ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы дәріханалық істің дамуы
Қазақстанда фармацевтикалық қызмет өз бастауын ХІХ ғасырдың
ортасынан алады. 1822 жылы бекітілген «Сібір қырғыздары туралы Жарғы»
құжатында денсаулық сақтау саласында өзгерістер белгіленді: әскери
гарнизондарына ауруханалар салу, жергілікті халық арасында жұқпалы ауруға
қарсы профилактикалық жұмыс жүргізу.
1832 жылы Азия Комитетінің Ережесінде Кіші жүз халқына (Орда ішінде)
медициналық қызмет көрсету үшін бір дәрігер рұқсат берілді. Бұл қызметті
алғашқы болып атқарған дәрігер Александр Сергачев еді. Медициналық
көмекке кеткен шығындарды (хирургиялық құрал-жабдықтар, дәрілер т.б.)
Орда ханы өз мойына алатын болды.
1845 жылы патша үкімі бойынша Орда ішіндегі хандық өкімет
таратылып, орнына уақытша Кеңес құрылды. Кеңес кезінде 15 төсектік
қоғамдық аурухана ашылды, онда қырғыздарға медициналық көмек көрсетілді.
Емделетіндер дәрі-дәрмектерді тегін алды.
Ішкі қырғыз Ордасы басқармасының генерал Обручев жасаған сметасы:
15 төсектік аурухананың дәрі-дәрмек сатып алуына 15 сом қаржы қаралған, бұл
бір төсекке күніне 30 тиыннан шығады. Бұл дәрілер тізіміне таңғыш, шприцтер,
инелер, тігіс материалдар, дәріхана ыдыстары, тығындар т.б. жатады. Бұл
ақшаға ең арзан дәрілерді алуға да жетпейтін.
Дәрілердің
жоқ болғандығы сонша, қазақтар ауылға келген
чиновниктерден дәрі сұрай беретін болған. Бұған 1864ж. 15 майда жазған
колледж профессоры Плотниковтың рапорты айғақ болады. Ол өз рапортында
былай жазған: Мен алдағы уақытта облыстың батыс аумағына іссапарға
барғанымда қырғыздарға үлестіруге дәрілерді ала баруды артық емес деп
білемін, олар жалпы айтқанда, қырға барған адамнан дәрі-дәрмек сұрап көп
келеді. Өзіммен бірге қотырға жағатын май, арника, тартатын жасыл пластырь,
көкірек шайын, хинин ұнтағын, іш жүргізетін тұзын, қорғасын ұнтағын,
Иноземцев тамшысын және ұшпалы майын ала барамын – деді.
Азаматтық тұрғындарға ақылы дәрі босататын алғашқы дәріхана 1842
жылы Оралда ашылды. Ол ұзақ уақыт бойы Қазақстандағы жалғыз дәріхана
болды.
Жарты ғасыр өткенде, яғни 1895 жылы әрбір фармацевтке 113-336
мыңнан адам келді. Бір ғана дәріхана жергілікті жердің 100 мың шаршы
шақырымына қызмет көрсетті.
83
Халыққа дәрі-дәрмекпен қызмет көрсету дәріханалардың жеке иелерінің
қолында қадағалаусыз болды. Село тұрғындары толығымен медициналық және
дәрі-дәрмек жәрдемінен тыс қалды.
1867-1868 жж. денсаулық сақтау саласында прогрессивті өзгерістер
болды. Тұнғыш рет Қазақ елінде медициналық көмек көрсету мәселесін
шешетін ұйым құрылды. Уездік дәрігерлер, уездік фельдшерлер мен кіндік
шешелер қызметкерлерлері белгіленді. Сол кезеңде бүкіл Қазақ жерінде небары
20 дәрігер, 24 фельдшер және 20 акушерка ғана бар еді. Медициналық салада
реформалар болғанымен, ұзақ жылдар бойы қарапайым халыққа медициналық
көмек көрсету ісі жоққа тән еді. Медициналық көмек көрсететін мекемелер
қалалық жерлерде болғандықтан, ауыл тұрғындары емдейтін бақсыларға
тәуелді еді.
Халық арасындағы тәуіптер бас ауруына да, бір жағы ауырса да (бүйрек
болуы керек), іші өтсе де, жөтелсе де симптоматикалық еммен емдеді. Өздері
дәрі дайындап, сатқан. Халі ауыр науқастың үйіне барып, дәрі беріп отырған.
Олар көптеген ертеден белгілі болған емдік дәрілерді қолданған: мыс ұнтағы,
күшәла, күкірт, сынап, қорғасын, сірке суы, азот қышқылы, күкірт қышқылы,
қызылша, қымыздық, қара аңдыз және осылармен қатар ғылыми медицинаның
да дәрілері бар.
Л.Я. Соколовтың айтуынша қазақ емшілері іш сүзегі ауруын емдеуге
алтын тамырды, анардың кептірілген қабығын мен хининді қолданған. Іш
өткенде апиын, ревень, мускат жаңғағын, қарақат тұнбасын және арпа мен
күріш боткасын пайдаланған. Өкпесі ауырып қатты жөтелгенге қызыл
бұрышты, қызғалдақты, имбирдің тамырын ұнтақтап сорпаға қосып ішкізген.
1857 жылы Семенова, Лемона, Остан Сакен, А.П. Федченко және доктор
Борцова мен Краузе зерттеулері бойынша Қазақстанның Түркістан аймағында
келесі дәрілік өсімдіктердің өсетінін анықтады: миндаль, ұйқы апиын, жусан,
лакричник, девясиль, ат қымыздығы, бақ-бақ, золототысячник, зверобой,
мелисса, меңдуана, мыңжапырақ, дурман, мать и мачеха, қалақай, итшомырт,
рябина т.б.
Дала генерал-губернаторы Колпаковский 1884 жылы 17 наурызда өзінің
бұйрығында былай деген: «Далалық облыстарда медицина қызметкерлерінің
соншама аз екендігі бұрыннан-ақ белгілі болып келеді, дәрігерлік көмек
халықтың аз ғана бөлігі, соның өзінде де қалалар мен қазақтар поселкелерінің
тұрғындары ғана пайдалана алады. Қырғыз халқы болса көшпелі, оларға уездік
дәрігер мен фельдшер көбінесе полицейлік-дәрігерлік міндетті орындау үшін
барады, науқастарға тіпті медициналық алғашқы жәрдем көрсетудің мүмкідігі
жоқ».
1888 жылы Семей облысында тіркелген науқастар мынадай:
84
Ауру түрі Ауырған адам саны
Безгек - 88 845
Қырқұлақ - 170
Ішек-қарын - 1 605
Мерез - 540
Дизентерия - 136
Қайталама сүзек - 528
Іш сүзегі - 313
ХІХ ғ. 90 жылдары Қазақ жерінде 2 385 362 адам тұрған, 1 916 113 шаршы
шақырымдық Қазақстан аумағында 33 дәрігер, 69 фельдшер, 27 кіндік шеше
және 3 фармацевт болды.
1875 жылға дейін бүкіл Қазақстан территориясында - Орал, Петропавл,
Семей қалаларында небары 6 дәріханада жұмыс істеп тұрды. 25 жыл ішінде -
1900 жылы дәріханалар саны 18-ге жетті. 1897 жылғы жүргізілген халық
санағында Қазақстанда халық саны 4 471 800 болды. 248 500 адамға 1
дәріханадан келді. 1915 жылы елімізде 50 ғана дәріхана болды.
1909 жылдың 1 қаңтарынан Верный қаласында дәріхана ашылды,
дәріхананың меңгерушісі болып жұмысты С.Е .Саввин істеді. С. Е. Саввин
1878 жылы Владимир губерниясындағы шаруа отбасында дүниеге келген. 17
жасында гимназияның 4 класын бітірген ол жекеменшік дәріханаға шәкірт
болып қабылданады. 21 жас шамасында ол Москва университетінің жанына
дәріханалық көмекші (провизорлық көмекші) атағын алу үшін емтихан
тапсырып 1901жылдың шілде айына дейін Воронеж қаласындағы жеке
дәріханаға жұмысқа тұрады. Москва қаласында медициналық университеттің
фармацевтикалық бөлімін 1903 жылы бітіріп, провизор атағына ие болды.
Кейін Старо-Никольскийдегі дәріханасында жұмыс істеді.
1904-1905
жылдары ол Красноярск қаласындағы жекеменшік
дәріхананың меңгеріушісі болып қызмет атқарды, сонан соң Смоленск
губерниясындағы Ярцев мануфакторасының жанындағы ауруханалық
дәріхананың меңгерушісі болып жұмыс істеді. С.Е.Саввин 1908 жылы
желтоқсандағы Верный қалалық әкімінің шақыруы бойынша осында көшіп
келіп, дәріхананы басқаруға кірісті.
Фармацевт қызметкерлері қатарының өсуі аса баяу болды. 1890 жылы 8
фармацевт, 1895ж.- 17, 1900 ж.- 26, 1905ж.- 34, 1910ж.- 44, ал 1915 жылы – 64
фармацевт қосылды. Олардың 17-і дәріхана иесі - провизор, 47-і провизордың
көмекшісі болып істеді. Сөйтіп, 1915 жылы 78 000 жаңға 1 ғана фармацевт
қызмет еткен еді.
85
Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда халыққа медициналық, әсіресе
дәрілік көмек көрсету ісі мүлдем қанағаттанғысыз болып келді.
Достарыңызбен бөлісу: |