Басса- Даркидің эмоциялық тестінің қорытындысы бойынша төмендегідей көрсеткіш көрсетті.
Мақсаты: Оқушының мінезіндегі эмоциялық ерекшеліктерін анықтау. Сынып оқушыларымен «5-ші сынып дегеніміз не?», «Мен және біз» , «Біздің мұғалімдер» атты тақырыптар да психологиялық тренингтер өтілді. Онда оқушылар өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай нені білу керек екендігін білді. 5- сыныптың бастауыш сыныптан қандай айырмашылықтары бар екндігі туралы ойларын ортаға салды. Ата-аналармен «Баланың бас ұстазы- ата-ана» атты дөңгелек үстел өтті. Онда ата-аналарға балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты қандай өзгерістер болатындығы жөнінде кеңестер берілді. Оқушылардың 5-сыныпқа бейімделуі жөніндеата-аналардан сауалнама алынып, нәтижесінде ата-аналардың 50 пайызы балаларға көмектесе алмайтыны анықталып, қосымша сабақтар керек екендігі жөнінде ұсыныс жасады.
5-сыныптың бейімделуі қалыпты жағдайда өтуде.
Ұсыныс: 1. Оқушылармен психологиялық жаттығулар мен тренингті одан әрі жандандыру;
Сен мұғалімдерді қалай қабылдайсың? (сауалнама)
Мақсаты: оқушылардың мұғалімге деген қарым-қатынасын анықтау.
Қатынасқан оқушылар саны: 36
1. Сыйлаймын- 100 %
2. Ақылын тыңдаймын- 100 %
3. Үлкен адамдарға құрмет көрсету керек- 95 %
4. Мұғалім маған білім береді- 85 %
Қорытынды.Бұдан оқушылардың мұғалімге деген қарым-қатынасының жақсы екендігі мен өзара түсінушіліктері байқалады.
5-сынып оқушыларының ортаңғы буынға бейімделуі жақсы, яғни оқу-тәрбие үрдісінде жақсы көрсеткіштер көрсетті. 5-сынып ата-аналарымен бірге «Бала –біздің болашағымыз», «Баланың бас ұстазы-ата-ана»атты дөңгелек үстел өтілді. Онда ата-аналар баласымен және мұғаліммен қандай қарым-қатынаста болу керек екендігі жөнінде түсінік беріліп, қиындық тудыратын мәселелер жөнінде әртүрлі жағдаяттар шешілді. Ата-аналарға психологиялық кеңестер берілді. Сонымен бірге баласы туралы бірнеше мәліметтер алды.
Бастауыш сынып оқушыларымен «Сенімді дос»психологиялық ойын (3-4 сынып), «Тамыры-ұлттық» танымдық ғылыми ойын (1-2 сынып) және үзіліс кезінде «Шеңбер құрып тұрыңдар», «Келіңдер ойнайық» ойындар өткізілді.Бастауыш сынып оқушыларымен психологиялық ойындар, анкета, сауалнама өткізу өте қызықты әрі көңілді, өткені оқушылар тапсырылған тапсырманы дер кезінде қуана, қызыға орындайды.
4- сынып оқушысын мектептегі социумге бейімдеу.
Мақсаты : Оқушылардың сабаққа дайындығын және ата- аналармен қарым –қатынасын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |