ІІІ бөлім. Проблемалық –бағытталған талдау
Болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – біздің мектепте біраз уақыттан бері қолға алынған. Мектептегі білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс – тәсілдерінің жаңаруы, бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашыл бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматтарды тәрбиелеу – Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сүйенеді.
Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектебінің даму стратегиясы оқушылардың білім сапасын көтеруге бағытталды. Қазіргі уақытта, кейбір мәселелерді ескере отырып, педагогикалық ұжым білім беру және тәрбиелеу нәтижелерін арттыруды көздейді. Педагогикалық ұжымның қорытындылары бойынша оқушының оқу қабілетінің төмендеуін: оқушының денсаулығының төмендеуімен, ақпараттың шамадан тыс көптілігімен және оларды оқушылардың игере алмауымен байланыстырамыз. Келесі бір себеп – оқушының жеке ерекшеліктерін меңгеруде, танымдық белсенділік қабілетін дамыту жолында кейбір мұғалімдердің олармен жеке жұмыс түрлерін жүргізбеуі және оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолданбауы. Осы орайда, оқу үдерісінің қарқынын күшейту, оқу үдерісін жақсарту қажет.
Даму стратегиясын жоспарлау мақсатында мектептің бастапқы жағдай жөнінде ізденіп, оқу үдерісіне қатысты пікірлері мен көзқарастарын білу бағытында мұғалімдермен, ата-аналармен, оқушылармен әңгіме, сұхбаттар, сауалнамалар жүргізілді. Атқарылған шаралар барысында мектеп әкімшілігінің жұмысы, мектеп мұғалімдерінің көзқарастары мен ұстанымдары, өз кәсіби міндеттерін атқару сапасы, оқушылардың білім алуы, олардың білім берудің әдіс-тәсілдерін өз бетінше талдауларына қаншалықты мүмкіндік берілген деген сияқты сұрақтар мен мәселелер төңірегінде ой қозғалды. Сауалнама қорытындысында мектеп мұғалімдерінің мектептегі ахуалға көзқарастары, жұмыстарының қаншалықты ынталандырылуы, қызметте кездесетін қиындықтар, олардың шешілу жайы мен жолдары, жаңа бастамаларға деген көзқарастары деген т.б. сауалдарға жауаптар алынды.
Мектеп оқушыларының көпшілігі мектептің келешек дамуы туралы өз ойларын айтуға қиналатыны, өзі оқитын мектебі мен ұстаздарына сенім білдіргенімен, мұғалімдермен оқыту мен оқудағы проблемалар талқылауға дайын еместігі байқалды. Оқушылар арасында түрлендірілген дебаттар, дөңгелек үстелдер, сабақта топтық жұмыс түрлерін өткізу арқылы өз келешегін анықтап, жоспарлауға ұмтылатынына, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге тәрбиеленіп, жауапкершіліктері мен көшбасшылық қабілеттерінің артатынына көз жеткізуге болатынын ескере отырып, даму жоспарына маңызды стратегиялық бағыттар айқындалды.
Мектептің даму стратегиясын жасау барысында талдау нәтижесінде анықталған мүмкіндіктері ескеріліп, әлсіз жақтардың жою жолдары көрсетілді. Ол үшін мектептің даму жоспарына енгізген бағыттар ішінде педагог қызметкерлердің кәсіби біліктілігінің дамуына мақсатты түрде басымдық беріліп отыр. Мұғалімдер әр сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануы, өзара тәжірибе алмасуы, оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыруы, үздіксіз білім алуы оқушылардың функционалдық сауаттылығының жоғарлауына, өз бетімен білім алу жолдарын меңгеруіне, білім сапасының артуына әкеледі.
Жастарға меңгерген білімдерін тәжірибелік жағдайда тиімді қолданып және әлеуметтік бейімделу үрдісінде табысты пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттілік жүйесін оқушылардың меңгеруі функционалды сауаттылықты жетілдірудің нәтижесі болып табылады. Осылайша, педагогикалық ұжым оқушыларда негізгі білім беру құзырлықтарын жетілдіруді қамтамсыз етуге бейімделген. Бұл жұмыстың нәтижелерінің бірі оқушылардың жыл сайын әр түрлі интеллектуалды, шығармашылық, пәндік, спорттық сайыстарға, турнирларға, марафондарға, жарыстарға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысулары болып табылады. Бірақ, мұғалімдер және оқушылардың ғылыми мен зерттеу жұмыстарына қатысулары төмен деңгейде, облыстық және республикалық пән олимпиадаларынан жүлделі орындар аз, тіпті ағылшын тілінен қалалық олимпиада да кейінгі 3 жылда жүлдегерлер болып көрген жоқ. Сондықтан мектептің даму жоспарына енгізген бағыттар ішінде дарынды оқушылардың дамуына мақсатты түрде басымдық берілмекші.
Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру үшін мектеп оқушылардың өзін-өзі басқару «Сұнқар» ұйымы құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |