«Қадим» және «Жәдид» - Қазақ қоғамындағы араб жазуына қатысты зерттеулерде араб жазуы «қадим», «жәдид» деп екіге бөлінеді. Зерттеушілердің көрсетуі бойынша, қадим жазу үлгісіне ХVІ-XVII ғ.ғ. аралығындағы тарихи негізі бар жылнамаларды, құжаттарды және түркі халқына ортақ еңбектерді, ал жәдид жазуына «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» тәрізді алғашқы қазақ газеттерінде қолданылған жазу үлгілерін жатқызады. Қадим жазу жүйесінің басты бір ерекшелігі дауысты дыбыстардың таңба арқылы емес, диакритикалық белгілермен берілуі, яғни дауысты дыбыстардың қызметін харакаттар атқарған. Харакаттар үшеу: «фатха», «дамма», «кесра». Бұл белгілер қазақ тіліндегі тоғыз дауыстының мәнін берген, фатха — «а», «ә»; дамма — «ұ», «ү», «о», «ө»; кесра — «ы», «і», «е» дыбыстарының мәнінде жұмсалып отырған. Мысалы, мен — ﻦﻤ (мн) , Ешдәулет — ﺕﻠﻭﺍﺪﺸﻴ ﺍ (Ешдәулт), сөзлешүб — ﺐﺸﻪﻟﺯﺳ (сзлешіб), көңілі — ﻰﻠﻜﻨﻜ (кңлі), бүлдірген — ﻦﺎﻜﺮﺪﻠﺒ (блдрген). Қадим жазу жүйесінде ұлттық жазуға тән емес, тек араб сөздеріне ғана тән таңбалар (ﺾ, ﺙ , ﻆ , ﺫ ) қазақ тілінің төл сөздерін жазуда да қолданылған. Қадим жазу жүйесінен жадид жазуының басты ерекшелігі жазуда дауысты дыбыстардың харакаттар арқылы емес, таңба арқылы беріліп, дауысты дыбыстар үнемі жазуда хатқа түсіріліп отырғандығында.
Мысалы: нече – هچن (нче), йане – هني (йне), мұнда – ادنم (мнда), қырғыз – زغرق (қрғз). Бұл араб жазуындағы харакаттардың (қысқа дауыстылардың) жазуда белгіленбеуінен шыққан. Харакаттар дауыссыз дыбыстың асты-на не үстіне қосымша белгі болып қойылады. Араб графикасындағы <е> фонемасының ашық-қысаңдығы айырылмағандықтан екі әріппен де берілді. Сонда <а>, <ә>, <е> фонемалары бір графемаға ұйымдасқанмен төрт түрлі позициялық әріп-вариантта қолданылды. Г.Мамырбекованың зерттеуі бойынша, дауыстылардың өзіндік түрде /иа/-мен берілген, ал сөз ортасы мен аяғында <а>, <ә>-лермен бірге /һа/арқылы таңбаланған. Біздің ойымызша, мұндағы сөз басындағы <е>-нің дифтонг реңкі жазуда ескеріл-ген. Ал сөз ортасы мен аяғында ашық езуліктердің позициялық реңкі нейтрализацияланып берілген дейміз. Дауысты дыбыстардың бір инвариант таңбасының (харакат) қойылмай кету ерекшелігі жазудың кодтық қасиетін білдірді. Қазақ жазуында дыбыстық мәні бар әріпке мадда белгісін қойып, дыбыстық мәні жоқ әріпке мадда белгісінің қойылмауы қысқа дауыстылардың дауыстылардың мадда белгісімен белгілену тәртібіне сәйкес келді. - Мысалы: нече – هچن (нче), йане – هني (йне), мұнда – ادنم (мнда), қырғыз – زغرق (қрғз). Бұл араб жазуындағы харакаттардың (қысқа дауыстылардың) жазуда белгіленбеуінен шыққан. Харакаттар дауыссыз дыбыстың асты-на не үстіне қосымша белгі болып қойылады. Араб графикасындағы <е> фонемасының ашық-қысаңдығы айырылмағандықтан екі әріппен де берілді. Сонда <а>, <ә>, <е> фонемалары бір графемаға ұйымдасқанмен төрт түрлі позициялық әріп-вариантта қолданылды. Г.Мамырбекованың зерттеуі бойынша, дауыстылардың өзіндік түрде /иа/-мен берілген, ал сөз ортасы мен аяғында <а>, <ә>-лермен бірге /һа/арқылы таңбаланған. Біздің ойымызша, мұндағы сөз басындағы <е>-нің дифтонг реңкі жазуда ескеріл-ген. Ал сөз ортасы мен аяғында ашық езуліктердің позициялық реңкі нейтрализацияланып берілген дейміз. Дауысты дыбыстардың бір инвариант таңбасының (харакат) қойылмай кету ерекшелігі жазудың кодтық қасиетін білдірді. Қазақ жазуында дыбыстық мәні бар әріпке мадда белгісін қойып, дыбыстық мәні жоқ әріпке мадда белгісінің қойылмауы қысқа дауыстылардың дауыстылардың мадда белгісімен белгілену тәртібіне сәйкес келді.
Достарыңызбен бөлісу: |