Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы


Ұлы Отан Соғысы (1941-1945) жылдарындағы фармацевтикалық



Pdf көрінісі
бет35/45
Дата02.01.2022
өлшемі1.88 Mb.
#454097
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45
Фармация тарихы

Ұлы Отан Соғысы (1941-1945) жылдарындағы фармацевтикалық 
қызмет 
 
          Ұлы 
Отан  Соғысы  елдегі  дәріханалық  қызмет  ұйымдарының 
принциптерін қатты тексеріп және жан-жақты сынауға душар етті.  
     
Белоруссия,  Прибалтика  республикалары,  Украина,  Молдова  және 
РСФСР  бөлігінің  территорияларындағы    әскери  іс  -  әрекеттер  дәріханалық 
шаруашылықтарға  үлкен шығын әкелді. 1943 ж. елдегі дәріханалар саны 6221 
дейін,  дүкендер-  281  дейін,  дүңгіршіктер  мен  дәріханалық  пункттер  -5762 
дейін, 
дәріханалардың 
басқаруындағы 
галендік- 
фармацевтикалық 
кәсіпорындар  98  дейін  қысқартылды.  1941-1942  жж.  дәріханалық  мекемелер 
мен  кәсіпорындардағы  фармацевттердің  саны  жартысынан  көбі  қысқартылды. 
Соғыстың  бірінші  кезеңінде  10  фармацевтикалық  институттан  тек  3-і  ғана 
қызмет етті (Пермь, Ташкент, Тбилиссия). 
      
Соғыс  жылдарындағы  ауыр  жағдайда  басты  дәріханалық  басқару  қысқа 
мерзімде  жеткілікті  жаңа  дәріханалық  мекемелер  ұйымдастырды.  Елдің 
оңтүстік-шығыс аймағында өнеркәсіптік өндірістің белгілі бір бөлігі көшіріліп, 
дәріхана  желісі  өсті.  Орта  Азия  республикаларында  132  жаңа  дәріханалар 
құрылды.  Оралда,  Батыс  Сібірде  және  Орал  жағалауларында  54  қалалық  және 
25 ауылдық дәріханалар қайтадан ашылды.  
     
Соғыс  дәріханалық  кәсіпорындардың  орталықтандырылған  жабдықтау 
механизмдерін  бұзып  және  қалпын  өзгертті,  әрі  галенді  кәсіпорындардың 


 
75 
өндірістік  қуатының  ұлғаюы  мен  қосымша  шикізат  көздерінің  қажеттілігі 
туындады.  Дәрілер  (мазь  үшін  негізгі  қоспа)  өндірісі  кезінде  азық-түлік 
өнімдерімен  ауыстырып  жасау,  стрептоцид,  натрий  хлорид,  кальций  хлорид 
және  т.б.  -  медикаменттер  өндірісін  ұйымдастыру,  құрал-саймандарды  жөндеу 
бойынша  шеберхана,  көзілдірік  оптикаларын  және  т.б.  құру,  жаңа  дәрілік 
заттардың көздерін табу өте қажет болды.   
Дәрілік өсімдіктерден жаңа бағалы препараттар қатары алынды; жануарлар мен 
өсімдік  майларын  ауыстырып    медициналық  мазьдарды  өндірді,  экстракттар 
мен тұнбаларды алу кезінде спирттің шығыны төмендетілді.  
     
Дәріхана жұмысшылары соғыс уақытында көптеген ауырлықтарды игере 
алды.    1945  ж.  соңында  дәріханалық  тауарайналымының  жалпы  көлемі  190,5 
млн.р. құрап екі есе деңгейге жетті, ал 1940 ж. соғысқа дейінгі уақытта көтерме 
тауарайналымы  16,6 млн.р. жоғарылады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет