«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет53/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   117
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Адамбаев Б. Алтын сандық. Әдеби мақалалар. – Алматы: Жазушы, 
1989. – 200 б. 
2. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. – Алматы: Ғылым, 1979. – 240 б. 
3. Егембердиева Ж. Өмірдің өзі дастан. – Алматы: Жазушы, 1990. – 319 б. 
4. Бауыржан батыр / Құрастырған, алғы сөзі мен түсінігін жазған М. 
Мырзахметов (Жоғарғы класс оқушыларына арналған жинақ). – Алматы: 
Жалын, 1991. – 352 б. 
5. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі / Құр. З. Ахметов, Т. Шыңбаев. – 
Алматы: Ана тілі, 1996. – 240 б. 
6. Әуезов М.О. Уақыт және әдебиет. – Алматы: Жазушы, 1962. – 410 б. 
7.Б.Момышұлы «Москва түбіндегі шайқас» 2002.-111б 
8. Адамбаев Қазақ халқының мақал-мәтелдері 1989: 15- 16 б 
9. Бердібаев Р. Баукең туралы естеліктер 1979 120б 
10. Б.Момышұлы -тәлімгер ғалым.// // Білім мен тәрбие-27б 
11. Б.Момышұлы І том Алматы, «Жазушы»2004 55-93бб 
12. 
https://adebiportal.kz/kz
 
«
ЖАС САРБАЗ» СЫНЫПТАРЫ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНЕ 
АРНАЛҒАН «БАУЫРЖАНТАНУ» ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҢЫЗЫ 
Адилбаева Р.Т., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені 
 
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 
2012 жылғы 14 желтоқсанда 
жарияланған 
«Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің 
жаңа саяси бағыты» деп аталатын Қазақстан халқына арнаған Жолдауы -


120 
жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның
келешегіне 
бағыт-бағдар беретін маңызды құжат саналады
.
Елбасымыз бұл құжатта 
«Жаңа қазақстандық патриотизм» деген түсінік енгізді. Бұл түсінік арқылы 
біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыздың табысты 
өркендеуінің негізі – жаңа қазақстандық патриотизмді жетілдіру екенін 
дәлелді түрде айшықтап көрсетті. 
Қоғамдық сананы толығымен жаңарту 
қазақстандықтардың әрқайсысының күнделікті тұрмысынан көрініс 
табатындай насихат жұмыстары керектігі айқын басымдылық ретінде 
айтылды. Сондықтан 2015 жылы Қарағанды қаласындағы №77 мектеп-
балабақша кешенінде ұландарға әскери-патриоттық тәрбие, кәсіби бағдар 
беру мақсатында арнайы сыныптар ашылған болатын.
Туған халқының аманатын арқалаған жасөспірімді тәрбиелеуде және 
білім беру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтижелі болуы үшін
қазақ халқының мақтанышына айналған ұлы тұлға Бауыржан 
Момышұлының өмірі мен шығармаларын оқыту аса маңызды. Осы орайда 
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Отанын Бауыржан Момышұлындай сүюді өнеге 
етіп қалдырған басқа қаламгер жоқ. Ол «Өз ұлтын сыйламау, оны 
мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі. Ел дегенде еміреніп, жұрт 
дегенде жүгініп қызмет еткін! Отан үшін отқа түс – күймейсің! Опасызда 
Отан жоқ. Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды», – дейді. 
... Біздің халқымыз, әсіресе жастар осы қағидаларды естерінде ұстаса 
деймін» деген пікірі көзі ашық, көкірегі ояу әр адамға ой салары анық. 
Бауыржан Момышұлы – елін сүйген қаһарман жауынгер, әскери 
өнерді мейлінше терең меңгерген даңқты қолбасшы, қазақтың әскери 
әдебиетінің негізін қалаған жазушы. Алайда, қазақта жауынгер де, 
қаламгер де, қолбасшы да аз болған жоқ. Бірақ олардың аты алты алаштан
әрі аспады. Ал, Бауыржан Момышұлы есімін төрткүл дүние халқы түгел 
таныды. Оның елі үшін жасаған ерліктері мен еңбектері ұшан-теңіз. Екінші 
дүниежүзілік соғыс кезіндегі тактикалық жаңалықтары өз алдына бір 
әңгіме. Осы бағыттағы туындылары Шығыс Еуропада, Орталық 
Америкада, Израильде, Кубада және Мәскеудің әскери мектептерінде 
арнайы пән ретінде оқытылады.
Сол себепті 2019-2020 оқу жылынан бастап жас сарбаздар 
сыныптарының тәрбиеленушілері үшін «Ұшқан ұя» танымдық клубы 
аясында 5-9 сыныптарға арналған «Бауыржантану» тақырыптық
оқу бағдарламасы құрастырылды. Әр сынып бойынша оқу бағдарламасы 
34 сағатқа арналған. «Бауыржантану» курсы ғылыми негіздерге сүйене 
отырып және жас ерекшеліктеріне сай оқушылардың пән бойынша білім-
біліктілікті 
игеріп 
әкетуіне 
бағытталып 
құрастырылған. 
Оқу 
бағдарламасының талаптары жас сарбаз сыныптары тәрбиеленушілерінің 
жан-жақты дамуын көздейді.
 
Оқу бағдарламасы көркем әдебиет арқылы 
Бауыржан 
Момышұлының бейнесін 
жан-жақты ашып, білімді, 
адамгершілігі зор, ұлтжанды, өз Отанын жанындай сүйетін жас 
патриоттарды тәрбиелеуді мақсат етеді.
Бағдарлама А.Бектің «Арпалыс», 


121 
Ә.Нұршайықовтың 
«Ақиқат 
пен 
аңыз», 
Б.Момышұлының 
өз 
шығармаларын оқып үйрену;
қанатты сөздерін ұрпақтың санасына сіңіру; 
батыр жайлы қалам толғаған ақын-жазушылардың шығармаларымен 
танысу; көркем сөйлеу тілін, мәнерлеп оқу, жаттау дағдыларын жетілдіру,
патриоттық мұрасын
зерттеу жұмысына баулу міндеттерін оқушылардың 
жас ерекешеліктеріне сай шешуді жүзеге асырады. 
Жастайынан үлкенді сыйлап, құрмет тұтып, сәлем беруге үйренген, 
ағайын-туыстардың ара қатынасын, халқымыздың салт-дәстүрлерін 
көзімен көріп, көңіліне тоқып өскен Бауыржан бейнесі жазушының 
«Ұшқан ұя» шығармасында кеңінен суреттелген. Халқымыздың ұлттық 
дәстүрін, салт- санасын, әдет-ғұрпын ерекше сыйлаған Баукең «Ұшқан ұя» 
кітабында солардың барлық түрлерін (шілдехана, бесікке бөлеу, тұсау 
кесу, сүндетке отырғызу, атқа міну, келін түсіру, қыз ұзату т.б.) керемет 
көркемдікпен баяндайды. Қыз ұзату және үйленуге байланысты барлық 
салт-дәстүрді өзінің Үбиан әпкесінің ұзатылуына байланысты жан-жақты 
сипаттайды.
Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген бала Бауыржан образы 5-9 
сыныптардағы оқу бағдарламасында сабақтастырылып, жеңілден күрделіге 
қарай принципі негізінде айқындалады, бала санасына ықпал етеді. 
Отанын сүю - халқының сатт-дәстүрлерін білу, құрметтеу, отбасындағы 
өзара сыйластық, туған жерін қадірлеуден басталатыны шығарма мазмұны 
арқылы балаға жеткізіледі. Бауыржан Момышұлының мақал-мәтелдері, 
нақыл сөздерінің өзі бір төбе. Батырдың қанатты ойларымен танысу 
барысында оқушы оның ғұлама, терең ойшыл, үлкен философ, ақынжанды 
және өз басы күнделікті күйкілжің өмірден жоғары тұратын ірі тұлға 
екеніне көз жеткізеді.
Сабақ процесінде
дамыта оқыту, оқу және жазу 
арқылы сыни тұрғыдан ойлау әдістерін тиімді пайдаланып, қанатты 
сөздерге мән беру, пікір айту, талдау жүргізу, ой толғау немесе эссе 
жаздыру көзделеді.
6-8-сыныптарда жазушының «Қанмен жазылған кітап» жинағынан 
алынған үзінділер оқылып, 9-сыныпта аталған шығарма желісі бойынша 
мергендік өнер, соғыс өнері тактикасы, қағидалары жайлы танысады.
Кез 
келген
жеңістің рух күші арқылы келетіндігін түсінеді. Баукеңнің әскери 
ғылымның бірнеше саласын, соғыс тактикасы мен әскери ережелерді 
қалыптастырумен қатар, ұлттық тұрғыдан алғашқы болып әскери 
патриотттық тәрбиенің негізін салған ғалым адам болғанын біледі. «Соғыс 
психологиясы», «Москва үшін шайқас», «Қанмен жазылған кітап» сияқты 
еңбектерінде осы патриоттық тәрбиенің мәселелері кеңінен қамтылған. 
Осы орайда Бауыржан Момышұлыны әскери ғылымның, оның ішінде 
соғыс тактикасын, әскери ережелерді және әскери-патриоттық тәрбиенің 
негізін қалыптастырған ғалым, әскери философ ретінде әлемге танытып, 
әскери тақырыптағы еңбектерін зерттеуді жетілдіру қажет деп ойлаймыз.
Жалпы, «Бауыржантану» оқу бағдарламасы - жастарды жаңа 
қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің жаңа, тың жолы екеніне сенім 


122 
мол. Сондай-ақ, осы пән арқылы жастарға кәсіптік білім беріп, бала 
тұлғасының қоғамда әлеументтенуіне қол жеткізуге болады.
Сондықтан ұлтымызға ұран болған Бауыржандай алып тұлғаны жас 
ұрпаққа өнеге қылып, жан-жақты, тереңірек таныстыра білейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет