92
денсаулығын қорғау туралы" заңында жүзеге асырылды. Дәрілік айналым
заңдары 35, 36, 48 баптарында баяндалған.
Жоғарыда айтылған нормативті- құқықтық құжаттар шығу нәтижесінде
отандық өндірушілердің жұмысы арта түсті. Қазақстан тәуелсіздік алған
жылдарында фармацевтикалық өнімінің көлемі бойынша алғаш рет кеңестік
кезеңдегі деңгейге - 9 млн. АҚШ долларына жетті. Осы кезде қазақстандық
фармацевтикалық өнімдерді көтерме бағамен импортқа шығару көлемі күрт
өсті. Сонымен қатар 17.11.1997 жылғы №1591 "Дәрі-дәрмек дәрілік зат
орталығы республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Үкімет Қаулысы
"Медстандартқа" өзгертілді.
1999 жылы отандық фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуына оң әсер
еткен "ҚР Президентінің бұйрықтарына заң күші бар өзгертулер енгізу
туралы", "Бюджетке міндетті төлемдер мен салықтар туралы" 31.03.1999
жылғы №356-13 Қазақстан Республикасының заңы шықты. Бұл заң бойынша
дәрілік заттардың, медициналық өнімдері мен техникасының импортына салық
төлеу қысқартылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.01.2002 жылғы №22 Қаулысы
бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің
ведомоствасы
болып
табылатын
фармация,
фармацевтикалық
және
медициналық өнеркәсіп Комитеті қүрылды.
Достарыңызбен бөлісу: