Қарағанды облысы білім басқармасы Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы


Полицияның білім беру мекемелеріне бекітілген жасӛспірімдер ісі жӛніндегі



Pdf көрінісі
бет57/66
Дата06.02.2024
өлшемі1.3 Mb.
#490966
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   66
қиын баламен әдістемелік

Полицияның білім беру мекемелеріне бекітілген жасӛспірімдер ісі жӛніндегі 
учаскелік инспекторы жҧмысын ҧйымдастыру туралы
Ереже 
Бұл Ереже полицияның білім беру мекемелеріне бекітілген жасӛспірімдер 
ісі жӛніндегі учаскелік инспекторы жұмысының құқықтық негіздерін 
анықтайды.
1. Жалпы ережелер 
1. Полицияның білім беру мекемелеріне бекітілген жасӛспірімдер ісі жӛніндегі 
учаскелік инспекторларының (бұдан әрі – мектептің полициялық инспекторы) 
негізгі міндеттері болып табылады: 
1) оқушылар арасындағы қылмыстың, құқық бұзушылықтың және 
бақылаусыздықтың алдын алу және жол бермеу, жасӛспірім-құқық 
бұзушыларды, сонымен бірге заңға қарсы бағыт ұстанатын жасӛспірімдер 
топтарын анықтау; 
2) қылмыстық әрекетке барған, не қоғамға жат қылықтар жасаған 
жасӛспірімдердің ата-анасын, не оларды алмастыратындарды, сонымен бірге 
оларды қылмысқа тартқан адамдарды анықтау; 
3) ата-аналардың, не оларды алмастыратындардың, сонымен бірге баланы 
Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес тәрбиелеу, бағып-қағу және оқытуға
мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы лауазымды тұлғалардың 
жауапкершілігін арттыру; 
4) білім беру ұйымы әкімшілігіне жалпы орта білім алудан әдейі қашып 
жүрген оқушыларды білім орнына қайтаруға арналған іс-шаралар ӛткізуге 
кӛмектесу; 
5) жасӛспірімдердің құқығына, мүддесі мен бостандығына қол сұғып 
жүрген адамдарды анықтау; 
6) тұрғындарға, ата-аналарға және оқушыларға жасӛспірімдер арасында 
қылмыстың, құқық бұзушылықтың, бақылаусыздықтың алдын алу мәселелері 
бойынша құқықтық кӛмек кӛрсету, жасӛспірімдердің заңға бағынатын мінез-
құлқын қалыптастыру; 
7) ӛмірдің ауыр жағдайларында қалып қойған жасӛспірімдерді әлеуметтік 
қалпына келтіруге кӛмек кӛрсету; 
8) жасӛспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыс жасаудың 
алдын алу және болдырмау ісімен айналысатын басқа ішкі істер бӛлімдерімен, 
мемлекеттік органдармен және ұйымдармен ӛзара қарым-қатынас жасау. 
2. Мектептің полициялық инспекторының жұмысын ұйымдастыру 
2. Мектептің полициялық инспекторы облыстардың, Астана және Алматы 
қалаларының Ішкі істер департаменттері (бұдан әрі - ІІД) басшыларының 
бұйрығымен білім беру мекемелеріне бекітіледі. Мектептің полициялық 
инспекторының жоғары заңгерлік не педагогикалық білімі, ішкі істер 
органдарында істеген үш жылдан кем емес еңбек ӛтілі болуы керек. 


68 
Бекітілген кезде оқу орнындағы криминогендік жағдай ескеріледі. 
Мектептегі криминогендік жағдайға және оқушылар саны екі мыңнан артық 
емес болуына байланысты мектептің полициялық инспекторы екі білім беру 
ұйымына қатарынан бекітілуі мүмкін. 
3. Мектептің полициялық инспекторы білім беру ұйымының ішкі істер 
органдарында есепте тұратын оқушыларымен алдын алу жұмыстарын есепте 
тұрған баланың тұрғылықты мекенжайы бойынша полицияның жасӛспірімдер ісі 
жӛніндегі учаскелік инспекторымен (бұдан әрі - полицияның жасӛспірімдер ісі 
жӛніндегі аймақтық учаскелік инспекторы) және бала оқитын білім беру 
ұйымының әкімшілігімен бірлесе жүргізеді. 
4. Есепке алынған баланы бақылау ісін не картотекалық есепті полицияның 
жасӛспірімдер ісі жӛніндегі аймақтық учаскелік инспекторы Қазақстан 
Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 17 шілдедегі №400 «Қазақстан 
Республикасы Ішкі істер органдарында жасӛспірімдер ісі жӛніндегі полициялық 
учаскелік инспекторының жұмысын ұйымдастыру туралы» Ережені бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 18.08.2000жылғы 
№1224 болып тіркелген бұйрығына сәйкес жүргізеді (Ішкі істер министрінің 
2004 жылғы 1 қарашадағы №603-бұйрығымен ӛзгерістер мен толықтырулар 
енгізілген). 
5. Мектептің полициялық инспекторы ай сайын полицияның жасӛспірімдер ісі 
жӛніндегі аймақтық учаскелік инспекторына есепке алынған баланың білім беру 
ұйымындағы мінез-құлқы туралы ақпарат беріп отырады, ақпараттың кӛшірмесі 
білім беру ұйымындағы бақылау ісіне тіркеледі. 
6. Мектептің полициялық инспекторы әлеуметтік педагогпен бірге мына 
тұлғаларды тізімдік есепке алып отырады: 
1) мектепішілік есепте тұрған жасӛспірімдерді; 
2) тұрмысы тӛмен отбасынан шыққан жасӛспірімдерді. 
7. Мектептің полициялық инспекторы білім беру ұйымы әкімшілігімен әрбір оқу 
тоқсанына жасалып (жоспар мектеп директорының тәрбие ісі жӛніндегі 
орынбасарымен бірге жасалады), мектеп директоры және қоғамдық қауіпсіздік 
полициясы жетекшісі бекіткен, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының 
(бұдан әрі – қала/аудан органдары) жасӛспірімдер ісі жӛніндегі бӛлімінің 
басшылығымен келісілген жоспар негізінде бірлескен әрекетті іске асырады. 
8. Әр тоқсанда жоспар бойынша мектептің полициялық инспекторының мектеп 
директорының тәрбие ісі жӛніндегі орынбасарымен, әлеуметтік педагогпен 
бірлесе жүргізген жұмысының нәтижесі туралы анықтама жасалады. 
9. Мектептің полициялық инспекторы білім беру ұйымында болуы керек. 
Мектептің полициялық инспекторы каникул кезінде білім беру ұйымында 
болуын жалғастыра береді, қажет болған жағдайда мектеп жанындағы балалар 
лагерінде жұмыс істейді. Каникул кезінде білім беру ұйымы оқытушыларымен 
бірге мектепте оқушылармен викториналар, құқықтық білім күндерін ӛткізеді, 
спорттық іс-шаралар ұйымдастырады. Жасӛспірімдердің бос уақытын 
ұйымдастыруға, оларды жұмысқа орналастыруға атсалысады. Оқушылар 
арасындағы құқық бұзушылық пен бақылаусыздықтың алдын алуға бағытталған 
жұмыстарға, рейдтік іс-шараларға қатысады. 


69 
10. Мектептің полициялық инспекторын оның құзырына тән емес жұмыстарды 
орындату үшін пайдалануға тыйым салынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет