36
- жасӛспірімді
сыныптан тыс, мектептен тыс тәрбиелік шараларға кірістіру,
оның осы сабақтарға, үйірмелерге, секцияларға қатысуына назар аударып
отыру;
- жасӛспірімдерді мақтау, мадақтау арқылы жағымды эмоцияларды
қалыптастыру (алғыс білдіру, туған күнімен құттықтау);
- отбасындағы ахуалды үнемі бақылап отыру
және ата-анаға әсер етудің
барлық әдіс-тәсілдерін қолдану;
-жалпы оқу қоры есебінен материалдық кӛмек кӛрсету ( қажет болған
жағдайда), сонымен бірге басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес
әлеуметтік құрылымдар есебінен де кӛмек кӛрсету;
-оқушының
тәрбиесімен айналысушы барлық тұлғалармен,
барлық
педагогтермен, тәлімгерлермен үнемі байланыс жасап, ақпарат алмасып
отыру;
Егер оқушы ІІБ есепте тұрған жағдайда бұл жұмысқа жүйелі түрде
жасӛспірімдер ісі бойынша инспекторлар да тартылады.
«Қиын» жасӛспірімдермен жұмысты ұйымдастыруда мектеп
директорының оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасарлары да үнемі жеке кӛмек
кӛрсетеді. Бұл шараларға сыныптың,
мектептің оқушылар ұжымы,
жастардың қоғамдық ұйымдары да тартылады.
«Қиын» жасӛспірімдермен жекеленген жұмыстарды ұйымдастыруда
келесі педагогикалық әдіс-тәсілдер қолданылады:
-достық, тең дәрежедегі байланысты орнату;
-кәсіби бағдар бойынша әңгімелесу;
-оқушының достарымен танысу;
-демалыстарды бірге ӛткізу, бос уақытын ұйымдастыруға кӛмектесу;
-пайдалы іске бағыттау және осы істе мектеп инспекторымен бірге
сынып жетекшісі де қатысады;
-жасӛспірімнің мінезіндегі, іс-әрекетіндегі жағымды да, жағымсыз да
фактілер болса, ол туралы ақпаратты үнемі ата-аналарына жеткізіп отыру.
Параллель сыныптар арасында, оқу топтарында оқушылармен
құқықтық, ішімдік, есірткі құралдарын пайдаланудың, ӛрт
қауіпсіздігінің,
жол-кӛліктік жарақат алудың алдын алу тақырыптарында әңгімелер жүргізу
қажет. Оқушылардың жасаған қылмыс, құқық бұзушылық әрекеттері де
ескерту мақсатында басқа оқушыларға жеткізіліп отырылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: