Мектеп және кеніштің кітапханасымен де тығыз байланыста болды:
Әлеметтік жұмыс бойынша оқу жылының басында тамыз –қыркүйек айында «Мектепке жол» акциясы жүргізілді. Әлеуметтік көмекті қажет ететін 37 оқушыға материалдық көмек көрсетілді. Кеңсе тауарлары мен оқуға қажет киім –кешекпен қамтамасыз етілді. Демеушілердің көмегі және ұстаздар қауымы материалдық көмек көрсетті. Жыл басында әр сынып жетекші сыныбының әлеуметтік құжаттарын толтырып,барлық сыныптардағы аз қамтылған, көпбалалы отбасы балалары, жетім балалар анықталды. «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандырушыларды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету құжаттары жинақталып, 37 оқушы тегін тамақтану тізіміне ұсынылды. Осы оқушылар жыл бойына тегін тамақтанып шықты және «Мектепке жол » және «Қамқорлық» акциялары барысында осы балаларғакөмек көрсетіліп отырды. Бекітілген жоспар негізінде барлық жұмыстар атқарылды. Аз қамтылған, көпбалалы және қамқорлықтағы оқушыларға толықтай кітаппен қамтылды.
Оқу жылының басынан бастап кешкілік рейдтер жүргізіліп отырды.
Қазан айында көп балалы отбасынан шыққан балалар аз қамтылған отбасынан шыққан балалар, қамқорлыққа алынған балалардың құжаттары және әлеуметтік педагогтың құжаттары қайта қаралып реттелді. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтың алдын алу ісі бойынша жұмыстар жүргізілді. Балқаш қаласы жасөспірімдер ісі жөніндегі орынбасарларының кешкілік рейд жүргізу барысында мектебімізде 3 оқушы ұсталған. Аталған 3 оқушы мектепішілік тіркеуге алынды. Мектепішілік тіркеуге алынған 3 оқушы сынып жетекшісі және әлеуметтік педагогтың бірігуімен күнделікті бақылауда болды.
Қараша айының соңында тегін тамақтанушы 37 оқушы мемлекеттарапынан көмек көрсетіліп,қысқы киімдер, рюкзак, аяқ киімдер мен спорттық қиемдермен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, аз қамтылған, көпбалалы және жетім балалардың үйінде тұрғын үй актісі жасалынып, рейд жүргізіліп отырды.
Әлеуметтік педагогтың жұмысының бір бөлігі, өз құзырлығының шеңбері бойынша көмек қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау, оларға тиісті педагогикалық, психологиялық, материалдық көмек көрсету және консультациялар беру. Оқу жылы барысында мектепішілік бақылауда және аудандық бақылауда тұрған оқушылар мен аз қамтылған отбасы оқушылары , қамқорлыққа алынған балалардың тұрғылықты мекен -жайы тексеріліп, акт жасалды.
Сонымен қатар оқу жылы барысында орта буын оқушылары мен жоғары сынып оқушылары арасында түрлі тақырыптарда дәрістер оқылып, бейне көріністер тамашаланды. Мысалға алсақ, «Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу», «Тәуелділіктің алдын –алу жұмыстары», «Зиянды заттардың адам ағзасына тигізер зияны »т.б Бейнекөріністерде зиянды заттардың қаншалықты адам өміріне тизізер зардаптары туралы сюжеттер көрсетіліп, қорытындылар шығарылды. Құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын-алу мақсатында сауалнамалар алынып, сараптамалар жасалды.
Желтоқсан айынан бастап мектепте «Адалдық дүкені» ашылды.
Мектепте іс-шараларды өткізу барысында 1-4, 5-11 сынып оқушылары түгел қамтылды. Мектеп медбикесі Тойчибекова К.Ш сынып жетекшілеріне тақырыптық көмек ретінде «Мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы» атты оқыту семинарын өткізді. Сынып жетекшілері өз сыныптарында «Ас – адамның арқауы» атты сынып сағаттарын өткізіп, оқушылардың дені сау болуы үшін дұрыс тамақтанудың маңыздылығын айтып түсіндірді. Мектеп асханасының қызметкерлері асхана бөлмесінде дұрыс тамақтану мен дәрумендер туралы қабырға газеттерін, асхана бұрышын жасады . Акция бойынша жоспарланған іс-шаралар толық өткізілді. Оқушылардың салған суреттерінен көрме ұйымдастырылды.
Мамыр айында азқамтылған отбасынан шыққан оқушылардың жалпыға бірдей білім беру қорынан жазғы мезгілге киім алу үшін қаржылай көмек берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |