Қарағанды 2009 Әож 616. 96 Кбж 52. 67я7 д 95 пікіршілер: Г. А. Абдулина



бет1/3
Дата05.07.2016
өлшемі302 Kb.
#179424
түріОқулық
  1   2   3


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫНЫҢ
МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ


Дюсенбекова Баян Нестеровна

Медициналық паразитология
Қарапайымдылар типі
оқу құралы

Қарағанды 2009

ӘОЖ 616.96

КБЖ 52.67я7

Д - 95
ПІКІРШІЛЕР:



Г.А.Абдулина - Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының микробиология және иммунология кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты.

Н.У.Танкибаева – Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының эпидемиология және медициналық генетика кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты.

Б.М.Жұмабаева – Қарағанды қаласының медицина колледжінің әдіскері, мед.биология және генетика пәнінің оқытушысы.
Д – 95. Дюсенбекова Б.Н. Медициналық паразитология, Қарапайымдылар типі. – Оқу құралы. – Қарағанды. – 2009 ж. – 37б.
КБЖ 52.67я7
Медициналық паразитологияның Қарапайымдылар типі атты оқу құралы медициналық колледждің барлық мамандықтарының оқушыларына арналған. ҚР денсаулық сақтау минстрлігі бекіткен типтік бағдарламаға сәйкес құрастырылды.
Оқулық құрал ҚММА – ның Медициналық колледжінің әдістемелік кеңесінде талқыланып бекітілді. Хаттама № 5 22.04.09 ж
ҚММА – ның Ғылыми кеңесінде бекітіліп, баспаға ұсынылды.

Хаттама №5 «28» 05 2009ж.

© Дюсенбекова Б.Н. 2009 жыл


Мазмұны


  1. Кіріспе.....................................................................................................4

  2. Қарапайымдылар типі - Ргоtozoa..........................................................6

  3. Қарапайымдылардың экологиялық жіктелуі.......................................8

  4. Қарапайымдылардын негізгі кластарына сипаттама

Саркодиналар класы - Sarcodinа...........................................................9

  1. Талшықтылар класы - Flagellata...........................................................12

  2. Споралылар класы - Sporozoa...............................................................17

  3. Инфузория класы - Infusorіа..................................................................21

  4. Тестік сұрақтар.......................................................................................23

  5. Терминдер сөздігі..................................................................................34

  6. Әдебиеттер..............................................................................................36


КІРІСПЕ
Адамда ауру тудыратын паразиттердің таралуын және оның алдын алу, емдеу, инвазияға қарсы күресу тәсілдерін зерттейтін ілім саласы – медициналық паразитология деп аталады.

Медициналық паразитология үш бөлімнен тұрады:



  1. Медициналық протозоология – қарапайымдылар тудыратын ауруларды зерттейтін ілім.

  2. Медициналық гельминтология – ауру тудыратын жалпақ және жұмыр құрттар типі өкілдеріне жататын гельминттерді зерттейтін ілім.

  3. Медициналық арахноэнтомология – буынаяқтылар типіөкілдерінің қоздырғыштарды тасымалдаушыларын зерттейтін ілім.

Медициналық паразитологияның негізгі мақсаты – паразиттер қоздыратын ауруларды болдырмау және алдын алу жүйесін құру.

Табиғатта паразит түрлері көп, олар – нағыз, жалған, уақытша және тұрақты деп бөлінеді.



Нағыз паразиттер иесінің денесімен едәуір уақыт бойы байланысқан, паразиттік тіршілік ету тарихы қалыптасқан және түрдің ерекше белгісі болып саналады.

Жалған паразиттер еркін тіршілік ететін түрдің кейбір өкілдері кездейсоқ басқа бір түрдің дарасына еніп оның қалыпты тіршілігін бұзады.

Уақытша паразиттер (негізінен қан сорғыш буынаяқтылар) өздерінің өмірінің шамалы ғана уақытын иесінің денесінде өткізеді, ал қалған уақытта еркін тіршілік етеді.

Тұрақты паразиттер – салыстырмалы тұрақты және шартты тұрақты паразиттер болып бөлінеді. Салыстырмалы тұрақты иесінің денесінде өзінің даму циклінің бір – ақ кезеңін өткізеді, ал қалған кезеңдерінде еркін тіршілік етеді.

Шартты тұрақты паразиттер - өздерінің барлық өмірін иесінің денесінде өткізеді, олар еркін, яғни иесінің денесінен тыс, тіршілік ете алмайды.

Иесінің денесінде орналасуына қарай паразиттерді эктопаразиттер және эндопаразиттер деп бөледі.

Эктопаразиттер иесінің дене жамылғысының (тері, түктер) тіршілік етеді. Оларға қансорғыш буынаяқтылар – кенелер жатады.

Эндопаразиттер – иесінің ішкі мүшелерінде тіршілік етеді.

Паразиттердің иелерін аралық, негізгі деп бөледі. Иесі дегеніміз – паразиттердің қорек және мекен ортасы ретінде пайдаланатын тірі ағзалар. Кейбір паразиттер өздерінің даму циклінде бір иесінен екіншісіне көшіп отырады, оны иесін алмастыру деп атаймыз.



Аралық иесі деп паразиттің дернәсілдік сатысы кездесетін, не жыныссыз жолмен көбейетін ағзаны айтамыз.

Негізгі иесі деп паразиттің ересек сатысы болатын не жыныстық жолмен көбейетін ағзаны айтамыз.

Паразит үзақ уақыт сақталатын ағзаларды резервуар деп атайды. Кейбір паразиттер үшін резервуар болып адамдар (безгек, бөртпе сүзегі, іш сүзегі), кейбіреулері үшін жануарлар саналады. Жабайы жануарларды табиғи резервуарлар деп атайды. Мысалы, кемірушілер лейшмания, оба, туляремия ауруларының қоздырғыштарына табиғи резервуар болып саналады.

Көптеген паразиттердің таралауы үшін резервуарлардан басқа таратушылар да қажет. Таратушылар қызметін қан сорғыш буынаяқтылар атқарады. Таратушылардың белсенділігі нәтижесінде паразиттер табиғатта кең таралады. Оларды арнайы таратушылар, механикалық таратушылар деп боледі.

Арнайы таратушылар денесінде паразиттер өздерінің дамуының бір кезеңін өткізеді (безгек масасы).

Механикалык таратушылар денесінде паразиттер дамымай тек олардың көмегімен кеңістікте таралады. Мысалы, шыбын денесіне әр түрлі паразиттер жабысып таралуы мүмкін.

Паразиттердің таратушылар денесінде сақталу мерзімінің созылуына олардың трансовариалдық жолмен берілуі маңызды рел атқарады. Паразиттердің трансовариалдық жолмен берілу дегеніміз таратушылардың жұмыртқа жасушалары (гамета) арқылы паразиттердің ұрпактан-ұрпақка беріліп өтырылуы болып табылады. Паразиттер таратушылардың әр түрлі ұлпаларымен мүшелеріне өтуі мүмкін, соның ішінде жыныс мүшелеріне — аналық безге, жұмыртқа жасушаларына. Осындай жұмыртқа жасушалары ұрықтанғанда ұрық калыпты дамиды, бірақ оның барлық сатыларында, ересек дараларында паразиттер болады және оны ұрпақтан-ұрпакка беріп отырады.

Пайда болу себептеріне қарай адамдар мен жануарлардың ауруларын инфекциялық (жұқпалы ауру, індет) және инвазиялық (паразиттік) аурулар деп боледі.

Инфекциялық аурулар әр түрлі микроағзалардың — бактериялар, спирохеттер, вирустар, саңырауқұлақтардың әсерінен пайда болады.

Инвазиялық аурулар түрліше патогендік қарапайымдылар (протозооноздар), гельминттер (гельминтоздар), насекомдар әсерінен пайда болады.

Таратушылар аркылы берілетін ауруларды трансмиссивтік аурулар деп атайды.Оларға инфекциялық және инвазиялық аурулар жатады.

Паразиттер мен иесінін арасындағы ерекше байланыстарға қарай төмендегідей трансмиссивтік ауруларды ажыратады:

зооноздар — тек қана жануарларға тән аурулар (құстар безгегі); антропоноздар — тек қана адамдарға тән аурулар (трихомонадоз, амебиаз), антропозооноздар — адамдарда да, жануарларда да кездесетін аурулар (тайга энцефалиті, лейшманиоз, оба т.б.).

Е.Н. Павловский 1939 жылы экспедициялык, лабораториялық, эксперименталдық зерттеулер нәтижесінде табиғи ошақтық аурулар деген ұғымды қалыптастырды. Табиғи ошақтық аурулардың бірнеше ерекше белгілері болады:



  1. олардың паразиттері адамның катынасынсыз табиғатта өз бетінше ұзақ уақыт айналып жүреді;

  2. олардың таратушылары болып жабайы жануарлар саналады;

3) олар табиғатта кең таралмай белгілі бір шағын жерлерде — ошақтарда кездеседі.

Табиғи ошақтық ауруларға мысал ретінде тайга энцефалитін алуға болады. Тайганы мекендейтін жабайы жануарлар (тиін, қоян, кірпі, кұстар) - табиғи резервуарлар; жануарлардың паразиттері — иксод кенелері таратушылар болып саналады да, табиғатта адамнан тәуелсіз, өз беттерінше бірінен-біріне өтіп ұзақ жылдар бойына айналып жүреді. Олардың ареалдары қылқан жапырақты ормандармен шектелген, одан тыс кездеспейді. Паразиттің табиғи резервуарларының, таратушыларының таралған жерлерін (тайга) ошағы деп атайды.

Лейшманиоздың табиғи ошағы - лейшманиямен зақымданған тышқандар мен олардың індерін мекендейтін бәкене шыбындар таралған шөлді және шөлейт жерлер саналады.

Табиғи ошақтар адамдар үшін өте қауіпті. Егер кездейсоқ адамдар сол ошақтарға бара қалса (экспедиция, аң аулау, орманшылар т.б.) онда таратушылар сол паразиттерді адамдарға жұқтыруы әбден мүмкін.


Қарапайымдылар типі — Ргоtozoa
Қарапайымдылар - денесі бір жасушадан тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы көрінетін ағзалар, қызметгік жағынан ол біртұтас, дербес ағза болып саналады. Құрылысы қарапайым сияқты болғанымен, бір ғана жасушаның ішінде ас қорыту, тыныс алу, зат алмасу, қозғалу, көбею, сыртқы әсерлерге жауап беру сияқты кез келген тіршілік иесіне тән белгілер үздіксіз жүріп жатады. Жасуша пішіні әртүрлі, тұрақты (кірпікшелі кебісше) немесе тұрақсыз (амеба) болады. Қарапайымдылардың денесі өте кішкентай: 3 мкм-ден 160 мкм аралығында болады. Ол сыртқы мембранадан, цитоплазмадан, ядродан және органоидтардан тұрады. Сыртқы мембрананың құрылысы жасушалардың мембранасына ұқсас; цитоплазмасы 2 қабатқа бөлінген — сыртқы қабаты — эктоплазма, тығыздау, біркелкі және мөлдір, ал ішкі қабаты - эндоплазма, түйіршікті және сұйықтау болып келеді. Эндоплазмада жалпы қызмет атқаратын органоидтары болады: митохондриялар, эндоплазмалық тор, Гольджи кешені т.с.с. Сонымен қатар, қарапайымдыларда ерекше қызмет атқаратын органоидтарда кездеседі. Оларға қозғалу, ас қорыту, зәр шығару, қорғаныстық т.с.с. органоидтары жатады.

Қарапайымдылардың қозғалу органоиды болып жалғанаяқтары, талшықтары, кірпікшелері саналынады.

Қарапайымдардың қоректену тәсілі автотрофты (фотосинтез) гетеротрофты (фагоцитоз, пиноцитоз) болады. Ас қорыту органоиды болып ас қорыту вакуольдері, зәр шығару органоиды - жиырылғыш вакуольдер саналынады; ал кейбіреулерінде ерекше тесікшелер - қылаулатқыштар кездеседі.

Қарапайымдылар жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбеюі жасушаның жай 2-ге бөлінуі аркылы, не жасушаның көптеп бөлінуі (шизогония) арқылы жүруі мүмкін (ядросының бөлінуі - митоз, одан кейін ұзынан немесе көлденең цитокинез). Жынысты көбеюі копуляция (талшықтылар). не коньюгация (инфузория), күйінде кездеседі.

Ортаның қолайсыз жағдайында циста (тығыз қабық) түзіледі. Бұл кезде олар қозғалуын тоқтатып, қалың қабықпен қапталып, тыныштық күйіне көшеді. Олардың зат алмасуы мүлдем тоқталады. Кейбір жағдайда циста таралу қызметін атқарады. Қолайлы жағдай туса олар қайтадан тіршілігін әрі қарай жалғастыра береді

Қарапайымдардың 70000-ға таяу түрі бар. Олар табиғатта кең таралған және мұхиттарда, теңіздерде, тұщы суларда, топырақтарда .еркін және паразиттік тіршілік ететін түрлері кездеседі. Табиғатта топырақ, бор түзуге қатысады, адамдар мен жануарларда әр түрлі зілді ауруларды (малярия, лишманиоз) қоздыруы мүмін.

Қарапайымдылар қозғалу тәсілі мен көбею ерекшеліктеріне байланысты 7 класқа бөлінеді. Біз көбінесе солардың 4 класын қарастырамыз. Олар:
1. Саркодиналар,(тамыраяқтылар) класы (Sarcodinа);

2. Талшықтылар класы (Ғ1аqе11аtа);

3. Споралылар класы (Sроrоzоа);

4. Инфузориялар (кірпікшелілер класы (.Jnfusогіа).


ҚАРАПАЙЫМДЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖІКТЕЛУІ
Медициналық көзқарас бойынша қарапайымдылар келесі экологиялық топтарға бөлінеді:
1.Қуысты мүшелерде мекендейтін, сыртқы ортамен байланысты қарапайымдылар:

а. Ауыз қуысында мекендейтін қарапайымдылар:



Ауыз амебасы - Entamoeba gingivalis (Саркодиналар класы)

Trichomonas tenax (Талшықтылар класы)

б. Ащы ішекте мекендейтін қарапайымдылар:



Лямблия - Lamblia intestinalis (Талшықтылар класы)

в. Тоқ ішекте мекендейтін қарапайымдылар:



Дизентерия амебасы - Еntamoeba histolytica (Саркодиналар кл.)

Балантидия - Ваlantidium соlі (Инфузория класы)

г. Жыныс мүшелерінде мекендейтін қарапайымдылар:



Қынап трихомонадасы - Trichomonas vaginalis (Талшықтылар кл.)

д. Өкпеде мекендейтін қарапайымдылар:



Пневмоциста Pneumocystus carinii (Споровиктер класы)
2.Ұлпаларда мекендейтін қарапайымдылар.

а. Трансмиссивті емес берілетін және ұлпаларда мекендейтін қарапайымдылар:



Токсоплазма — Тохорlasmа gondіі (Споровиктер класы)

б. Трансмиссивті берілетін және ұлпаларда мекендейтін қарапайымдылар:



Лейшманиялар – Leishmаnіа (Талшықтылар класы.)

Трипаносомалар – Trypanosoma brucei gambiense, Trypanosoma brucei

rhodesiense (Талшықтылар кл.)

Безгек плазмодиясы – Plasmodium (Споровиктер класы)

ҚАРАПАЙЫМДЫЛАР ТИПІ (PROTOZOA)

Өкілдері

Тудыратын аурулары


Мекендейтін орны

Берілу жолдары

Саркодиналар класы Sarcodina



Дизентерия амебасы (Еntamoeba histolytica)

Амебиаз

Ішекте

Ауыз - нәжістік

Ауыз амебасы Entamoeba gigivalis

Шартты - патогенді

Ауыз қуысында




Ішек амебасы Еntamoeba coli

Шартты - патогенді

Ішекте



Талшықтылар класы Flagellata



1.Лейшмания

(Leishтапіа)

а. дерматропты

б. висцеротропты


Лейшманиоз

Тері

Ішкі мүшелерде



Трансмиссивтік

2.Трипаносома


Трипаносомоз

Қанда

Трансмиссивтік

3.Трихомонада

(Trichomonas)




Трихомониаз

Несеп – жыныс жүйесінде

Жыныстық

4. Лямблия

Лямблиоз

Ішекте

Ауыз – нәжістік

Споровиктер класы Sporozoa



1. Плазмодия

(Plasmodium)

Безгек

Қанда

Трансмиссивтік

2. Токсоплазма

Токсоплазмоз

Тінде, несеп – жыныс жүйесінде

Вертикалдық

3. Саркоциста

Саркоцистоз

Тінде




4. Кокцидия

Кокцидиоз

Ішекте




5. Пневмоциста

пневмоцистоз

Тінде

Аэрогендік

Инфузориялар классы Infuzoria

1. Балантидия

Балантидиаз

Ішекте

Ауыз – нәжістік


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет