Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі бастауыш сынып мұғалімі Мақсат Айнагүл


«Бағдаршам» Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз. Мысалы



бет5/5
Дата05.03.2024
өлшемі37.03 Kb.
#494351
1   2   3   4   5
"Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау"

«Бағдаршам»
Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз.
Мысалы:
•Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсін-беймін, жасыл = барлығы түсінікті). 
•Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін баға-лайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады. 
•Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдар-ды және т.б. бағалайды. 
Басында балалардың барлығы жасыл түстіні көрсетуі мүмкін. Содан кейін өз қателерін тауып,дұрысын дәлелдей алмағандар сары немесе қызыл тұсті көтеріп жатады. Бағалаудың өзіндік қиындықтары да бай-қалып жатады. Басында балалар өздеріне жоғары баға береді.Ол жағ-дайда оқушыларға бағаның шын болу керектігін айта отырып, яғни шын баға өзінің қаншалықты түсінгенін көрсететінін айтып өткен жөн.
Формативті бағалаудың дәстүрлі бағалау жүйесінің артықшылығына сын көзбен қарайтын болсақ::
Оқушының жетістік деңгейін нақты сипаттайды;
Білімге деген ынтасын арттырады;
Баланың өзіне деген сенімділігі артып,жауапкершілікті сезінеді;
Оқушының өзін өзі бағалауы дамып, оны тек сабақ барысында ғана емес,кез келген өмірдегі болып жатқан қайшылықтарға өзіндік бағалау жүргізе алатын тұлға қалыптасады.
Қорытынды
Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады деп ойлаймын. Бағалау - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин 
«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Қазіргі бағалау түрлі нысанда, түсінікті,психологиялық тұрғыдан жайлы,екіқұрамды жиынтық және формативті болуы керек. Жиынтық бағалаудың немесе Оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест,емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды. Формативті бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді әздеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек.
Формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Ксензова Г.Ю. Оценочная деятельность учителя. Учебно-методическое пособие. М:Педагогическое общество России, 2000. 121с
2.Десятибалльная система оценки результатов учебной деятельность учащихся: Инструктивно –метод.Материалы /Под.ред. О.Е.Лисейчикова Мн:НИО, 2002.400с.
3.Педагогика. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М., Алматы-2004, 3-басылымы 4.Мануал «12 жылдық мектептегі бастауыш білімнің құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктері», Ж.Ш.Адамова, Д.А.Сүртібаева, МББҚБА және ҚД институты,2007 5.Мануалға қосымшалар, Ж.Ш.Адамова, Қарағанды,2008

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет