Орта Азия елдерінде медицинаның дамуы
Орта Азия халықтары - тәжіктер, өзбектер, түркмендер, грузиндер, қара-
қалпақтар (Хорезм мен Бұхара аймағында тұрған халық) әлемдік мәдениетке,
ортағасырлық Еуропа мәдениетіне орасан зор үлес қосты. ІХ ғ. аяқ жағында
Халифат ыдырағаннан кейін, Исмаил Саманид 892-907 жж. Маверан-нахра
(Орта Азия жерлері) мен Хорасанды (Иран жерлері) бірге біріктіріп біртұтас
мемлекет құрды. Х ғ. Саманидтер мемлекет мәдениетінің гүлдену шынысына
жетті, астанасы Бұхара әсем және бай қалалардың бірі боп аталды. Саманидтер
сөйлеу тілі дары (парсы), ал дін мен
ғылымдарды араб тілінде меңгерген.
980 жылы Бұхара қаласы жанындағы
Афшана ауылында ұлы ғалым Абу Али Хусейн
ибн Абдаллах Ибн Сина дүниеге келген.
Өзінің сирек кездесетін қабілетімен
ерекшеленді, 10 жасқа келгенде Құранды жатқа
білді, оның ана тілі парсы-дары болса да, араб
тілінің грамматикасын меңгеріп алды. Өзінің
үйден оқытатын мұғалімі Абу Абдаллах Натидің
жетекшілігімен философияны, геометрияны,
астрономияны
оқи
бастады.
Оқудың
соншалықты
табысты
жалғасқаны,
Аристотельдің «Метафизика» шығармасын мен
заң ғылымдарын да меңгерді.
Ибн Сина жаратылыстану ғылымын, әсіресе медицинаны беріліп оқыды.
«Содан кейін мен дәрігерлік ғылымға еліктедім, (өмірбаянында осылай
айтылды), оған арналған кітаптарды оқи бастадым. Мен аз уақыт ішінде
медицинада табысқа жеттім, сол кездегі атақты дәрігерлер менен кеңес сұрап
келе бастады. Ауруларға баратын болдым, өзімнің алған тәжірибемнің
нәтижесінде, айтып жеткізе алмайтын, маған сауықтыру қақпасы ашылды. Бұл
кезде мен алты жаста едім».
17 жаста Ибн Сина танымал ғалым және атақты дәрігер атанды. Бұхар
әмірі ұзақ ауырды, Ибн Сина басқарушыны емдеп шығарды, сарай
кітапханасына рұқсат алды. 900 жылы Бұхараны түрік көшпелі тайпалары
жаулап алды. Ибн Сина Хорезм астанасы Гурганджыға (қазір Ургеніш) көшіп
келеді. Шах сарайындағы Мамун Академиясына пікір таластыру үшін келген
ғалымдарға жақтау көрсетті. Хорезм басқарушысы Ибн Синаны, Бируни мен
Масихи ғалымдарын үлкен құрметпен қарсы алды.
Сурет.9 Авиценна
42
Хорезмде Ибн Сина 15 жыл өмір сүрді, осында күрделі «Дәрігерлік
ғылымының каноны» шығармасын жазды. Жергілікті медициналық әдістерін
үйренген соң, ол кітаптардан ескі грек, руми, үнді, қытай, медицина негіздерін
өңдеп жетіктірді. Атақты Гиппократ пен Галеннің еңбектерімен толық танысты,
олар айтқан қағидаларды толықтырды, қатесін түзетті, ескірген ұғымдарды
алып тастады. Ибн Сина арқасында Гиппократ пен Галеннің даңқы қайта
жайылды. Оның күрделі туындысы «Дәрігерлік ғылымының каноны» («Китаб
әл-канун фи-т-тибб»), 5 кітаптан тұратын медицина энциклопедиясы.
Атақты ғалымның тынышты өмірі 1008 жылы аяқталды. Газна
мемлекетінің сұлтаны Махмуд басқарушысы ғалымдарды өз сарайына
шақырады. Ибн Сина сұлтанға барудан бас тартты. Сол кезден бастап ол
қуғынға ұшырап, басынан өткізген жағдайлар қиын болды. Ибн Сина ғылыми,
әдеби және дәрігерлік қызметін тоқтатпады. Өмірдің қиын соқпақтары
денсаулығына әсер етіп, 1037 жылы қайтыс болды. Хамаданда (Иран) жерленді.
Ибн Синанын өзінен кейін 100 астам ғылыми жұмыстар қалдырды. Қуғынға
ұшыраған кездерінде ғалымның көптеген шығармалары жоғалып кетті.
Ибн Синанын күрделі туындысы «Каноны» 1020 жылы аяқталған, араб
тілінде сан рет көшірілді. Латынша аудармасы ХІІ ғасырда жарық көріп, аз
уақытта бүкіл дүние жүзіне таралды. Бүкіл Шығыс пен Батыста Ибн Сина осы
кітап арқылы бірнеше ғасырлар бойы медицина ғылымының жетекшісі,
дәрігерлердің ұлы ұстазы болды.
«Канонның» бірінші кітабында медицина түсініктеріне анықтамалар,
анатомия, аурулар туралы мағлуматтар, аурулардың себебі, денсаулықты
сақтау, емдеу тәсілдері берілген. Екінші кітабында жай дәрілер және олардың
әсері туралы ілім туралы жазылған. Үшінші кітабында патология, терапия,
жеке аурулар сипаттамасы және оларды емдеу тәсілі сипатталған. Төртінші
кітабы жалпы хирургияға және қызу көтерілу туралы ілімге арналған. Бесінші
кітапта күрделі дәрілік заттар, улар және уға қарсы дәрілер сипатталған.
«Медицина- саулықты сақтау, науқасты кеселден айықтыру үшін адам
тәнін зерттейтін ғылым», - дейді автор. «Медицинаның бір бөлігі – білім,
екіншісі – амал, мұның екеуі де ғылым, біреуі медицинаның түп негізі болса,
екіншісі – амал жасау ережелері». Әбу Әли ибн Синаның ең негізгі насихаты –
саулықты күні бұрын сақтау. Бұл жөнінде оның қоятын шарттары: тағамды
талғай білу, денені шынықтыру және таза ұстау. Бұл ережелер осы күнге дейін
маңызын жойған жоқ. Саулық сақтау жолдарын Әбу Әли ибн Сина былай деп
көрсетеді: «Дене құрылысының гармониясын бір қалыпты ұстау, тағам мен
ішімдікті талғау, дәрет тәртібін мұхияттау, киім мен ауа тазалығын ұстау, дене
мен рух бірлестігін көздеу, ол үшін ұйқы тәртібін бұздырмау. «Канондағы»
саулық сақтау үшін дәрігерлер қолданатын ережелердің ең маңыздысы –
43
қанағат. Тамақтануда, шарап ішуде, дәрі пайдалануда, қомағайлыққа да жол
бермей, қанағат ету. Әбу Әли ибн Сина қалдырған соны мұраның ішіндегі
ізгісінің бірі – ауру-кеселді қоздырмас үшін күні бұрын шаралар қолдану.
«Бұзылған, иістенген су ішті бұзады, ал бұзылған ауа шешек, оба кеселдерін
қоздырады. Аурудан сақтану үшін ауыз суды сүзіп, қайнатып ішу шарт», -
дейді ұлы ғалым.
Әбу Әли ибн Сина ауру - кеселдің түрін анықтауға, жалпы оташылыққа
аса көп көңіл бөлді. Әр түрлі мүшенің зақымдануы, жара, жарақат, қызба
ауруларын толық сипаттап жазды. Науқастың реңі, бет-әлпеті, тамыр соғуы,
зәрдің түсі мен түрі арқылы ауру кезеңін байқауды замандастарына үйрете
білді. Кеудені түрткілеу арқылы өкпе нұқсанын аңғару әдісін кең пайдалана
білген. Бұл диагностикалық әдіс Еуропада XVIII ғасырда қайта табылып, кең
өріс алды. Әбу Әли ибн Сина келтірген көптеген ауру-кеселдер сипаты осы
уақытқа дейін маңызын сақтауда. Көздің құрылысы мен қалай көретіндігіне
оның берген ұғымы осы күнге дейін қалпында. Әбу Әли ибн Сина келте кесу
(ампутация), шеке бұрғылау (трепанация), қуықтан тас алу, онымен қатар жара
таңу, білтелеу, сынық салу амалдарын да үйретіп кетті.
Әбу Әли ибн Сина ауруды емдеуде дәріні кең қолданды, Гиппократ
дәрінің 200 түрін, үнді емшілері 800 түрін пайдаланған болса, Әбу Әли ибн
Сина дәуірінде 2600 түрлі дәрі қолданылып, оның жартысынан көбі
өсімдіктерден алынған, Әбу Әли ибн Сина көптеген дәрілерді жасау, дайындау,
сақтау әдістерін ұсынды.
811 тараудан тұратын «Канонның» екінші кітабында Әбу Әли ибн Сина
жай дәрілер туралы жазды. Дәрілік заттардың фармакологиялық әсірі бойынша
жіктелуін атап кетті: ерітуші, тазалағыш, нығайтқыш, жазылуға себепті, қызу
басатын және т.б. Дәрілік заттар номенклатурасын кеңейтті, Қытай, Үндістан
және Жерорта мемлекеттерінің көптеген дәрілік өсімдіктерін еңгізді. Ибн Сина
дәрілік заттарға сипаттама берді, алу көздері, дайындау тәсілін толық жазды.
Дәрілік өсімдіктердің сипаттамасын береді: жусан, түйежоңышқа, мирт, акация,
теңіз жуасы, лаванда, арша, аскөк, түймедақ, қалақай, камедь, копытна.
Минералды препарттардын сипаттады: күміс, қорғасын, алтын, сынап, алмас,
сүрме, күшән. Жылан, сарышаян, құтырған ит шапқанға қарсы емдік заттарды
атаған: маралдың сүйек кемігі мен сілекейі, таспақа қаны, кірпішешен еті,
өзеннің шаяны, гальбан, рута, қыша, бұрыш, жалбыз, фисташкілер, шомыр,
корица, аңдыз, сарымсақ және т.б. Фармацияда қолдануға алғашқы рет
александрлік жапырақты, камфараны, рауғашты еңгізді.
Күрделі дәрілер туралы бесінші кітапта дәрілік түрлер және
рецептуралық жазбаларды бөлек баптарда сипаттаған. Үш күрделі териактар
құрамы, ингредиеннтердің қасиеттері, фармакологиялық әсері берілген. Ибн
44
Сина көп ингредиетті дәрілік түрлердің сақтау мерзіміне көп көңіл аударды.
Териактардың қолдану уақыты әр түрлі, алты айдан 10 жылға дейін ыстық
жақтарда, ал салқын жердерде 20 жылға дейін ауруларды емдеуге пайдалануға
болады. Мысалы, опий мен меңдуана қоспасы бар «фирузнум» ботқасы 6 аудан
кейін қолдануға қолайлы. Териактар ХІХ ғ. дейін барлық фармакопеялардың
мазмұнына еңгізілді. Териактарды көбінесе асқазан-ішек ауруларын емдеуге,
жылан, сары шаян шаққанда қолданды. Ибн Синаның териактарының құрамына
өңделген сұр жыланның еті еңгізілген.
Ибн Сина көптеген дәрілік түрлерді алғашқы рет медицинаға еңгізді:
апиын көкнар, яхонт, сердолик, алтын және т.б. минералдан жасалынған
боткалар.
Құрамында әр түрлі ингредиеннтер қосылған шарап немесе балға иленген
шелпекшілер көп қолданды. Кафара қосылған шелпекшілер қызуды басуға,
жусан қосылған – асқа тәбет қоздыратын, аниспен – жұмсататын дәрілік заттар
ретінде пайдаланған.
Кітапта өсімдік майларына арналған баптар берілген. Майларды сумен
айдау арқылы хош иісті, салқын әдіспенен жусаннан алынған. Біздің кезімізге
дейін меңдуанадан алынған емдік майлар жетті.
Ибн Синаның «Дәрігерлік ғылымының каноны» еңбегі барлық елдерге
медицина энциклопедиясы болды. Баспа әдісі пайда болғаннан кейін араб
тіліндегісін санамағанда, латын аудармасы 30 шақты рет басылды. Еуропада
жиі басылып шығуы жағынан Библиямен бәсекелесті, ал ол 40 рет басылып
шықты. «Дәрігерлік ғылымының каноны» орыс, өзбек тілінде ғалымның 1000
жылдық салтанатына байланысты Ташкентте (1954-56 жж.) басылып шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |