Араб халифаты а раб халифатының құрылуы


VII-XVIII ғасырлардағы Араб халифатының өркениетінің дамуы



бет3/5
Дата16.03.2023
өлшемі0.5 Mb.
#470861
1   2   3   4   5
Лекция 15

3.VII-XVIII ғасырлардағы Араб халифатының өркениетінің дамуы.
А раб өркениетінің дәуірлеген шағы 8 – 11 ғасырлар болды. Оның көрнекті үлгілері сәулет және бейнелеу өнерінде көрінді. Әуелгі кезде арабтардың мәдениеті бағындырылған халықтардың мәденитінен төмен болды. Бірақ арабтар бертін келе олардың ғылым мен өнер саласындағы жетістіктерін меңгеріп алды.
Мәдениеттің дамуына шаруашылықтың өркендеуі де көмегін тигізді. Суармалы жерлерге арпа мен бидай егілді, құрма мен қант қамысы өсірілді. Арабтар Азияның өзге елдерінен мақта мен күріш, апельсин мен лимон әкелді.Бармақтарынан бал тамған қолөнершілер мақта мен жүннен жеңіл және мықты маталар тоқыды. Өз кілемдерімен Иранның даңқы шықты. Сирияда ашық түсті жібектер тоқылып, шыны ыдыстар жасалды. Сирияның қару-жарақ жасайтын шеберлерінің даңқы бүкіл дүние жүзіне жайылды.
Дамаск болатынан жасалған семсерді, қылыш пен сауытты барлық елдердің рыцарьлары аса жоғары бағалады.
Еуропалықтар арабтардан көптеген бағалы ғылыми білімдер алды. Араб математиктері мен астрономдарының еңбектерін орта ғасырлық Еуропа ғалымдары басшылыққа алды. Еуропалықтар арабтардан цифрларды ғана емес, сонымен қатар астрономия білімін, жұлдыздардың атауларын, карта с ызуды, глобусты пайдалануды үйренді. Авиценаның латын тіліне аударылған медицина жөніндегі шығармалары ХVII ғасырға дейін Еуропа дәрігерлерінің қолынан түспейтін кітабы болып жүрді.
Алғашқы халифаттардың патшалық орталықтары сол кезде-ақ бой көтерген Медина, Иерусалим және Дамаск шәһәр-кенттері болатын. Бұл қалалардың бекінісін нығайту және жаңаша жобалау негізінен кейінгі кезеңдердің үлесіне тиеді. Олардың біріншісі түп тегімен арабтық үлгіде салынды, қалған екеуін арабтар христиандармен бірге бөлісті. Омейдтер Иерусалим мен Дамаскіні исламның шапағаты мол ғанибет, ғажайып сәулеттік құрлыстарымен көркемдеп, безендірді, Жерорта теңізі аймағында бірқатар сән-салтанатты резиденциялар тұрғызды. Палестинада бір ғана Рамлу шаһарын салды. Қосөзеннің адам аяғы баспайтын жазық далалары нағыз қала салу алаңына айналды.
Арабтар Қосөзен жерінде шеңберлі саз, жар-қамалмен қоршалған әскери лагерьлер орнықтырды. Орталық алаңға төрткүл дүниенің төрт бұрышына бағытталған төрт қақпадан шығатын көшелер келіп тоғысады. Басра мен Куфа осылай осылай тұрғызылды. Лагерьдің дуал, қабырғаларындасауда-қолөнерлік кәсіп ісі өркендеп дами түсті.
Ауқымды атшаптырым аудан көлемі халифтар мен оның наместниктерінің шәһәр-резиденцияларына тін екенің аңғару қиын емес. Сол жағалаудағы Бағдадтың ең үлкен бекіністі шәһәрларының ауданы 500 гектарға дейін жетті. Сондай-ақ әрә шәһәрлар санатында Ракка,Каир, Қала Бану Хаммад гүлдеп, дәуірледі. Сонымен қатар, керісінше мұнда небірі 5,5 гектар жерге сыйған Монастыр секілді «мөлтек» шәһәрлар да болды. Бұл ең ірі көрсеткіштен 100 есе кем.
Негізгі екі жобалық үлгі – тіктөртбұрышты және шеңберлі жобалар қарастырылды. Бір қарағанда, ертедегі Бағдадтың дөңгелек жобасы өте кісі қызығарлықтай көрінеді. Шын мәнінде ол өз заманына тән типтік жоба болатын. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, арабтар жаңа жерлерге әскери лагерьлерді орналастыра отырып, мұндай схемалық жобаларды жиі кәдесіне жаратты. Шеңберлі қыстақтар дәстүрі көне дәуірдің өзінде тұрмысқа берік енген еді, Кіші Азиядағы зенджирли, парфяндық Хатра, сасанидтік Гур және Дарабгерд – соның куәсі.
О сы заманда салынған қалалардың дамуы біркелкі болған жоқ: олардың бірі, Дамаск, Халеб қалалары антикалық үлгіде өркендесе, Каир, Тунис, Алжир, Фес қалалары ерте ортағасырлық негізде, ал үшіншілері Маркет, Рабат қалаларыортағасырдың гүлдеп, дәуірлеген кезіңде пайда болды. Біреулері бастапқы контурларын сақтаса, өзгелері бірқатар өзгерістерге ұшырады. Алғашқы тұстағы қалалармен салыстырғанда олардың құрылымдары күрделене түсті – цитадель- қасбалар пайда болды, қала шеті аудандары ұлғая түсті, Қаланың өз аумағы медина деп аталады.
Мекке исламға дейін көп уақыт бұрын Аравияның түстігінен Сирияға және Қосөзенге қарай өтетін керуен жолында «ізгілік жолы» ретінде дүниеге келді. Меккенің құрлыстары тақыр төбелердің баурайларында ұзыннан тарыдай шашылып орналасты, қасиетті Харам кешенә шәһәрдің оңтүстік жағынан орын тепті. Тұрғын жайлар көп қабатты мұнара тәрізді, мұнда құдайға құлшылық етушілер өздеріне шатыр тігіп алады. Қамал қабырғалары деген мұнда еш уақытта болған емес.
Мединенің кескін келбеті тіпті өзгеше. Ол теңіз деңгейінен 600 метр биіктікте, оазистің ортасында жатыр және салқын ауа-райы климатымен ерекшеленеді, Шәһәр крестшәлердің шабуылы қаупінен қорғану үшін ХІ ғасырда өз бекінісін салды, десе де Медине қабырғаларының қазіргі бейнесінің «жасы» ХVI ғасырдан әрі аспауы мүмкін. Қаланың жобалық нобайы ап-айқын. Оңтүстік –шығыс тұсында Мұхаммед пайғамбардың қабірі бар Харам мешіті орналасқанү Шәһәрда төрт қақпа бар. Басты кең көшелер Харамды солтүстіктегі Баб Шами және батыстағы Баб Мирси қақпаларымен жалғастырады. Оңтүстіктегі Баб Джума қақпасына қала зираты жалғасады. Іргесі вади Сайх сағасымен бөлінген қала шеті ауданы қос қақпасы бар өз қорғанымен қоршалған. Қаланың екі бөлшегі де солтүстікте цитадельдің полигонымен түйіседі. Осы қақпадан жолдар Сирияға, Йеменге, Недждқа және Куббу қыстағына қарай шығады. Қаланың «баб» делінетін қақпалары өзінің мәні мен сыртқы кескіні жағынан ешнәрсеге тең келмейді. Қатардағы, «қызмет» қақпалары төрткүл дүниенің төрт бұрышына орай, аш-Шарки –Шығыс, ал-Гарби – Батыс немесе өтетін жолдар бағытына орай, Фес қақпасы, Бағдад қақпасы,Хорсандық қақпа деп аталады. Десе де әдетте»шәһәрдің шерулік қасбеттері» саналатын қақпалары алыстан ерекше көз тартып көрінеді. Олар әрине, көз жауын аларлық түрлер және бедерлермен ажарландырылады.
Бағдадтағы Хорсанға маңдай түзеп салынған бетінде арыстандар мен мифтік бейнелер бедерленіп тастан ойылған Талисманның қақпасы деп аталатын сәулетті ғимараты осындай көркем болды.
Батыстағы бас РабатБаб ар-Руа қақпалары жақсы өрнектелген, десе де ХІІ ғасырдың соңындатұрғызылған Марракеш қасбетінің қақпасы –Баб Агнау дарбазасы өте айшықты, безендіріліп салынған, мұнда ою-өрнекті қабырғалар, аркалар, үшкіл құрылымдардың жапырақ іспетті өрнектері және жылуы мол, ашық жасыл реңкпен таста жиектеліп ойылып түсірілген жазба өрнектер бірден көз тартады.
Мешіт, медресе, тұрғын үйлердің жаңа үлгілері жобалық шешімімен, айшықты өрнектерімен, эстетикалық әсемдігімен ерекшеленді. Ислам діні адамдар мен жануарларды бейнелеуге тыйым салды. Меккедегі Қағба ғибадатханасы, Иерусалимдегі 692 жылы салынған әл-Ақса мешіті, өкінішке орай осы мешітті 1969 жылы Израиль фанатиктері өртеп жіберген. 8 ғасырда салынған Дамаскідегі Бани-Омейя мешіті, тұрмыс-салт тақырыбында әшекейленген Кусейр-Әмре қамалы мен 641 жылы қабырғасы қаланған Әмре мешіті Араб өркениетінің сәулет өнеріндегі озық үлгілеріне жатады. Батыста: Алжир, Испания, Марокко, Тунис Мавритания өнері аталған сәулет өнерінде тамаша үлгілер туғызды. Оның осы кезге дейін сақталған озық туындысы Гранададағы Альгамбра қамалы. Азиядан тыс жерде араб өрикениеті Египет пен Сирияда өте жоғары дамыды. Әсіресе, Египетте 876 – 879 жылдарда бой көтерген, күні бүгінге дейін сақталған ибн Тулун әл-Әзхар, 990 – 1013 жылдары салынған әл-Хаким мешіттерінің жобалық үлгісі, әшекей-нақышы, құрылыс бөлшектерін өрнек түрінде пайдалану тапқырлығы қазірге дейін таңқалдырады. Каир қаласындағы осы үш мешітке жұма намазға жиналған бүкіл қала халқы сыйған. Ал 15 ғасырда әл-Әзхар мешітінде ашылған кітапханада араб Шығысының мәдениеті мен тарихына байланысты 60 мыңнан астам кітап пен 15 мыңдай қолжазба сақталған. Бұл кезеңде мешіттермен қатар керуен-сарайлар, моншалар мен тұрғын үйлер салынған. Орта ғасырдағы араб музыкасы Испанияның, Португалияның музыка өнеріне, кейбір Еуропа елдерінің музыка аспаптарының қалыптасуына әсер етті. Бұл кезде арабтардың музыка ғылымы да жақсы дамыды. 11 ғасырдың ақырына таман халифаттың ыдырауы, салжұқтардың жаугершілігі мен крест жорықтарына қарсы күрес, 13 ғасырдағы моңғол шапқыншылығы, 16 ғасырдың басындағы түрік жаугершілігі, 19 – 20 ғасырдағы Еуропа отаршылдығы араб өркениетінің дамуын күрт бөгеді. Бірақ кезінде қатты дамып, жан-жақты қалыптасқан араб өркениетінің Батыс пен Шығысқа еткен әсері өзіндік өшпес ізін қалдырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет