«Қарағанды қаласы білім бөлімі» кмм әдістемелік кабинет



бет41/52
Дата17.04.2024
өлшемі1.16 Mb.
#498952
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52
10-сынып БЖБ, ТЖБ

Жазылым.
Жергілікті газетке «Жасөспірімдер неге қылмысқа барады? » деген тақырыпта мақала жазыңыз. Мақала мазмұнында теңеу мен эпитет және риторикалық сұраулы сөйлемдерді қолданыңыз.
ІІ-нұсқа
Оқылым. Тапсырма
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

17-18 ғасырларда Қазақ хандығына өткен жылдардың сот іс-тәжірибесі және ұлттық салт-дәстүрлерге сәйкес келетін жаңа құқықтық негіз қажет болды. Тәуке хан кезінде қабылданған, 7 бөлімнен тұратын Жеті Жарғы заңдар жинағы барлық талаптарға сай кеді. Бұл заңдар жинағын құрастыруға сол кездегі әділетті әрі халық арасында танымал билер: Төле би, Қазыбек би және Айтеке би қатысқан болатын. Жеті Жарғы көшпелі халықтың аға буын ұрпақтан іні буын ұрпаққа ауыздан ауызға ауызша тараған негізгі заңдарының бірегейі болды. Осы заңдар ата – бабаларымыздың бірнеше ұрпағын тәрбиелеп, жеке жауапкершілікпен ұжымдық жауапкершілікке, үлкендерге деген сыйластыққа және ұлттық дәстүрлерді ардақтауға жастайынан үйреткен.


Бұл заңдар жинағының ішінде ата-анасына физикалық және рухани (моральды) зиян келтіргені үшін жазалар белгіленген. Қазіргі заманда аға буын жасөспірімдердің басқыншылық әрекеттерінен, балалары мен немелерінің немқұрайлығынан сақтанбаған. Жеті Жарғы Қазақ хандығы Ресейге қосылғанша қазақ халқы үшін негізгі заң болды.
Конституция азаматтардың еркіндігі мен заң алдындағы теңдігіне кепілдік береді. Бұл құжаттың негізіне бағыну және азаматтардың конституциялық құқығы азаматтар өмірінің тыныштығына кепілдік береді. Олардың барлығы - президенттен бастап қарапайым азаматқа дейін заң алдында бірдей жауапкершілікке ие. Қазақстан Республикасы Конституциясы барлық деңгейдегі органдар арқылы шығарылатын барлық нормативті-құқықтық актілердің іргетасы болып табылады.
Қылмыс – дегеніміз қоғамдық қауіпті іс-әрекет, ал жаза – мемлекеттік күштеу шараларының бірі және ол қылмысқа қарсы күрес жүргізудің негізгі құралы.
Заң бұзушылық іс-әрекеттер сипатына және қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және ерекше ауыр қылмыстар болып бөлінеді. Елеулі маңызы жоқ, қоғамдық қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет қылмыс болып табылмайды.
Қылмыстық жаза - қылмыстық заңмен ғана белгіленеді, осы міндетті – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі жүзеге асырады. Кодекстің негізгі міндеттері - адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын-алу болып табылады.

  1. Мәтін мазмұнындағы негізгі ойға қатысты деректі ақпараттар негізінде кесте-сызба әзірлеңіз.




  1. Қазақстан Республикасының Ата Заңының баптары мен Тәуке ханның «Жеті Жарғысының» баптарында қандай ұқсастық бар деп ойлайсыз? Ойыңызды 2-3 сөйлеммен беріңіз.



__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Жазылым. Жергілікті газетке «Жасөспірімдер неге қылмысқа барады? » деген тақырыпта мақала жазыңыз. Мақала мазмұнында теңеу мен эпитет және риторикалық сұраулы сөйлемдерді қолданыңыз.


Балл қою





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет