«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет57/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   117
List of references: 
1. Момышулы Баурджан
[http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=1543] 
2. Бауыржан Момышулы – легендарный Батыр 
ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ 
 
Қайырбек Аружан, 10 В сынып оқушысы
 
Жетекшісі:  Есенжолова А.О. 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
Отанын Бауыржан Момышұлындай 
сүюді өнеге етіп қалдырған басқа қаламгер жоқ.
Н.Ә.Назарбаев 
«Бауыржан Момышұлы кім еді, ұлты үшін қандай еңбек сіңірді?» 
дегенге келсек, Бауыржан Момышұлы – даңқты қолбасшы, КСРО-ның 
жоғарғы әскери академиясының профессоры, ұлтын сүйген патриот 
болуымен қатар, қазақ халқының ұлттық рухын қорғауда қаламды қару 
еткен қаламгер.
Оның өнегелі өмір жолы, әскери портреті талай жазушылардың 
қаламымен өрнектелгені белгілі. Олардың ішінде әдеби көркем 
шығармаларымен қатар естеліктер, ғылыми еңбектер де кездеседі. Бұл 
тақырыпқа А.Бек, А.Кривицкийден бастап, М.Әуезов, М.Ғабдуллин, 
Ш.Мұртаза, Е.Ысмайылов, Ә.Нұршайықов, Ш.Елеукенов, М.Мырзах-
метұлы, Б.Момышұлы (ұлы), З.Ахметова, М.Қалдыбаев т.б. ғалым-


133 
жазушылар қалам тербеп, батыр бейнесін сомдауда үлкен еңбектер 
қалдырды. Оған Ғабит Мүсіреповтің Мәлік Ғабдуллинге 1945 жылдың 28 
ақпанында жазған хаты дәлел бола алады. Ол: «Бауыржан екеуіңе қатты 
ризамын. Мемлекет, жалпы жұртшылығымыз да сондай риза. Ешкім еске 
салмай-ақ, ешкім баспайтынын біле тұра, әділ сөздеріңді айттыңдар. Ұлы 
да ер, қызы да ер елдің басқа жөндеуге жұпыны көрінетін себеп сөз жоқ 
өзімізде. Бастау мен қостау ісіндегі топастығымызда. Бұл жөнінде аянбай 
алысатын істер толып жатыр. Сенің Сәбит, Мұхтар үшеумізге қадай айтқан 
сөзіңді осы тұрғыдан түсінгім келеді.» [ҚРОММ. 2140-қор. 1-тізімдеме. 
346-іс. 12-12-п.]
Бұдан атақты суреткердің азаматтық көзқарасы айқын көрінбей ме? 
Ол әрдайым әділдіктің жолында жүрді. Бұл хаттың өзі зерттеу нысанымыз 
болып отырған Бауыржан Момышұлының халыққа адал еңбек етіп, 
шығармашылығында ұлттық рухтың жоғары болуына айрықша назар 
аударатыны байқалады. Осы орайда көптеген еңбектері де жарыққа 
шықты. Мәселен, «Қанмен жазылған кітап», «Ұшқан ұя», «Жонарқа», 
«Төлеген Тоқтаров», «Бір түннің оқиғасы», «Генерал Панфилов», «Москва 
үшін шайқас», «Олар менің есімде», «Ел басына күн туса» атты 
туындылары дүниеге келді. 
Қазақ әдебиеті мен мәдениеті үлкен тар жол, тайғақ кешуден өткені 
белгілі. Бір кездері қазақ зиялылары репрессияға ұшыраса, оған қоса, қазақ 
эпостары да социалистік идеологияға сай болуы үшін кеңестік цензурадан 
өтті. Осындай тар жол, тайғақ кешуде жазылған Бауыржан 
Момышұлының «Ұшқан ұясы» – оның жазушылық шеберлігін халқымыз 
мойындаған алғашқы шығармасы.
«Ұшқан ұя» повесі қамтитын уақыт кезеңі – Кеңес өкіметі қалып-
тасуының алғашқы, яғни 20-ғасырдың 20-50 жылдары. Повесте сол 
замандағы қазақтардың әлеуметтік өмірі, ағайыншылықпен бүркемеленген 
малдыныңмалсызды қанау тәсілі айқын көрсетілген. Шыншылдық, 
нақтылық, өмірді жетік білушілік – жазушыға қажет қасиеттер. Бұл 
шығармадағыбасты идея –соғыс, көтерілістердің кесірінен елеусіз қалған 
армандар батырдың қабылдауы, сезім-түйсігі арқылы беріледі.
Шығармада өз анасы дүниеден ерте озып, қалың халық ортасында, 
қарапайым отбасыда туып-өскен, ақылды ана, қарт ана, әжесі 
Қызтумастың қолында тәрбиеленген Бауыржан жасынан сезімтал, елгезек, 
ойшыл болып өскенікөрінеді. 
Батырдың соғыстан кейінгі өмірін сөз етсек, 1945 жылдың 16 
қаңтарында Алматыға батыр боп оралған Бауыржанды Мұхтар Әуезов, 
Қаныш Сәтбаев тәрізді ғалымдар соғыс туралы әңгіме-лекция өткізуге 
шақыртып, кездесу ұйымдастырады. Осы дәрістің стенограммасы кейін 
«Соғыс 
психологиясы» 
деген 
атпен 
кітап 
болып 
басылды. 
Б.Момышұлының 
әскери қайраткер ретінде келешек ұрпаққа ұлағат етіп 
қалдырған әскери-теориялық және рухани ұлағаттық еңбегі
Ұлы Отан 
соғысының шежіресіне Бауыржан Момышұлы есімінің алтын әріптермен 


134 
жазылуына себепкер болды
. «Соғыс психологиясы» 

жастарға арналған 
кітап. «Соғыс психологиясында» соғыс куәгерінің әңгімесі патриоттық 
pyx, қайтпас жігер, табандылық пен ерлік, аға ұрпақтың батырлық 
өнегесіне тәрбиелейді, соның лайықты жалғастырушысы болып, қасиетті 
әскери дәстүрді арттыра түсуге жетелейді.
Отты жылдарда қан кеше жүріп, болашаққа аманат ретінде 
қалдырған жазушының «Қанмен жазылған кітап» атты еңбегі жастарды 
патриотизмге, ерік-жігерге, адамгершілікке тәрбиелейтін өнегелі өмір 
мектебіндей. «Соғыста шындықты табу өте қиын, ал оны жинақтау, қорыту 
одан да күрделі. Мен соғыс тақырыбына жазылған әдебиеттерді оқыған 
кезімде олардың көпшілігінің шындыққа келмейтініне көзім жетті. 
Баспахананың бояуымен жазылған кітаптар да, адам қанымен жазылған 
кітаптар да болады. Мен баспахана бояуымен емес, майдан даласында 
шынайы қалпында, бар болмысымен қанмен жазылған соғыс кітабын 
жаздым», – деп баяндайды Бауыржан Момышұлы «Қанмен жазылған 
кітабында».
Бұл туралы зерттеуші Мұхтар Қазыбек былай дейді: «Бауыржан 
Момышұлы мұраларының ішіндегі ең асылы–осы «Қанмен жазылған 
кітап. Әлем халықтары әдебиетінде Момышұлы қалдырғандай мұра 
кездеспейді. Оның ең бір құнды жағы батырдың жауынгерлерге
майдандас достарына берген сипаттама, мінездемелері адамның 
көкірегінде терең із қалдырады». Ендеше қанды соғыстың қатыгез бейнесі 
шынайы бейнеленген шығарманы назардан тыс қалдырып, тарихқа 
жауапкерсіздікпен қарамайық. 
Бауыржан Момышұлы өз халқын, өз ұлтын сүйгенін ешқашан 
жасырған емес. Коммунистік идеология қыспағына қарамай, ұлттық 
құндылықтар туралы ашық көзқарасын жасырмады. Ол қазақ және орыс 
тілдерінде бірдей жазып, өз өміріндегі көрген білгендерін шығармаларына 
арқау етті. Бауыржан Момышұлы туралы жазылған өзгелердің де, өзінің де 
туындыларында оның адамдық болмысы қазақ халқының ұлттық 
болмысымен бірігіп астасып жатады. 
Ойымды түйіндесем, Бауыржан Момышұлы шығармаларының 
құндылығы бүгінгі таңда баға жетпес мұра болып табылады. Себебі 
жастарды, жаңа ұрпақты өз ісіне сенетін, кедергілерден қорықпайтын, 
оның қандайын болса да, жеңе білетін күрескерлік рухта тәрбиелеу – 
бүгінгі күннің басты талабы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет