58
36 бап. Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғау
3.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың немесе ӛзге де
заңсыз әрекеттің салдарынан тән немесе жан жарақатын алған балаға
денсаулығын қалпына келтіру және әлеуметтiк бейiмделу үшiн қажеттi кӛмек
кӛрсетiлуге тиiс.
4. Баланың заңды ӛкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден
таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына,
сол сияқты онда
жіберілуіне тыйым салынады.
5. Заңды ӛкiлдерi еріп жүрмеген баланың тұрғын жайынан тыс жерлерде
сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуына тыйым салынады.
.
37-бап. Балаларды алкагольді ӛнімдер мен темекі бҧйымдарының зиянды
әсерлерінен қорғау
1. Баланың ата-анасы, басқа да заңды ӛкілдері, мемлекеттiк органдар, сондай-ақ
баланы тәрбиелеу мен оған бiлiм беру функциясын жүзеге асыратын ұйымдар
салауатты ӛмiр салтын және алкогольдi ӛнiмдер
мен темекi бұйымдарының
зиянды екенiн насихаттауға мiндеттi.
2. Балаға алкоголь ӛнімін, темекiнi және темекi бұйымдарын сатуға тыйым
салынады.
3. Алкогольдi ӛнiмдер мен темекi бұйымдарын ӛндiруде немесе сатуда бала
еңбегiн пайдалануға тыйым салынады.
4. Балалар тауарларын сататын сауда
ұйымдарында және мәдениет
мекемелерiнде, сондай-ақ балаларға арналған iс-шараларды жүргiзу кезiнде
шылым шегуге, темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.
5. Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру,
спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың,
мәдени-демалыс
ұйымдарының ғимараттарында және аумақтарында алкоголь ӛнiмiн сақтауға
және ӛткізуге тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: