51
БАТЫС ЕУРОПАДАҒЫ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ
XVIII – XIXҒҒ.
Жаңа тарихтың бірінші кезеңі әлемге маңызды оқиғамен Францияда
болған буржуазиялық революциямен танымал. Революция феодалдық
құрылысты түп-тұқылын қоймай қиратты, бостандықты, теңдік және
бауырластық жария етті, бырақ іс жүзінде, феодалдық қатынастар
капиталистікке ауыстырылды.
Сол кездегі революциялық соғыстарға, ауыр экономикалық жағдайларға
қарамастан әйгілі ғалымдар қарқынды жұмыстарын атқарып, мемлекетте
туындаған мәселерді шешіп жүрді. Олар ғылыми проблемаларды көбінесе
елдің қоғанысын нығайту мәселерімен бірге шешуге тырысты.
Лавуазьені қоршаған ғалым саңлақтардың ішінен Клода Луи Бертоллесіз
елестету мүмкін емес. Бертолледе өзінің көптеген замандастары секілді,
алдымен медициналық білім (1768) алды. 1770 ж. Турин қаласындағы
дәріханалардың бірінде химияны зерттеп оқуға арнап, кейіннен медицина
докторы болды.
Достарыңызбен бөлісу: