Қарағанды облысы Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдарындағы өзгерiстер туралы



Дата16.06.2016
өлшемі27.58 Kb.
#138368
Қарағанды облысы Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдарындағы өзгерiстер туралы

Бiрлескен Қарағанды облысының әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 13 маусымдағы N 17/03 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2008 жылғы 26 маусымдағы N 136 шешiмi. Қарағанды облысының әдiлет Департаментiнде 2008 жылғы 22 шiлдеде N 1848 тiркелдi


"Орталық Қазақстан", 2008 жыл 24 шiлде, N 114 (20 497)


     "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8,  11 баптарынасәйкес Бұқар жырау және Қарқаралы аудандары әкiмдiктерi мен мәслихаттарының тұрғындарсыз және тұрғындарының саны 50 адамнан аз елдi мекендердi тарату туралы бiрлескен шешiмдерiнiң негiзiнде Қарағанды облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Қарағанды облыстық мәслихаты  ШЕШIМ ЕТТI:
       1. Қарағанды облысының Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдарына өзгерiстер енгiзiлсiн, тұрғындарсыз және тұрғындарының саны 50 адамнан аз елдi мекендер осы бiрлескен қаулы мен шешiмнiң қосымшасына сәйкес басқа елдi мекендердiң құрамына енгiзiлсiн және олар есептi деректерден шығарылсын.
       2. Қарағанды облысы әкiмдiгiнiң қаулысы мен Қарағанды облыстық мәслихаты шешiмiнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсiн.
       3. Осы бiрлескен қаулы мен шешiм Қарағанды облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркеуге алынған соң күшiне енедi.
       4. Бiрлескен қаулы мен шешiм ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енедi.

      Қарағанды облысының


      әкiмi                                      Н. Нығматулин

      Сессия төрағасы                            Н. Дулатбеков

      Облыстық мәслихаттың хатшысы               Б. Жұмабеков

Қарағанды облысы әкiмдiгiнiң


2008 жылғы 13 маусымдағы N 17/03
бiрлескен қаулысы мен Қарағанды
облыстық мәслихатының 2008 жылғы
26 маусымдағы VIII сессиясының
N 136 шешiмiне қосымша

Басқа елдi мекендердiң құрамына енгiзiлетiн және есептi деректерден шығаруға жататын тұрғындары жоқ және тұрғындарының саны 50 адамнан аз елдi мекендердiң тiзбесi

N

Ауданның атауы

Селолық округтiң атауы

Селолық елдi мекеннiң атауы

Селолық елдi мекеннiң құрамына енгiзiлдi

1

Бұқар жырау ауданы

Шешенқара

Үштау

Шешенқара

Тоғызқұдық

Плотинное

Тасшоқы

Доскей

Аққұдық

Доскей

2

Қарқаралы ауданы

Бақты

Талдыбай

Бақты

Тәттiмбет

Тасшоқы

Ақтасты

Тегiзшiлдiк

Шұнқырқұдық

Тегiзшiлдiк

Абай

Тоқай

Айнабұлақ

Нұрмақов

Доғалаң

Өсiбай


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет