-грек-латын 
академиясында  5  жыл  оқыды.  Сол 
жерден  1735  ж.  оны    Петербургке 
әріқарай 
оқуын 
жалғастыруға 
жіберді.  1736  жылы  25  жастағы  Ломоносовты  Д.И.  Виноградов  пен  Г.У. 
Раузермен  бірге  Германияның  Марбург  қаласына  металлургия  және  тау-кен 
ісін оқуға іссапарға жіберді.  
Алдыменен  олар  Марбург  университетінің  профессоры  Христиан 
Вольфтың физика, гидростатика, аэрометрия, гидравлика және математикадан 
дәрістерін  тындады.  Химиядан  дәрістерді  профессор  Ю.Г.  Дуайзинг  оқыды. 
Химиядан 
эксперименттерді 
университет 
маңында 
Д.Ф. 
Михаэлис 
аптекарьдың  зертханасында  жасады.  1739  ж.  Саксонияда  металлургия  және 
тау-кен ісін белгілі маман И.Ф. Генкель оқып үйренді. 
1745 жылы М.В. Ломоносов химия профессоры және Петербург Ғылым 
академиясының мүшесі болып тағайындалды. Михаил Васильевичтың жемісті 
қызметі тәжірибелік әдісті бекітуге бағытталды және физика, химия, геология, 
география,  астрономия,  тау-кен  ісі,  шыны  технологиясы,  металлургия,  орыс 
тарихы  мен  грамматикасы  салаларының  дамуына  әсерін  тигізді.  Заттардың 
сақталу заңы, сандық сараптама, жану процессін түсіндіру ғалымның болашақ 
зерттеулерінің негізі болды. 
1742  жылы  Германиядан  келген  кезде  ғылыми  Академия  маңында 
зертхана  үйымдастырды.  Зертхананың  негізгі  бөлмесінде  қыздыру,  күйдіру, 
балқыту,  қайта  айдау  процестерін  жүргізді.  Жапсарлас  бөлмеде  тараздар, 
термометрлер, микроскоп, ауа насосы орналасты. Үшінші бөлмеде Ломоносов 
дәріс  оқыды.  Ломоносов  зертханасының  ұйымдастырылуы  үлгілі  болды,  ол 
физикалық-химиялық  зерттеулерге,  кен  және  металлды  зерттеу  мен  талдауға 
арналды.  
XVIII  ғасырда  еңбек  еткен    М.В.  Ломоносов  Ресей  ғылымының  негізін 
қалаушы,  оның  зерттеулері  фармацияның  дамуына  да  әсерін  тигізді.  Ғылым 
Академиясынан  көптеген      М.В.  Ломоносовтың  ізбасарлары,  атақты  ғалымдар 
шықты:  С.П.  Крашенинников,  И.  И.  Лепехин,  С.К.  Котельников,  П.Б. 
Иноземцев,  С.Я.  Разумовский  т.б.  Ресей  ғалымдары  қысқа  мерзім  ішінде,  өз 
Сурет.15 Михаил Ломоносов 


 
67 
қажеттіліктерімен отандық фармацияны Еуропа ғалымдарының жетістіктерімен 
бір қатарға қойған.  
Осындай химиктердің бірі Иоганн Готлиб Георги  (1729-1802) болған. Ол 
1778-1793  жж.  Петербург  Ғылым  академиясының  басылым  журналдарында 
оның  көптеген  шығармалары  жарық  көрді.  Георги    минералдардың  химиялық 
сараптамасы  мен  сынаулық  сараптамасымен  айналысқан.  Оның  еңбектері 
тұздардың,  теміртастардың,  мәрмәрлердің,  жанғыш  сланцтардың,  су 
өсімдіктерінің, 
саңырауқұлақтардың, 
Нева 
суының 
т.б. 
химиялық 
сараптамасына  арналған.  Оның  барлық  еңбектері  уақыттың  тәжірибелік 
талаптарын шешуге бағытталған. И.И. Лепехин, П.С. Паллас, С.Г. Гмелин, В.Ф. 
Зуев,  Н.Я.  Озерецковский    университет  ғалымдарымен  Ресейдің  байтақ  жерін 
зерттеуге  қатысты.  Өз  шығармалында  тапқан  минералды  және  өсімдік  текті 
шикізаттар  туралы  сипаттама  берді.  Бұл  зерттеулер  болашақ  медицинаның 
және фармацияның дамуына ықпал тигізді. 
Гмелинмен  бірге  екінші  Камчат  экспедициясының  қатысушысы,  М.В. 
Ломоновсотың  болашақ  шәкірті,  студент,  орыс  ботанигі    Степан  Петрович 
Крашенинников (1713-1755) болды.  
Крашенинников  Мәскеуде  жауынгер  жанұясында  өмірге  келді. 
Ломоносов  секілді  Славян-грек-латын  академиясында  Крашенинников  (1724-
1732)  және  Петербург  Академияында  білім  алды.  «Сібір  флорасы»  және 
«Камчатка  жерінің  сипаты»  еңбектері  осы  экспедицияның  нәтижесі  болып 
табылады.  Соңғы  еңбегі  жарыққа  1756  жылы,  автор  қайтыс  болғаннан  кейін 
шықты. 
«Петербург губерниясының флорасы» еңбегінде емдік 501 өсімдіктер мен 
шөптерге  сипаттама  берілген.  Бұл  өсімдіктердің  көбісі  бірінші  орыс 
фармакопеясына енген. 
1750  жылы  С.П.  Крашенинников  ғылым  Академиясының  ректоры, 
профессор,  Петербург  ғылым  академиясының  ботаникалық  бағының 
меңгерушісі болып тағайындалды. Крашенинников құрметіне кейбір өсімдіктер 
түрлеріне оның есімін берді. 
Жаратылыс зерттеуші- энциклопедист, медицина докторы, академик Петр 
Симон  Палластың  (1741-1811)  әржақты  қызметін  айта  кету  қажет.  40  жыл 
өмірін 
Ресей 
табиғаты 
мен 
халқын 
тануға 
жұмсаған. 
Көптеген 
экспедициялардың ұйымдастырушысы болды: Каспий теңіз жағалауын, Гурьев, 
Оренбург, Екатеринбург, Челябинск, Барнаул, Тюмень, Иркутск, Даур даласын 
зерттеуге  барды.  1786  жылы  шыққан,  тамаша:  «Ресей  флорасы  немесе  Ресей 
мемлекетінің  өсімдіктерінің    П.С.  Паллас  берген  сипаттамасы»  кітабы  үлкен 
қызығушылық  тудырды.  Дәрілік  өсімдіктерге  сипаттама  бергенде,  ол  олардың 
халық  медицинасында  қолданылуына  да  сипаттама  берді.  Мысалы, 


 
68 
лиственница  туралы  жазғанда,  осы  талдың  камедіне  сипаттама  берді:  оны 
шайыр  ұқсатып  шәйнау  қажет,  ол  цинга,  тісті  қорғайтын  және  де  шөл 
қандырадыт  зат.      Қайыңды  сипаттай  отырып,  Паллас  қайың  шырынын 
құрқұлақты,  подаграны,  қышыма  қотыр  бөртпесін  емдеуге  пайдалануын 
сипаттайды.  Ол:  «Қарапайым  халықтың  немесе  жабайы  сауатсыз  адамдармен 
байқаусызда  ашылған  көптеген  үй  дәрілері,  дәрігердің  қолында  құтқарушы 
құралға айналады»,- деп жазған. 
Иван  Иванович  Лепехин  (1740-1802)  –  аса  көрнекті  ғалым,  доктор,  өз 
жұмыстарын елінің дамуына арнаған патриот тұлға.  
Лепехин  Петербургте  жауынгер  жанұясында  туылды.  1760  жылы 
университетке  қабылданды.  1762  ж.  13  сәуірде  Страсбург  университетінің 
профессорлерінің  дәрістерін  тындауға  жіберілді.  1767  ж.  Петербургке  қайтып 
келді.  Келесі  жылы  Астраханға  ғылыми  саяхатқа  кетті.  Әрі  қарай  Гурьевке, 
Оренбургке,  Кунгур,  Екатеринбург,  Тюмень,  Верхотурье,  Соликамск, 
Архангельск  және    Вятск  губерниясына  сапар  шекті.  Оның  600  өсімдіктің 
сипаты  берілген  «Доктор  және  ғылым  академиясының  адъюнкті  Иван 
Лепехиннің  Ресей  мемлекетінің  түрлі  провинциясына  барған  саяхатының 
күнделікті жазбалары» (1771-1805) еңбегі ғалымдардың үлкен қызығушылығын 
оятты.  Ол  «адам,  өсімдік  әлемі  және  ішкі    ортаның  арасында  байланыс  бар» 
деген  ой  тастап,  емдік  мақсатта  жергілікті  өсімдіктерді  пайдалану  керек  деп 
есептеген.  Алыстан  пайдалануға  өсімдіктерді  іздемей,  емдеуге  жергілікті 
өсімдіктерді  қолдануын  жөн  көрді.  Ол  жергілікті  емдік  шөптерді  пайдалану 
тәртібін қарапайым тілде түсіндіретін, халыққа арналған емдік кітап шығаруды 
армандаған. 
И.И.  Лепехин  үлкен  әдеби  мұра  қалдырды.  Оның  еңбектері  жеке  баспа 
түрінде ғана емес, еркін экономикалық қоғамның еңбектерінде де, академиялық 
шығармалар  мен  журналдарда  да  шақты.  Қарапайым  халыққа  үй  жағдайында 
қолданылатын  емдік  заттарды  көрсетті:  мысалы,  қызу  көтерілгенде,  науқасқа 
молочай,  рута,  итшомырт,  коноплянка,  горчанка,  золототысячник,  бобровка, 
жылан таран өсімдіктерін ұсынған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет