«Қарағанды қаласы білім бөлімі» кмм әдістемелік кабинет



бет29/52
Дата17.04.2024
өлшемі1.16 Mb.
#498952
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   52
10-сынып БЖБ, ТЖБ

Тапсырма
Мәтінді оқып шығып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Қазақстанда қоқысты қайта өңдеудің өнімді шаралары:
1. Қоқысты ресурсқа айналдыру жүйесі. Қоқысты ең алдымен түрге бөліп, жинап алуды жолға қою керек. Өйткені кейінгі сатыда түрге айыру көптеген қиындықтар мен қолайсыздықтар әкеледі. Сондықтан тұрғындардың шағын аудандарына, сауда орталықтарына, мейрамхана, ойын-сауық орталықтарында және басқа да жерлерде әртүрлі белгідегі қоқыс салатын орындар анықталып, азаматтарды қоқыстарды айырып салуға тәрбиелеу керек. Ақпарат құралдары мен жергілікті әкімшілік тарапынан істелетін іс-шаралар жасалуы керек.
2. Қоқысты ресурстарға айналдыру техникасын пайдалана отырып, қоқысты пайдаға жарайтын затқа айналдыруды міндетке алу керек, мұндағы тетік-техникада, осы технологияларды атқаратын инфрақұрылымдарды салу қажет. Қоқысты залалсыздандырып көму салыстырмасын 65 %, органикалық тыңайтқышқа айналдыру салыстырмасын 25 %, өртеу, жағу салыстырмасын 10 % жеткізуді іске асыруды міндетке алу керек.
3. Пайдаланудан қалған көне заттар базарын ашып, қоқысты қайта пайдалану айналымына түсу мөлшерін көтеру мүмкіндіктерін қарастыру керек. Мәселен көне темір-терсек, әйнек, бөтелке, пластмасса, қағаздар, ескі жарамсыз авто-бөлшектер, теледидар, тоңазытқыш және т.б. сұраусыз, қалай болса солай қоқысқа тасталуда.
Дүние жүзіндегі көптеген елдердің қоқысты қайта өңдеу тәжірибесінде, негізінен, тазартып көму, өртеу, биохимиялық тыңайтқышқа айналдыру әдісі жақсы жолға қойылған.
Тазартып көму әдісі. Бұл әдісті қолданатын негізгі елдер: Ұлыбританияда қайта өңдеу мөлшері 90 %, Италияда - 74 %, АҚШ-та 67 %, Германияда - 46 %, Францияда - 45 % құрайды.
Өртеу әдісі. Бұл технологияны қолданатын негізгі елдер: Швейцарияда - 74 %, Жапонияда - 72 % , Данияда - 70 %.
Биохимиялық тыңайтқышқа айналдыру әдісі. Бұл әдісті қолданатын негізгі елдерге Үндістан қатарлы аграрлы, географиялық тұрғыда климаттық жағдайы жылы елдер жатады.



  1. Мәтіндегі негізгі ойды және оны ашатын деректі ақпараттар бойынша сызбаны толтырыңыз.




  1. Мәтіндегі негізгі ойға қатысты пікіріңізді 3 сөйлеммен беріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет