Қарағанды облысы білім басқармасы Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы



Pdf көрінісі
бет47/66
Дата06.02.2024
өлшемі1.3 Mb.
#490966
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66
қиын баламен әдістемелік

 35 бап. Бала және дін 
1. Мемлекет баланың ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың 
дiни дүниетанымына негiзделген тәрбиеге араласпауға, бiлiм беру, тәрбиелеу
емдеу ұйымдарының және ӛзге де сол сияқты мекемелердiң шегiнен тыс 
жерлерде баланың қатысуымен дiни жоралардың жасалуына, аталған әрекеттер 
баланың ӛмiрi мен денсаулығына қатер тӛндiретiн, оның құқығын бұзатын және 
жауапкершiлiгiн шектейтiн жағдайларды қоспағанда, кепiлдiк бередi.
2. Кәмелеттiк жасқа толмаған балаларға қатысты дiни жоралар ата-анасының 
немесе олардың орнындағы адамдардың келiсiмiмен жасалады. Балаларды дiнге 
тарту жӛнiндегi мәжбүрлеу шараларына жол берiлмейдi.


58 
36 бап. Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғау 
3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың немесе ӛзге де 
заңсыз әрекеттің салдарынан тән немесе жан жарақатын алған балаға 
денсаулығын қалпына келтіру және әлеуметтiк бейiмделу үшiн қажеттi кӛмек 
кӛрсетiлуге тиiс.
4. Баланың заңды ӛкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден 
таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда 
жіберілуіне тыйым салынады. 
5. Заңды ӛкiлдерi еріп жүрмеген баланың тұрғын жайынан тыс жерлерде 
сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуына тыйым салынады. 
.
37-бап. Балаларды алкагольді ӛнімдер мен темекі бҧйымдарының зиянды 
әсерлерінен қорғау  
1. Баланың ата-анасы, басқа да заңды ӛкілдері, мемлекеттiк органдар, сондай-ақ 
баланы тәрбиелеу мен оған бiлiм беру функциясын жүзеге асыратын ұйымдар 
салауатты ӛмiр салтын және алкогольдi ӛнiмдер мен темекi бұйымдарының 
зиянды екенiн насихаттауға мiндеттi.
2. Балаға алкоголь ӛнімін, темекiнi және темекi бұйымдарын сатуға тыйым 
салынады.
3. Алкогольдi ӛнiмдер мен темекi бұйымдарын ӛндiруде немесе сатуда бала 
еңбегiн пайдалануға тыйым салынады.
4. Балалар тауарларын сататын сауда ұйымдарында және мәдениет 
мекемелерiнде, сондай-ақ балаларға арналған iс-шараларды жүргiзу кезiнде 
шылым шегуге, темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.
5. Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, 
спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, мәдени-демалыс 
ұйымдарының ғимараттарында және аумақтарында алкоголь ӛнiмiн сақтауға 
және ӛткізуге тыйым салынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет