Қарағанды 2009 Әож 616. 96 Кбж 52. 67я7 д 95 пікіршілер: Г. А. Абдулина


Қарапайымдылардын негізгі кластарына сипаттама



бет2/3
Дата05.07.2016
өлшемі302 Kb.
#179424
түріОқулық
1   2   3


Қарапайымдылардын негізгі кластарына сипаттама

Саркодиналар класы (Sarcodinа)

Саркодиналар класына 10000-ға жуық түрлер жатады; олар негізінен теңіздерде, тұщы суларда және топырақтарда кездеседі. Бұлар - ең қарапайым жануарлар. Олардың денесі бір ғана жасушадан тұрады, цитоплазмасы жіктелмеген, бір немесе бірнеше ядролары болады Саркодиналарда қабықша (пелликула) болмайды, сондықтан олардың денесінде тұрақты пішін жоқ. Грекше берілген «саркос» сөзі «плазма» дегенді білдіреді. («Плазма» дегеніміз қоймалжың сұйықтық немесе жасуша ішіндегі цитоплазма.) Сондықтан саркодиналар класын «плазмалылар» деп атайды.. Дене пішіні түрақсыз, козғалу органоидтары болып жалған аяқтары саналынады. Жалған аяқтары қозғалу мен қатар жемтікті қармау қызметін де атқарады. Ауыз қуысы болмайды, жасушаға заттардың енуі және жасушадан заттардың сыртқа шығарылуы денесінің кез келген жері арқылы жүзеге асады. Жиырылғыш вакуольдері - біреу. Көбеюі негізінен жыныссыз жолмен — жасушаның 2-ге бөлінуі арқылы жүреді.

Осы типтің өкілдері әр түрлі бактериялар, қарапайымдылар және біржасушалы балдырлармен қоректенеді. Демек олар гетеротрофтарға жатады. Олар суда еріген оттегіні бүкіл денесімен сіңіру арқылы тыныс алады. Зиянды заттар ерітіндісін цитоплазмадағы жиырылғыш вакуоль арқылы сыртқа шығарады . Ортаның колайсыз жағдайында циста түзеді. Кейбір түрлерінде жасушасының сырты әкті қаңқамен қапталған (сәулелі өрмекаяк, қошқармүйіз көпірме). Қаңқалары немесе бақалшақтары әктен түзілген саркодиналардың қалдықтарынан топырақ әктенеді, мұндай қалдықтар тау жынысын түзуге қатысады. Паразитті түрлері адамда және жануарда ішек ауруларын тудырады. Мысалы дизентериялық амеба адамның тоқ ішегінде дизентерия (кантышқақ) ауруын тудырады.

Бұл кластың өкілдері: Амеба (Аmoedinа).отряды.

Амеба отряды — Атоеbiпа

Адам денесінде амебаның бірнеше түрлері кездеседі, олардың ішінен маңыздысы — қантышқақ (дизентерия) амебасы (Еntamoeba histolytica) (1-сурет).



1-сурет. Дизентерия және ішек амебалары.

а) ірі вегетативтік формасы, б, в) ұсақ вегетативтік формасы: 1-эктоплазма, 2-эндоплазма, 3-жалған аяқтары, 4-ядро, 5-кариосома, 6-ас қорыту вакуоляларындағы эритроциттер; г) циста.

Дизентерия амебасы — Еntamoeba histolytica адамдардың зілді ауруы —амебиаз ауруының қоздырушысы болып табылады. Ол адамның тоқ ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Ол барлық жерлерде, әсіресе климаты ыстық болып келетін жерлерде, кездеседі.

Бұлар тек адам паразиті болып табылады. Оның тіршілік циклінде мынадай формалары кездеседі: циста, ұсақ вегатативтік формасы (forma magna), ірі вегетативтік формасы (forma minuta) және ұлпалық формасы.

Инвазиялық сатысы болып 4 ядролы циста саналады. Ол лас қол арқылы, не жуылмаған жеміс-жидектерді жегенде адамға жұғады. Адам ішегіңде циста қабығы еріп 4 ядролы амебаға айналады. 4 ядролы амеба тез бөлініп 4 бір ядролы ұсақ вегетативтік формасы (7-15 мкм) (forma minuta) түзіледі. Ұсақ вегетативтік амеба тоқ ішекте бактериялармен қоректеніп, ұзақ уақыт зиянсыз тіршілік етеді. Тоқ ішектің төменгі бөлімдеріне өтіп ол цистаға айналады да нәжіспен сыртқа шығарылады.

Ішектің амеба аркылы зақымдануы салдарынан ұсақ вегетативтік формаға (forma minuta) ірі вегетативтік формаға (forma magna) айналады. Оның өлшемі ірілеу 30—40 мкм және ядро кұрылысы ерекше болып келеді. Олар эритроциттермен қоректенеді, сондыктан оларды эритрофагтар деп атайды.

Ішек қабырғасының ұлпасында көбеюші амебалар (ұлпалық формасы) ішек қуысына өтуі мүмкін. Олардың кұрылысы және көлемі ірі вегетативтік формаға ұқсас болады, бірақ олар эритроциттермен қоректене алмайды.

Емдеу немесе ағзаның қорғаныстық реакциясының күшеюі нәтижесінде ірі вегетативтік форма қайтадан ұсақ вегетативтік формаға өтіп цистаға айналады.

Кейбір адамдарда ұсақ вегетативтік форма еш уақытта да ірі вегетативтік формаға айналмайды. Ондай адамдарды циста тасымалдаушылар деп атайды. Олар өздері ауырмайды, бірақ басқа адамдар үшін өте қауіпті, себебі басқа адамдардың зақымдану кезінің бірі болып табылады. Циста тасымалдаушы 1 тәулікте 600 млн цисталарды боліп шығарады. Оларды дер кезінде тауып емдеу қажет.

Амебиаздың жұғуының жалғыз көзі болып адам саналады. Нәжіспен бөлініп шыққан цисталар топырақты, суларды ластайды, бау-бақшаларға жетіп жеміс-жидектерді ластайды. Ластанған жеміс жидектерді жумай жеген кезде амеба цистасы адамға жұғады. Олардың механикалық таратушылары болып шыбындар, тарақандар саналады.



Клиникалық сипаты. Негізгі белгілері (симптомдары) ішектің қансырап тұратын жарасы, қан мен сілемей араласқан сұйық үлкен дәреттің жиі келуі болып табылатын зілді ауруды қоздырады. Дұрыс емделмесе 40% жағдайда дүние салуға алып келеді.

Лабораториялық анықтау. Нәжісті микроскопиялык зерттеу арқылы жүргізіледі. Аурудың зілді кезінде үлкен дәретте эритроциттерді жұтқан ірі вегетативтік формасын, ал созылмалы ауру кезінде не циста тасымалдаушыларда 4 ядролы цисталарды іздейді.

Алдын алу шаралары ретінде жеміс-жидектерді жуып жеу, қайнаған суды ғана ішу, тамақтану алдында, дәрет алғаннан кейін, қолды сабындап жуу, яғни жеке тазалықты сақтау болып табылады механикалық тасымалдаушыларды (шыбындар, тарақандар) жою және санитарлық ағартушылық жұмыс (үгіт-насихат) жүргізу әдістерін атауға болады.

Адамның ас қорыту жолында дизентерия амебасымен қатар басқа да патогенді емес амебалар кездеседі. Ол - ішек амебасы (Entamoeba coli), ауыз амебасы (Entamoeba dingivalis). Олар адам денсаулығына зиянсыз болып табылады.



Ішек амебасыЕntamoeba coli – ауру туғызбайды, морфологиялық құрылысы дизентерия амебасына ұқсас. Ол вегетативті форма және циста түзеді, циста да 8 ядросы болады. Цистасы 13–25 мкм.

Ауыз амебасы - Entamoeba gingivalis – тіс сыртында, таңдай миндалиналарының көмекей безінде орналасады, сау адамдардың 25%-да кездесетін, комменсал. Көлемі 6-30 мкм, циста құрмайды. Бактериямен, лейкоциттермен қоректенеді. Иек қанаған кезде эритроциттермен қоректенуі мүмкін.
Талшықтылар класы — FLagellata

Бұл класқа 6-8 мыңға жуық түрлер жатады, олардың көпшілігі адам паразиттері болып табылады.

Талшықтылардың денесі кішкентай, сопақша, домалақ не жіпше тәрізді, пішіні тұрақты. Олардың дене пішінін сақтауға пелликула жәрдемдеседі. Пелликула дегеніміз – көптеген қарапайым жәндіктердің денесін қаптайтын жұқа, иілгіш қорғаныш қабат.

Қозғалу органоиды – талшықтар және.желпуші жарғақша. Талшықтар - дененің алдыңғы жағында орналасқан цитоплазманың ұзын және жіңішке өскіншесі болып саналады. Талшық цилиндр пішінді базальдық денешіктен немесе кинетосомадан тұрады. Кейбір талшықтылардың (лейшмания, трипоносома) талшығының түбінде ерекше органоид - кинетопласт кездеседі, ал кейбіреулерінің талшығы денесін ұзына бойына бойлап, сыртқа шығып тұрады. Цитоплазма онымен жұқа өскінше арқылы жалғанып желпуші жарғақша - (ундилденуші жарғақша) түзеді. Талшықтыларда жасушаның ішіне енетін тығыз салмақ түрінде аксостильтірек органелласы бар.

Қоректенуі: гетеротрофты, кейбіреулері автотрофты немесе миксотрофты. Паразит нысаны қоректі денесінің бүкіл бетімен пиноцитоз аркылы сіңіреді; гетеротрофтылардың ас қорыту вакуольдері болады. Бөліп шығару органоиды - жиырылғыш вакуольдері еркін өмір сүретін формаларында ғана кездеседі, ал паразит формалары болмайды. Талшықтыларда негізінен бір кейде екі ядро кездесуі мүмкін.

Көбеюі: жыныссыз, кейде жынысты жолдармен жүреді.

Өкілдері: лейшманиялар, лямблиялар, трипаносомалар, трихомонадалар.
Алғашқы монадалылар отряды.

Лейшмания туысы —Leishтапіа.

Лейшмания трипоносомалылар тұқымдасына жатады. Бұл тұқымдастың ерекше белгісі ретінде даму циклінде, қоршаған орта ерекшеліктеріне қарай, бірнеше морфологиялық формалары бар:



  1. Трипоносомалық формасының жалпақ, таспа тәрізді денесі болады, оның ортасында сопақша ядро орналасқан. Талшық денесінің артқы жағынан, ядродан кейіндеу, басталады, желпуші перде жаксы жетілген.

  2. Критидиалдық формасының талшығы денесінің ортасынан, ядродан ілгерілеу, басталады: желпуші перде қысқа болып келеді.

3. Лептомонадалық формасының талшығы денесінің алдыңғы жағының жиегінен басталады, желпуші перде дамымаған.

4. Лейшманиялық (немесе жасуша ішілік) формасынын денесі домалақ, ядросы ірі, талшык мүлдем дамымаған не өте нашар дамыған, оның тек базаль денесі ғана болады.

5. Метациклдік формасы критидиалдық формаға ұқсас, бірақ талшықтың еркін болігі дамымаған.

Лейшмания туысының өкілдерінде 2 морфологиялық форма кездеседі: лептомонадалық және лейшманиялык.

Тіршілік циклі иесін алмастыру арқылы жүреді. Лейшманиялық нысаны адамдарда және омыртқалыларда паразиттік тіршілік етеді; лептомонадалык формасы — таратушы насекомдарда кездеседі. Лейшмания тудыратын ауруды лейшманиоздар деп атайды, ол табиғи-ошактық, трансмиссивтік аурулар қатарына жатады.

Лейшманиялар екі түрге бөлінеді:



  1. дерматотропты (теріні закымдайды)

  2. висцеротропты (ішкі мүшелерді зақымдайды)

Висцералді лейшманиозды қоздырушы Leishтапіа donovai. Ол бауыр, көкбауыр, сүйек кемігі жасушаларында, лимфа түйінінде, тері астындағы ретикулоэндөтелиалды жасушаларда кездеседі.

Ол Жерорта теңізі елдерінде, Азия, тропикалык Африка, Оңтүстік Америка, Орта Азия, Кавказ елдерінде таралған.



Даму циклі. Бұлардың резервуарлары болып адамдар және әр түрлі сүтқоректілер (иттер, шиебөрілер) саналынады. Таратушылары болып ұсақ қансорғыш насекомдар-бәкене шыбындар есептелінеді. Лейшмания бәкене шыбынның ас қорыту жолына еніп сілекей безіне өтеді. Ондай шіркей адамды шақса лейшманияның лептомонадалы түрін жұқтырады. Олар қан, лимфа аркылы таралып ішкі мүшелер жасушаларына өтіп лейшманиялык формаға айналады да көбейеді. Бір жасушадағы паразиттер саны 100—200-ге дейін жетуі мүмкін. Олар жасушаны бұзып жаңа жасушаларға өтіп өтырады.

Патогендік әсері. Көкбауыр және бауыр мөлшері үлкейіп өседі. Ағзада қаназдылық, әлсіздену, жүдеу процестері байқалады. Ауру зілді түрде не созылмалы түрде жүруі мүмкін. Дұрыс емделмесе өлімге алып келеді. Бұл аурумен негізінен балалар жиі ауырады.

Лабораториялық анықтау — төс сүйегі кемігінің жағындысын микроскоп арқылы зерттеп, паразиттің лейшманиялық түрін табу болып саналады.

Алдын алу шарлары: жеке шаралар — бәкене шыбындардан сақтану; қоғамдық шаралар — табиғи резервуарларды жою; санитариялық-ағартушылық жұмыстар жүргізу, ауруларды емдеу т.с.с.

Тері лейшманиозын қоздырушы — Leishтапіа trоріса

Лейшманияның дерматотропты түрінің 3 түрлі тармағы белгілі: L. tгоріса mіnог; L. tгоріса majог (Жер шарының шығысында) және L.tгоріса mехісапа (Жер шарының батысында). Олар тері жасушаларында кездеседі.

Еуропа, Азия, Америка, Африка, Орта Азия және Кавказ елдерінде кең таралған.

Висцералды лейшманиозға ұқсас. Жұғу көзі болып адам және жабайы жануарлар (ұсақ кемірушілер) саналынады. Таратушылары болып шіркейлер есептелінеді.

Ағзаның ашық жерлерінде ұзақ жазылмайтын жаралар пайда болады. Жара жазылғаннан кейін оның орнында тыртық із қалады.

Лабораториялық анықтау - жара бетіндегі ылғалды микроскопиялық зерттеу арқылы жүргізіледі. Алдын алу үшін шіркейлердің шағуынан сақтану; қоғамдық шаралар шіркейлерді, табиғи резервуарларды жою.

Көпталшықтылар отряды - Ро1уmastagіпа

Ішек трихомонадасы (Trichomonas hominis) – ішек трихомонозының қоздырғышы. Тоқ ішектерде орналасады. Барлық жерлерде таралған. Өлшемі 5- 15 мкм, сопақ пішінді, көпіршік тәріздес бір ядросы, 3-4 талшығы және ундулярлы мембранасы бар.

Урогениталды (қынап) трихомонада –Trichomonas vaginalis. Урогениталды трихомонадоз ауруын қоздырушы паразит, ол әйелдер мен ер адамдардың зәр шығару және жыныс жолдарында кездеседі. Ол барлық жерлерде таралған. Бұлар ішек трихомонадасына ұқсас, бірақ ірілеу болып келеді, өлшемі 7—30 мкм. Дене пішіні алмұрт тәрізді; 4 талшығы болады, оның бірі денесінің артына қарай бағытталған.

Олар жыныс-несеп жолдарының қабырғасына бекініп механикалық әсер етеді. Бұл ауруды жыныс-несеп жолдарының бөлінділерін микроскоппен зерттеу арқылы анықтайды. Жеке шаралар - гигиеналык шарттарды сақтау болып табылады.


Лямблия - Lamblia intestinalis – лямблиоз ауруының қоздырғышы. Паразит вегетативтік түрінде (трофозоит) өмір сүреді. Денесі алмұрт тәріздес, оң және сол бөліктерге бөлінген. Өлшемі 10-18 мкм. Барлық органоидтары мен ядролары жұпты. Ядроларының арасында екі тіректі жіпшелер жатады. Төрт жұп талшықтары бар. Қоректенуі осмостық. Лямблиялар циста түзе алады, олар нәжіспен сыртқа шығып, қоршаған ортаға тарайды.

Трофозоиттар аш ішектің жоғарғы бөліктерінде тіршілік етеді.

Сорғыш дөңгелегінің көмегімен ішек эпителиінің түктеріне жабысады. Өт жолдарында өттің әсерінен тез өледі. Вегетативтік түрлері нәжіспен бөлінбейді, бірақ диарея болса оларды жаңа бөлінген нәжістен табуға болады. Вегетативтік түрлері ішектің төменгі бөліктеріне түсіп, цисталарға айналады. Оған ішектің осы бөліктеріндегі қолайсыз жағдайлар көмектеседі. Цисталар нәжістермен қоршаған ортаға шығады. Онда олар ылғалдылық пен температураға байланысты 1 айға дейін жақсы сақталады. Құрғақтылық цисталардың жойылуына әкеледі. Адамның залалдануы ластанған қол, ойыншықтар, тағам және су арқылы іске асады. Олар арқылы ішекке түскен цисталар вегетативтік түрлерге айналады, бір циста 2 вегетативтік түр құрайды.

Инфекциялық процестің даму ықтималдығы организмге түскен цисталардың санына, асқазанның қышқылдығына және адамның иммундық статусына байланысты.

Аш ішектің шырышты қабатында паразиттік өмір сүретін лямблиялар ішекті жауып тастайды, ішек қабырғасындағы ас қорыту қимылын бұзады, тамақ ингредиенттерін сіңіруді төмендетеді. Лямблиялар өттің әсеріне өте сезімтал, сондықтан олар өт жолдарына патологиялық процестерді тудыра алмайды.

Аурудың клиникалық көріністері негізінде асқынған энтероколит түрінде (бірақ қанды диарея ретінде емес) байқалады және де жаман иісті сұйық нәжіс,метеоризм, іштің ұстамалы ауруды, құсу, кекіру болады.

Вегетативтік түрдегі лямблияны сұйық, ал цистаны қалыптасқан нәжістен табуға негізделген.

Трипаносома – Trypanosoma ( грек.trypanon – бұрғылайды, soma – дене) сопақша денелі, ұзындығы 15 – 40 мкм, толқынданған талшығы және денесі мен талшықтар арасында мембранасы бар. Тек жыныссыз жолмен (шизогония) көбейеді. Полиморфизммен, әрі иелерін ауыстыру арқылы күрделі даму циклінен өтеді.

Паразит дамуының үш сатысы бар:


  1. трипоносомалар эпимастиготтар (криптидиалдық сатысы) түрінде тасымалдаушы жәндіктердің ішегінде өмір сүреді.Олар қоректі ортада өседі. Ересек түрлеріне ұқсайды.

  2. трипомастиготтар (трипаносомдық сатысы) адамның және басқа сезімтал жануарлардың қанында өтеді.

  3. амастиготтар (лейшманиялық түрлері) жасушалары сопақша, кішкене, талшығы жоқ.

Трипаносомалардың екі түрі бар:

  1. Африкалық трипаносома, Trypanosoma gambiense – созылмалы гамбиялық трипаносомозды (батыс – африкалық ұйқы ауруы), Trypanosoma rhodesiense – жедел родезиялық трипаносомозды (шығыс - африкалық ұйқы ауруы) тудырады.

  2. Америкалық трипаносома, Trypanosoma crusi – Круз – Шагас ауруын тудырады

Тіршілік циклі. Трипоносомалардың тіршілік циклінің бірінші бөлімі це-це шыбынының (Африкалық трипаносомозда) және ұшатын қандаланың (Америкалық трипоносомозда) ас қорыту жолында өтеді. Екінші бөлімі – жылы- қанды омыртқалы жануарлардың қанында өтеді.

Трипаносомалар омыртқалы иелерінің (адам, үй және жабайы жануарлар) қанында болады. Қан сорғанда трипомастиготтар немесе амастиготтар це-це шыбынының немесе қандаланың ағзасына өтеді. Онда олар эпимастиготтарға немесе лейшманиялық түрлеріне айналады және ішекте, сілекей бездерінде көбейеді. Бірнеше жұмадан кейін жәндіктер ағзасында трипомастиготтардың (амастиготтардың) жаңа ұрпақ популяциясы жиналады және олардың сезімтал ағзаға өту қабілеті пайда болады.

Трипаносомалардың негізгі ерекшеліктері – иесінің жасушаларына белсенді өте алуы, онда олар әуелі талшығын жоғалтады, көбейеді, жасушаларды бұзады, қанға өтіп, қайтадан талшықтарын қалпына келтіреді. Трипаносомалар қоршаған ортаға шықпайды.

Патогенезі және клиникалық белгілері. Трипаносоманың адам денесіне енген жерінде шиқан тәрізді қабыну, инфильтраттың қалыптасуы (африкалық трипаносомозда) және көздің шырышты қабатының іріңсіз қабынуы, конъюктивит болады. Круз – Шагас ауруына шалдыққандарда (америкалық трипаносомоз) бүкіл лимфа түйіндерінің үлкеюі, дене қызуы, кейде менингоэнцефалит байқалады. Аурулар жүрек – қан тамыр жүйесінің жеткіліксіздігінен өледі. Аурудың созылмалы түрінде жүректің, ішектің зақымдануы байқалады.

Африкалық трипаносомозда гамбиялық түрінде дене қызуы біртіндеп, родезиялық түрінде – кенеттен көтеріледі. Барлық лимфа түйіндерінің ұлғаюы, теріде дөңгелек бөртпелердің пайда болуы – осы инвазияның негізгі белгілері болып есептеледі. Ауру бірнеше жыл жалғасатын созылмалы түріне ауысып, орталық жүйке жүйесінің зардаптануымен (мінез құлықтың бұзылуы, жүріс- тұрысының өзгеруі, апатия) сипатталуы мүмкін. Ауру барысында ұйқышылдық, аяқ – қолдың қалтырауы, өткінші салдану, сөйлеудің бұзылысы байқалады. Осы себептен африкалық трипаносомозды африкалық ұйқы ауруы деп атайды.



Диагноз қою үшін қан, лимфа торына және арқа ми сұйықтығына лабораториялық бақылау жүргізеді.

Алдын алу шарлары: инсектицидтерді пайдаланып, ұшатын қандалаларды це - це шыбынын құрту, үй – жайдың жағдайын дұрыстау.
Споралылар класы – Sporozoa

Бұл класка тек паразиттік формалар жатады. Бұлардың қозғалу органоидтары, ас қорыту және жиырылғыш вакуольдері болмайды. Жыныссыз және жыныстық жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбеюі шизогония (көпшілікті бөліну) күйінде болады. Тіршілік циклі күрделі, иесін алмастыру арқылы жүреді.



Өкілдері: қан споралылар және кокцидий отрядтары.

I. Қан споралылар отряды — Неamasporidіа

Қан споралылары өздерінің дамуының белгілі бір сатысын адамның не әр түрлі омыртқалылардың эритроциттерінде өткізеді. Олардың даму циклі иесін алмастыру арқылы жүреді. Жыныссыз көбеюі адам денесінде, жыныстық көбеюі омыртқасыз жануарларда, (несекомдарда) жұреді. Бұлар спора түзбей бір иесінен екіншісіне тікелей беріліп отырады.

Бұл отряд өкілі болып адам паразиті безгек плазмодиясы саналынады - ол безгек ауруын коздырады. Адамдарда безгек плазмодийінің 4 түрі паразиттік тіршілік етеді:

Plasmodium vivax – үшкүндік малярия туғызушы.

Plasmodium malarie – төрткүндік малярия туғызушы.

Plasmodium falciparium – тропикалық малярия туғызушы.

Plasmodium ovale – үшкүндікке ұқсас малярия туғызушы.

Бәрінің даму циклі және кұрылысы ұқсас: аралық иесі - адамдар, ақырғы иесі - безгек масасы болып табылады.



Тіршілік циклі үш кезеңге бөлінеді, оның екеуі адам денесінде, үшіншісі маса денесінде өтеді.

I. Преэритроцитарлық шизогония. Плазмодий адам денесіне зақымданған маса сілекейінде болатын спорозоиттар күйінде енеді, яғни бұлардың инвазиялық сатысы болып спорозоиттар саналады. Спорозоиттар қан арқылы бүкіл денеге, бауыр жасушаларына келіп жетеді. Бұл жерде олар өсіп, үлкейіп шизонтқа айналады. Содан кейін шизонт шизогония жолымен (көпшілікті бөліну) бөлініп, көптеген (1000-5000) ұсак бір ядролы мерозоиттар пайда етеді. Бұл процесс преэритроцитарлық немесе ұлпалық шизогония деп аталады. Бауыр жасушалары бұзылғанда мерозоиттар шығып қанға өтіп эритроциттерге енеді.

II. Эндоэритроцитарлық шизогония. Эритроциттерге енген мерозоиттар гемоглобинмен қоректеніп өсіп шизонтқа айналады. Өздерінің дамуында мерозоиттар бірнеше сатыдан өтеді: алғаш олардың өлшемдері өте кішкентай, эритроцит көлемінің 1/3-1/6 бөлігін алып, цитоплазмасы сақина тәрізді болады бұл сақиналы шизонт сатысы; әрі қарай сақиналы шизонт ұлғайып, жалғанаяқтар пайда болып, қозғалып, амебатәрізді шизонтқа айналады. Шизонт бірте-бірте өсіп, эритроцит көлемін түгел толтырады, гемоглобинді толық жояды және шизогония жолымен бөлінеді. Әр түрлі түрлерде түрліше мөлшерде мерозоиттар түзіледі. Р1.vіvах-22, Р1.malarіае-6-12, РІ.falciparum 12-18. Бұл кезде эритроциттер кабықшасы жыртылып мерозоиттар канға өтеді де зақымданбаған жаңа эритроциттерге еніп жаңа цикл басталады. Мерозоиттармен бірге қанға олардың улы өнімдері де етеді. Осының нәтижесінде ағзада қалтырау ұстамасы басталады. Эндоэритроцитарлық кезең РI.vіvах, РI. falciparum,PI.ovale -де 48 сағатқа (үшкүндік безгек), Р1.malarіае - 72 сағатқа (төрткүндік безгек) созылады. Шизогонийдің қайталануы нәтижесінде адам ағзасындағы паразиттер саны тез көбейеді. Бірнеше дүркін жыныссыз кебеюден кейін жыныстық жолмен көбеюге дайындық басталады. Кейбір мерозоиттар эритроциттерге еніп жетілмеген жыныстык формаларға — гаметоциттерге айналады. Олардың кейбіреулері аналық жыныс формаларын — макрогаметоциттерді, енді біреулері — аталық жыныс формаларын — микрогаметоциттерді түзеді. Гаметоциттер шизонттарға қарағанда ірілеу, домалақ болып келеді, олардың қою қара ядросы болады. Адам ағзасында гаметоциттер әрі қарай дамымайды. Олардың әрі қарай дамуы маса денесінде өтеді.

III. Жыныстық көбеюі және спорогония. Маса ағзасына гаметоциттер ауру адамның қанымен бірге енеді. Маса асқазанында олар жетілген жыныстық нысанға немесе гаметаларға айналады. Микрогаметоциттер бөлініп 5—6 талшық тәрізді микрогаметаларға, ал макрогаметоциттердің көлемі үлкейіп 1 макрогаметаға айналады. Ұрықтанғаннан кейін зигота козғалғыш оокинетаға айналып, асқазан қабырғасын тесіп өтіп оның сыртқы қабатына бекінеді. Ол қабықшамен қапталып ооцистаға айналады да тез өсе бастайды. Содан кейін спорогония процесі басталады, яғни ядро мен цитоплазма бөлініп ооциста ішінде көптеген (1000) спорозоиттар түзіледі. Ооциста кабықшасы жарылып спорозоиттар масаның дене қуысына, гемолимфаға, сілекей безіне өтеді.

Патогендік әсері. Ауруларда мезгіл-мезгіл қалтырау ұстамасы (қызбасы) байқалады. Әрбір қызбада 6—12 сағатқа созылған қалтырау және дене температурасының 40°С дейін көтерілуі байқалады.

Бауыр мен талақ ұлғаяды, қаназдылық байқалады. Емделмесе, әдетте, дүние салуға алып келеді.



Лабораториялық анықтау үшін қан жұғындысын микроскоп арқылы зерттеп паразитті табу кажет.

Аурудың алдын алу шаралары — безгек резервуары болып саналатын ауру адамдарды дер кезінде тауып емдеу; ауру паразиттерін тасымалдаушы — безгек масасын жою болып табылады.

II. Кокцидий отряды — Соссіdіа

Бұл отряд өкілдерінің ішінен маңыздысы - токсоплазма.



Токсоплазма — Тохорlasmа gondіі — адамның және жануарлардың токсоплазмоз ауруын тудырушы, барлық жерлерде кең таралған паразит.

Токсоплазма адам ағзасының әр түрлі мүшелерінде — бас миында, скелет (қаңқа) және жұрек бұлшықеттерінде, кез ұлпасында, өкпеде, жатыр қабырғасында және ұрық қабықшаларында кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет