«Қарағанды қаласы білім бөлімі» кмм әдістемелік кабинет



бет19/52
Дата17.04.2024
өлшемі1.16 Mb.
#498952
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   52
10-сынып БЖБ, ТЖБ

10-сынып , ІІ-тоқсан
БЖБ №2 «Ұлттық таным және мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
I –нұсқа
Оқу мақсаты: 10.3.1.1 Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау;
10.4.3.1Шығармашылық жазба
жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу.
Бағалау критерийі: Білім алушы

  • Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды, факті мен көзқарасты ажыратады, мәтін идеясымен байланыстырады;

  • Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын қолданып, шығармашылық жазба жұмысын жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану
Сөйлеу әрекетінің түрлері: Оқылым, Жазылым
Орындау уақыты: 20 минут


Оқылым.
1. Мәтінді оқып, 3 негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз. Мәтін идеясымен байланысын 1 сөйлеммен жазыңыз.


Мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі - Ораза айт мейрамы. Бұл күні Алланың разылығы үшін бір ай бойы ауыз бекітіп, мұсылмандықтың бес парызының бірі саналатын Оразаның шарттарын орындаған жандар ауыздарын ашады.Ораза ұстау – ол жаман нәрседен алшақтап, нәпсіні кез келген жағдайда тию,яғни шектеу қою және Аллаға құлшық жасау. Мұсылмандар Оразамен қимай қоштасып, Алла Тағалаға қасиетті Рамазан айына амандықта-саулықта жеткізгеніне шексіз алғыс айтып, келесі Рамазан айына да есендікте жетулерін тілеп, ниет етеді.
Ораза айт мейрамы үш күн бойы тойланады. Айт мейрамы алдымен айт намазын оқумен бас­талады. Айт күндері әрбір мұсылманның шаңырағында шелпек, бауырсақ пісіріліп, әр үйде әдеттегіден сәні де, салтанаты да ерекше мерекелік дастарқан жайылып, қонақтар шақырылады. Сонымен қатар, жағдайы төмен адамдарға жәрдем көрсетіліп, олар да мейрамнан тыс қалдырылмайды. Бұл күндері туған-туыстар бір жерге жиналып немесе зират басына барып өмірден озған жақындарының әруағына бағыштап құран оқиды.
Қасиетті Рамазан айынан кейін келетін осы ұлық мерекені әлемдегі жалпы бүкіл мұсылмандар айрықша қуанышпен, зор ықыласпен атап өтеді. Өйткені Рамазан - береке мен бірлік, бейбітшілік, игілік, кешірім, мейірім және қайырымдылықтың айы болса, үш күн бойы аталып өтілетін Ораза айт адамдардың жан дүниесін, сана-сезімін, көңілін қуанышқа бөлейтін, кірбіңнен тазалайтын ұлық мереке болып саналады. Арада қаншама ғасыр өтсе де бұл ұлық мейрамның мән-маңызы кемімей, керісінше жыл өткен сайын артып келеді. Бұл мейрамның әдеттегілерден негізгі еркшеліктері - адамдарды бауырмалдылыққа, кішіпейілділікке, кешірімділікке, сүйіспеншілікке шақырады.



Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

Мәтін идеясымен байланысы

1.
2.
3.



1.
2.
3.




2. Берілген тұжырымдардан факті мен көзқарасты ажыратыңыз. Тиістісіне «+» белгісін қойыңыз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет