Тақырып Мәдениет морфологиясы. Мәдениет тілі



Дата08.10.2023
өлшемі22.68 Kb.
#480119
мәдениеттану


Тақырып 1. Мәдениет морфологиясы. Мәдениет тілі.
Дәріс мақсаты: Мәдениет морфологиясын, мәдениет тілін қарастыру
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі.
2. Мәдениетті аксиологиялық, өркениеттік, құрылымдық, антропологиялық, экономикалық түсіндіру.
3. Мәдениет белгілер мен мәндер әлемі ретінде. Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну.
Әдебиеттер 2,11,12,13
Мәдениет (латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден шыққан). Мәдениет адам жасаған әлем сияқты «екінші табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы. Қарым қатынас нәтижесінде қалып тасқан ерекше құбылыс. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Мәдениетке бірден бір ой бөлген Абай Құнанбаев. Сократ, Спенсер, Белинский, Чернышевский сияқты ойшылдар.
Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы мәдениет философиясын қамтиды. Қазіргі кезеңдегі материалдық және материалдық емес өндіріс орындары еңбекке қабілетті, технологиялық мәдениетті игерген адамдарды қажет етеді. Осыған орай, соңғы кездері педагогикалық құжаттардағы «технологиялық мәдениет», «еңбек мәдениеті» ұғымдарының мәнін көпшіліктің дұрыс түсінуі қажетті шарт болып табылады.
«Мәдениет дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беру үшін, бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығуына тоқталуымыз керек.
Қазақ тілінде бұл термин арабтың «маданият» қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты, «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық.
Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағына берген. Цицерон еңбектерінде б.з.д. 45 ж. Бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие болды.
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:
Мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармышылығының жиынтығы;
Мәдениет - адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері палеолит мәдениеті, крит микены мәдениеті, қазақ мәдениеті т.б.
Мәдениет - адамдардың іс әрекеті белгілі бір саланың жетілуі деңгейі сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті т.б.
Агромәдениет дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет т.б.
Мәдениет ұғымын алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға тырысқандар философтар болды.
18 ғасырда ағартушылық кезеңіне дейін, басты құндылық «адам мен оның ақыл ойы» деген қағида жүзеге асқанға дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдарды синонимі ретінде ғана пайдаланды. Осыны дәлелдеу үшін «мәдениет» ұғымын талдауды көне заманнан бастағанды жөн көрдік. Бұл терминнің алғашқы мағынасы жер анамен, оны өңдеп баптауымен тығыз байланысты болды.
«Мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау бақшаны өңдеу, өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты.
«Мәдениет» ұғымынның тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға ие. Осылардың ішіндегі ең бастысы діни табынушылық.
Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан құдайлар берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдары мен қала азаматтарын бәле жаладан қорғады. Сондықтан эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді.
Полис - дегеніміз шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары сол қаланың азаматтары болып саналады. Олар өз қаласының заңына бағынды, қаланы сыртқы жаулардан қорғады, қажетті азаматтық міндеттері мен борыштарын мүлтіксіз орындап отырды. Мұндай қалаларда мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі діни табынушылықты, әрі жер өңдеуді де білдірген. Осындай үйлесімділік көне полистерде қала азаматтарының азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады.
Гректер бұл процесті «пайдейя» (бала) деген ұғым арқылы берген. Бұл термин тәрбиелеу, оқыту деген ұғыммен қатар, кең мағынада білім беру, білімділік, ағартушылық, мәдениет деген мағыналарға ие болған. Адамға деген мұндай қамқорлықта сөзсіз гуманистік құндылық бар, оның негізінде мәдени процестердің мақсаты үшін күресетін адам идеалы жатыр.
В. Йегер «Грек мәдениетінің идеяларынсыз ертедегі дүние тарихи кезең болып өмір сүре алмас еді, ал Батыс Еуропалық мәдениет дүниеге келмеген болар еді» деп айтқан.
Грекияда негізінен мәдениеттің аристократиялық (ақсүйектік) түрі кеңінен таралған, ал оның негізінде терең генеалогиялық дәстүрлер жатыр. Г.Е. Жураковский «көп жылдық Афины мектептеріндегі білім берудің түпкі мақсаты оқушыларға афин қоғамының толық құқылы мүшесі екендігін толық сездіру болып табылады» деп жазды. Мәдениеттің мақсаты адам бойында ойлау, пікір айтып пайымдау қабілеті мен эстетикалық сезімді дамыту болды.
Жаңа заманда 17-19 ғ.ғ мәдениетін көптеген теориялары өмірге келді. Жаңа заман философиясында көне заман мен ортағасырлар мәдениетін нақты түсіну оған шындық тұрғысынан баға беру қайта қаралып жаңа мазмұнға ие болды. Ағартушылық кезеңі буржуазиялық қайта құруларға, терең саяси әлеуметтік өзгерістерге толы тарихи, әрі рационалды кезең болып саналады. Мәдениет теориясына үлес қосқан өз өкілдері болды. Олар Англияда Толанд, францияда Вольтер мен Монтескье, Германияда Лессинг, Шиллер, Гете.
Ж.Ж. Руссо сол кездің өзінде ақ ғылым мен өнердің адамдардың табиғатын өзгерте алатынына күмән келтірді. Руссоның пікірінше ғылым мен өнердің дамуына байланысты адамдардың «табиғи» жағдайы бұзылады, адамгершілік кері кетеді, қоғамдық теңсіздік орын алып, адамның бостандық сезімі аяққа басылады.Ол былай жазды: «Адам еркін болып туады, бірақ ол өз тіршілігін әр қашанда күреспен өткізеді». Адамзатты қоғамдық тарихи тұрғыдан нақтылы қарастырғандардың бірі Джанбаттиста Вико. Ол адамзат тарихының үйлесімділік мәселелріне баса назар аудару негізінде «адамзат баласының үздіксіз даму» идея бойынша барлық ұлттар өз дамуында үш дәуірді басынан кешірді «құдайлар ғасыры», «батырлар ғасыры», «адамдар ғасыры».
Ұлы неміс философы Иммануил Кант (1724-1804) «ақыл ойға» табынған.Оның ойынша «мәдениет табиғаттан бостандық патшалығына» барар жол, ендеше Кант ілімінің маңыздылығы оның мәдениеті гуманистік тұрғыдан қарастыруында.19 ғ. Мәдениет мәселелерімен айналысқан ғалымдардың бірі Эдуарт Бернетт Тайлор (1832-1917) болды. Ол «мәдениет жөніндегі ғылым реформалар жөніндегі ғылым» деп тұжырымдай отырып, мәдениетті үздіксіз даму үстіндегі процесс деп қарастырды. Тайлор өрениет кең, әрі этнографиялық мағынада білімен наным сенімдерден, өнерден, адамгершіліктен, заңдардан, салт дәстүрлерден, және қоғамның мүшесі ретінде адамның игерген дағдылары мен түрлі қабілеттерінен құралады деп есептеді.
Фридрих Вильгельм Шеллинг (1775-1854) мәдениетті эстетикалық тұрғыдан ұғынып меңгеруді басты орынға қойып, мәдениеттің мазмұны адамдардың көркемдік қызметі деп жариялады.
Еуропада кеңінен тараған мәдениет жөніндегі ұғым діни сипатта болды және ол мынандай қағидаларға келіп тірелді:
Мәдениетті ақыл ойдың не табиғи сезімнің көмегі арқылы түсіну (энциклопедистер)
Мәдениетті ішкі адамгершілік заңдарының көмегімен тану (Кант)
Мәдениетті эстетикалық, көркемдік шығармашылық қызмет арқылы білу (Шеллинг)
Ең соңында мәдениеттің адазаттың тегіне қатыстылығы және оның абсолюттік идея мен дүниежүзілік рухты жүзеге асырудың құралына айналғандығы (Гегель)
Адамзат мәдениеті үздіксіз дамып өркендей отырып эволюция мен прогрестің жалпы заңдарына сөзсіз бағынады.
Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениетсіз адам қоғамы болмайды. Мәдениеті өркендеген қоғам әр уақыта ілгерілеп, дамиды. Мәдениет қоғамдағы барлық құбылыс, процестермен байланысты.
Материалдық өндіріс рухани өмір сияқты бір қалыптасып қала бермейді. Өндіріс қажетті оның дамуын, жаңаша қалыптасуын туғызады оны күрделі ете түседі. Әрбір жаңа материалдық белес мәдениеттің де жаңа, неғұрлым жоғары деңгейге көтерілуін білдіреді, яғни ммәдениет ұғымының қоғамдық-гуманитарлық білім шеңберін кеңейтіп, кең саланы қамтитындығын айтып кеткен жөн. Бұл арада материалдық мәдениеттің адам тарихындағы ерекше рөлін арнайы бөліп айту себебіміз – мәдениеттің адам проблемасымен тығыз байланыстылығын естен шығармау қажет екендігіе көңіл аудару болып табылады.
Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: материалдық және рухани.
1. Материалдық - бұл өндірістегі құрал-саймандар техника, құрылымдар және тағы басқалар.
2. Рухани - бұл ғылым, өнер, әдебиет тағы басқалар.
Мәдениеттің бұлай бөлінуі белгілі шартқа байланысты Олардың арасында тығыз байланыс, қатынастар бар. Осылардың нәтижесінде олар бір-біріне әсер етеді. Мысалы, адам ойындағы кейбір ғылыми-техникалық жобалар, тұжырымдар нақтылы өмірде жаңа техника, сайман, басқа құрал-жабдық түріне айналады. Ал жаңадан пайда болған техника, құрылғы, технология, жаңа ой-пікірлер, тұжырым, теория жасауға мүмкіндік туғызады.
Материалдық мәдениет құрамына еңбек құралдарымен бірге барлық қолмен, ақылмен өңделген еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны мен түрі мәдениеттің даму сатысын көрсетеді. Сондықтан мәдениеттегі қазіргі бардың, болашақтың сабақтастық байланысын тани білу қажет. Өткендегі құрал – саймандар із-түссіз жоғалып кетпейді.
Адамдар күнделікті өмірде мәдени құбылыстарды әртүрлі түсінеді. Біреулері мәдениетті қоғамдағы құндылықтарды адамдардың жете ұғынуы, саналы түрде меңгеріп алуы десе, екіншілері – қоғамдағы адамдардың білім мен тәрбие алу процестерінде пайда болған адамның саналы ақыл-ойы, мінезі, оның ойлау қабілеті, сезімі ретінде қарайды.
Мәдениет белгілер мен мәндер әлемі ретінде
Рәміздер мен белгілер сөз еткенде, ол ненің рәмізі, ол ненің белгісі деген сұрақ туады. Ол ұғымдардың мәнін тек олардың басқа бір үшінші нәрсеге яғни түпнұсқаға қатынасын талдау нәтижесінде ғана ашуға болатындығын білдіреді.
«Белгі», «рәміз» ұғымдары бір мағыналық контексте пайдаланылады.
“Белгі” – сезіммен қабылданатын, басқа бір зат, құбылыс, қатынастың өкілі түрінде көретін нәрсе. Белгі – ақпараты қабылдау, сақтау, өңдеу және беру үшін қолданылады. Контекстке байланысты әр түрлі түсіндірілетін және көп мағыналы таңбаға қарағанда белгінің кесімді анықталған бір мағынасы бар.
Тілдік және тілдік емес белгілерді ажыратады. Тілдік белгілер бір-біріне тәуелсіз емес және белгілі бір құрастыру, түсіну және қолдау ережелеріне сай тұтастықты қалыптастырады. Нәрсе туралы ақпаратты сол нәрсені қабілеттілігі абстаркты - ұғымдық ойлаумен байланысты адамзаттың мәдени тарихындағы маңызды жетістік болды.
Көркем мәдениет саласында өнердің ерекшелігінен пайда болған әрбір өнер түрлерінің өзіндік бейнелеу–белгілеу жүйелері бар. Бояулы сурет өнерінде белгілік құрылымдарға жататындары: сықақ, түс, ырғақ, композиция. Олардың нақтылы тоғысуы белгілі бір мазмұнды, яғни көркем ақпаратты білдіретін белгі жүйесін құрастырады. Заманның мәдени-көркем стилінің белгі жүйесін талдау оның дәлдік типтерін аңғаруға негіз болды. Оның өзі адам санасына тән сол дәуірдегі әлем бейнелерімен танысуға мүмкіндік береді.
Рәміздің түсіндіретін эстетикалық аппарат адамның қабылдау мүмкіндігінен біршама жоғары еркіндік деңгейінің үлкен санына ие.
Рәміз ең алдымен бар-жоғы қандай да бір белгі - бұл материалдық зат (құбылыс, оқиға). Ол кейбір басқа заттың, ерекшеліктің немесе қарым-қатынастың объективті орынбасары ретінде іс-әрекет етеді және ақпаратты алу, сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылады (ақпарат, білім). Ол зат бейнесінің осы қоғамдық атқарушысы оның функционалдық міндетімен шектеледі.
Адамның күнделікті өмірі рәміздер мен белгілерге толы. Олар белгілі бір жайтқа рұқсат ете немесе тыйым сала отыра, оның мағынасын білдіре және толтыра отыра адамның өзін-өзі ұстауын реттейді.
Мысалы: шеңбер мәңгілік рәмізі ретінде, үшбұрыш – үшбірлік рәмізі, түлкі қулық рәмізі ретінде алынады.
Рәміз – (символ) жалпы мағынасы өте кең. Сондықтан да біз рәміздің бірден екі қырын ажыратуға тиіспіз: біріншіден мәнін, ал екіншіден осы мәннің түсіндірілуін.
1.Мифтік рәміз. Миф – 1) көне аңыз, әңгіме; 2) тарихи-мәдени сананың ерекше күйі. Ежелгі мифтер мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі болып, олардың рәміздік (символдық) мазмұны арқылы адам қоршаған ортаны игеріп, жете түсінді. Мұнда поэзия мен алғашқы білімнің, дін мен әдептің, өнер мен өмірлік тәжірибенің ерекше бірлігі орын алды.
Алғаш рет Миф философиясын Дж.Вико (1668 – 1744) ұсынды. Ол Миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды. Кейін 19 ғасырдың ортасынан бастап Миф этнографиялық материал ретінде зерттеле бастады.
2.Діни рәміздер. Дін дегеніміз сенушілерінің әрекеті мен нанымын, моралы мен дүниетанымын белгілейтін, қадірлейтін және тауап ететін қасиетті орыны бар, киелі кітабы, қастерлі кісілері (пайғамбары) бар, түрлі культтардан тұратын, табиғаттан тысқары немесе трансценденталді құдіретке, рухани белгі-түсініктерге сиынатын дүниетаным формасы, о дүние секілді басқа тылсым өмірді бар деп есептейтін мистикалық түсінік жүйесі.
3.Өнердегі рәміздер. Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.
Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады.
Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің: көркем әдебиет, музыка, мүсін, кескіндеме, театр, кино, би, сәулет өнері түрлері бар.
4.Саясаттағы рәміздер. Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.
Қазіргі тіл біліміндегі зерттеулерде қарастырылып жүрген жаңа бағыттың бірі тіл мен мәдениет байланысына арналған. Көптеген зерттеу еңбектерінде тілдегі ұлттық танымды, ұлттық рухты, ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған жұмыстар сөз болып келеді.
Бірқатар зерттеушілер тіл – мәдениетті танытушы құрал ғана емес, тілдің бойында оның (мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш. Ұлттық мәдениеттің тірегі тілде. Қазақ халқының этностық, ұлттық мәдениеті, негізінен тілде көрініс тапқан. Осы орайда тіл – ұлттық болмысымен қалыптасқан төл мәдениетіміз сақталған негізгі көздердің бірі екенін айтады.
Біздіңше, сонымен қатар тіл – мәдени мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырушы құрал. Тілші - ғалым Ә.Қайдар: «Кез келген тілдің қоғамда өзара байланысты үш түрлі қызметі бар. Оның басты қызметі – коммуникативтік, яғни қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынас жасап, бір-бірін түсінуі, пікір алысуы үшін қажетті қызметі. Оның екінші қызметі – көркем шығарма тіліне тән, адам баласына образ арқылы ерекше әсер ететін, ләззат сыйлайтын эстетикалық қызметі. Тілдің бұл қызметі, әрине қаламгердің шеберлігіне, сөз саптау мәдениетіне тікелей байланысты. Ал тілдің үшінші қызметі, ғылыми терминмен айтқанда аккумулятивті қызметі деп аталады. Ол – тілдің ғасырлар бойы дүниеге келіп, қалыптасқан барлық сөз байлығын өз бойына жиып, сөйтіп оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел жеткізіп отыратын қасиеті…тіл фактілері мен деректері – тұла бойы тұнып тұрған тарих. Сондықтан этностың өткендегі тарихы мен этнографиялық байлығын біз ең алдымен содан іздеуіміз керек» дейді.
Олай болса, мәдениет пен тілдің бір-бірімен байланысы күрделі, өте тығыз. Мәдениет адам қолымен жасалатын материалдық құндылық болғандықтан, ол таза табиғи үдеріс ретінде таныла алмайды. Себебі тіл адам баласына берілген рухани құндылық. Бір қырынан алғанда, мәдениет пен тілдің байланысы мазмұн мен пішіннің байланысы секілді.
Тіл – мәдениеттің өмір сүру формасы болса, мәдениет – оның ішкі мазмұны. Сондықтан да, тіл мен мәдениетті бір-бірімен бөліп қарауға болмайтын құбылыс деуімізге болады.
Мәдениет тілі – деп адамдардың бір-бірімен коммуникативті байланысқа түсуіне, мәдениет кеңістігне бағдар алуына мүмкіншілік беретін нәтижелерді, рәміздерді, формаларды, белгілерді. Құралдарды айтамыз. Мәдениет тілі – шындықты мағыналы, мазмұнды етудің әмбебап формасы.
Мәдениет тілі мәселесі – түсіну мәселесі.
Мәдениет тілі мәселесі – мәдени сұхбат тиімділігі мәселесі.
Диалог – көне грек тілі. Өзінің мағынасында диалог – екі адамның әңгімелесуі.
Сұхбат адамның, мәдениеттің өзіндік шекарасынан шығу қажеттілігін қамтамасыз етеді, адам да, мәдениетте өзіне-өзі ғана шектелмеген дүние.
Тіл – мәдениет өнімі, тіл – мәдениеттің құрылымдық элементі, тіл – мәдениеттің шарты.
Тілдің айтылу жағын – физиология, дыбысын – физиканың саласы – акустика, айтылу барысында мидың жұмысын нейрофизиология зерттейді. Осы мәселені зерттейтін ғылымдар ішінен, семиотика мен герменевтиканы айтуға болады.
Семиотика (грек – белгі) – белгілер жүйесі ғылым мен мәдениет семиосі (яғни белгіні тудыру процесі туралы) мен лингвистикалық және бейлингвистикалық белгі коммуникация туралы ғылым.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет