39
Кәмелетке толмаған балалар арасындағы қаңғыбастық пен
қараусыздықты алдын алу бойынша рейдтерді ӛткізу ережелері
Жалпы ережелер
1.1. Рейдтер кәмелетке толмаған балалар арасындағы қараусыздықты және
құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін бірыңғай шешу,
олардың
құқықтары мен заңды қызығушылығын заңды түрде қорғау мақсатында
ӛткізіледі.
1.2. Рейдтерге қатысушылар ӛз әрекетінде бала құқықтары туралы
Конвенцияны,
ҚР Конституциясын, ҚР «Қазақстан Республикасындағы
баланың құқықтары туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Неке
(ерлі-зайыптылық)
және
отбасы
туралы»
Кодексін,
Қазақстан
Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Кәмелетке толмағандар
арасындағы құқық бұзушылықтың
алдын алу және балалардың
қараусыздығы мен панасыздығын болдырмау туралы» Қазақстан
Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4
желтоқсандағы «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» №214
Заңын басшылыққа алады.
1.3. Рейдке қатысушылардың құрамын мектеп директоры жасақтайды және
бекітеді.
1.4. Рейдті ӛткізу күні туралы мәлімет әр айдың 20-на дейін беріледі.
2. Рейдтің негізгі міндеттері
2.1. Қиын ӛмірлік жағдайларда
қалған балаларды анықтау, оларға әртүрлі
кӛмек беру.
2.2. Құқық бұзушы жасӛспірімдерді, жағымсыз бағыттағы кәмелетке
толмаған топтарды анықтау, олардың құқық
бұзушылық тәртібінің алдын
алу.
2.3. Кәмелетке толмағандардың қараусыздығын, құқық бұзушылығын,
қоғамға қарсы іс- әрекеттердің алдын алу, олардың себептері мен жағдайын
анықтау және болдырмау.
2.4.
Құқықбұзушы және ішімдік, нашақорлық, уландыратын заттарды
пайдаланушы кәмелетке толмаған балаларды анықтау.
2.5. Кәмелетке толмаған балалардың адамгершілікке жат қылықпен ӛмір
сүретін отбасылары мен ата-аналарын анықтау.
Анықталған фактілер
негізінде (заңға сәйкес) олармен шаралар жүргізу.
2.6. Кәмелетке толмаған балалардың жиналатын орындарын (шатырлар,
жылу құбырлары, подъездер, жертӛле т.б.)
анықтау және анықталған
фактілер негізінде (заңға сәйкес) олармен шаралар жүргізу.
2.7. Оқушылардың тұрғылықты жерлеріне байланысты бос уақытын
ұйымдастыруды бақылау.
2.8. Қоғамдық орындарда, кӛшелерде қайыршылықпен
айналысатын немесе
қараусыз жүретін бақылаусыз балаларды анықтау және табу.
3.
Рейдтердің тҥрлері
40
3.1. Жалпы мектепішілік ата-аналар комитетінің тӛрағасы (тӛрайымы)
жауапты болып тағайындалған ата-аналар патрулі (мекенжай бойынша).
3.2.Ұйымдастырушысы ТЖ жӛніндегі директордың орынбасары, әлеуметтік
педагог, Ішкі істер бӛлімі болып табылатын ата-аналар патрулі, мектеп
әкімшілігі, сынып тәрбиешілері, қоғамдық ұйымдастырушылардың бірлескен
рейдтері.
Достарыңызбен бөлісу: