Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет22/45
Дата02.01.2022
өлшемі1.88 Mb.
#454097
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
Фармация тарихы

Анатомияның және 
хирургияның дамуы 
 
Дәрігерлік  істің  дамуымен  қоса    халық  арасында  цирюльниктер, 
хирургтер  емдеуге  қатысқан.  Хирургияның  деңгейі  өте  төмен  еді,  сондықтан 
Сымбатты  Филипп  1311  жылы  хирургтерге  арнап  эдикт  шығарды,  олар  енді 
хирург  болып  істеу  үшін  алдыменен  лейб-хирург  тағайындаған    арнайы 
хирургтер  алдында  сынақтан  өтуі  қажет.  Сынақтан  өтпеген  хирург  жұмысқа 
жіберілмейтін болды. Тарихи  хабарлар  баяндауы бойынша, 1467 жылы король 
Матфей  Корвин  шайқаста  жараланды,  оны  бір  да  бір  хирург  емдей  алмады, 
король  бұйрық  шығарды:  «Егерде  кім  оны  емдесе,  соған  көп  құрмет  пен 
сыйлық  ұсынады».  Эльзастан  келген  хирург  оны  емдеп  жазды,  еліне  мол 
қазына-мүлікпен  қайта  оралды.  Бүкіл  университеттерде  хирургияның  статусы 
жоғарлады. Дәрігердің қарауында XV ғ. хирургтар ампутация жасаған, ағзадан 
тастарды  шығарған,  сынықтарды  емдеген,  көзден  бельмо  алып  тастаған. 
Дәрігер мен лейб-медик аурудың зәрін зерттеген және дәрілерді тағайындаған.  
А.  Везалий  (1515-1564)  Брюсселде  дүниеге  келді,  әкесі  Карл  V  сарай 
маңында  дәріханашы  болған.  Парижде  медицинаны  оқиды,  Падуе    қаласында 
бакалавр  атағын  алды,  кейін  медицина  докторы  атанды.  1537  жылы  көпшілік 
алдында мәйітті союды көрсетті.   Венеция сенаты оған хирургия профессорын 
атады,    анатомияны  оқытуға  рұқсат  берді.  Сол  кезде  Везалий  23  жасқа  толды. 
XVІ ғ. ортасында медицинада анатомия саласында Гален беделі жоғары болды. 
Везалий  Галенді  қадырледі  және  оның  еңбектерін  құрметтеді,  Галеннің 
кітаптарын аударды, қайта басылуға дайындады. Бірақ, адам мәйіттерін зерттей 
тұра,  Галеннің  көптеген  көзқарасының  қателіктерін  тапты,  себебі  Гален  білімі 
маймыл мен басқа жануарларды анатомдық зерттеулер қортындыларына  
негізделген.  Ол  Галеннің  200  қатесін  тапқан.  1543  жылы  Везалий  қысқаша 
«Эпитоме»    оқулық  жазды,  анатомиялық  таблицалармен  жабдықтады. 
Сурет.12 Андреас Везалий 


 
49 
Оқырмандарды адам ағзасының құрылысымен, қаңқа, бұлшық ет, нерв жүйесі, 
артериялар, веналармен таныстырды. Сол жылы  Базель қаласында оның негізгі  
еңбегі  «Адам  ағзасының  құрылысы  туралы»  7  кітап.  250  суреттерін  суретші 
Й.С.  ван  Каль-кар  салды.  Император  Карл  V  патша  сарайының  маңына 
Везалийға  дәрігер  қызметін  ұсынды,  Везалий  мақұлдады.  Патша  сарайымен 
Мадридке  көшті.  Испанияда  адам  мәйітін  кесуге  шіркеуден  рұқсат  болмаған, 
Везалийге анатомиялық кесулер тиым салынды. Карл V Везалийге өмірбақилық 
зейнетақы тағайындады. Тақты патша баласына Филипп ІІ босатты, ал Везалий 
сарай  жанында  дәрігер  боп  қызмет  жасауға  қалды.  Сол  кездерде  Падуе 
қаласында,  кафедрада  анатомиялық  зерттеулер  жалғастырылды,  Габриэль 
Фаллопий  (1523-1562)  кафедра  басқарды,  «Анатомиялық  байқаулар»  кітабын 
жазып  шығарды.  Везалий  Филипп  ІІ  патшадан  қайта  Падуеге  оралуға  рұқсат 
сұрады,  патша  қабыл  алмады.  Екінші  рет  Палестинаға  қажыға  баруға  рұқсат 
сұрады, оны жіберді. Палестинадан қайтып келе жатқанда аяқ астынан ауырып, 
қайтыс болды.  
Падуе  университетінің  анатом  ғалымдары  Везалий  басшылығымен 
ғылыми  анатомия  негізін  қалаушылар  боп  саналады.  Андрей  Везалийдің 
еңбектері  осы  уақытқа  дейін  маңызын  жоғалтқан  жоқ.  Везалийдің  шәкірттері 
оның зерттеулерінің анатомия үшін үлкен жаңалық екенін дәлелдеді. 
Амбруаз  Паре  (1517-1590  жж.)  цирюльниктер  қауымынан  шыққан.  Париж 
емханасында  хирургияны  меңгерді.  1536  жылы  армияда  әскери  цирюльник-
хирург  қызметін  атқарды.  «Оқ  тиген  жараларды  және  садақтан,  найзадан 
болған жараны емдеу тәсілдері» атты 
еңбегі  1545  жылы  француз  тілінде 
шыққан. 
1554 
жылы 
Париж 
университетінің 
медициналық 
коллегиясына  кірді.  Сол  кезде  әйгілі 
дәрігерлердің  бірі  аталды.    Король 
Генрих  ІІ,  Франциск  ІІ,  Генрих  ІІІ, 
Карл  ІX  сарай  маңында  алғашқы 
хирург  және  акушер  болып  қызмет 
атқарды.  
Сол 
кезде 
медицинада 
проблемалардың  көбісі  ашық  оқ 
жараға  байланысты  еді.  Жаралар 
іріндеп, асқынуы көбейіп кетті. Оған 
емнің  ең  жақсысы:  қыздырылған 
темірді  басу  немесе  қайнаған  майды 
күйю болған. 1536 жылы жас әскери 
Сурет.13 XVI ғасыр. Цирюльниктер 
мектебі 


 
50 
цирюрильник  А. Паре жарақатталған жауынгерлерді емдеу кезінде оларға  май 
жетпей қалады. Қол астында ештеңе болмай, ол жараға өз жасаған жағар майды 
салды, оны жұмыртқа сарысына раушан майын қосып жасады, жараның үстіне 
таза  таңғыш  тартты.  Түнімен  Паре  жарақатталғандар  өліп  кете  ме  деп, 
уайымнан дұрыс ұйықтамады. Таңертең оның таңғалғаны: жауынгерлер жақсы 
ұйықтаған,  жаралары  асқынбаған,  іспеген.  Ал  сол  кездегі  ыссы  май  құйған 
жаралар ісініп, науқастардың температурасы көтеріп, ауыртатын. Осы оқиғадан 
соң  Паре  науқастарды  дайындаған  жағар  маймен  емдеген.  1544  жылы  Карл  V 
әскерімен Франциямен  соғысқанында, Амбруаз Паре француз жағынан әскери 
қызметте болды. Ал сол кезде Карл V әскерінде хирург болып Везалий қызмет 
атқарды.  Олар  бір  бірінін  жазған  еңбектерін  оқып  білді,  жұмыс  барысында 
оларды  қолданды.  1559  жылы  Парижге  Генрих  ІІ  (1519-1559)  турнирде  қатты 
жарақаттағанда  екеуінде  Паре  мен  Везалийді  патшаны  емдеуге  шақытқан  еді. 
1550  жылы  –  «Анатомиялық  нұсқау»,  1561  жылы  –  «Жараны  емдеу  туралы 
кітап», 1564 ж., 1572 ж. – «Үлкен хирургия аурулары» туралы еңбектері шықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет