Кепiлгердiң қолы мен мөрi
Күнi мен мекен-жайы
Үлгi конкурстық
құжаттамаға
10-қосымша
Берешектiң жоқ екендiгi туралы анықтама
Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2013.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Банк (атауы)_______ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi, кредиттiк серiктестiктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есептiң үлгi шот жоспарына сәйкес осы Банкте қызмет көрсетiлетiн банк алдында анықтама берiлген айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығын растайды (заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекен-жайы, СТН, БСК және т.б. көрсету қажет).
Күнi
Қолы
M.О.
Үлгi конкурстық
құжаттамаға
11-қосымша
Ескерту. 11-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Үлгi конкурстық
құжаттамаға
12-қосымша
Ескерту. 12-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Конкурста сатып алу мәнi болып табылатын, жұмыстарды орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету кезiндегi қоса орындаушылар) туралы мәлiметтер, сондай-ақ
әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлерге (қоса орындаушыларға) беретiн жұмыстар мен қызметтердiң түрлерi
(конкурстың толық атауын көрсету қажет)
Р/с
№
|
Қосалқы
мердiгердiң
(қоса орындаушы) – заңды тұлғаның
атауы не жеке тұлға болып табылатын
қосалқы мердiгердiң
(қоса орындаушының)
- Т.А.Ә.
|
Қосалқы мердiгер
(қоса орындаушы)
салық төлеушiсiнiң
тiркеу нөмiрi, оның
толық заңды
және почталық
мекен- жайы,
байланыс
телефоны
|
Техникалық
ерекшелiкке
сәйкес
орындалатын
жұмыстардың
(көрсетiлетiн
қызметтердiң)
атауы
|
Техникалық
ерекшелiкке
сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) ақшалай мәндегi көлемi
|
Техникалық
ерекшелiкке
сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) ақшалай
мәндегi көлемi
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Осы қосалқы мердiгер (қоса
орындаушы) бойынша барлығы
|
|
теңге
|
|
көлемi-
нiң %
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Осы қосалқы мердiгер (қоса
орындаушы) бойынша барлығы
|
|
теңге
|
|
көлемi-
нiң %
|
Барлық қосалқы мердiгерлер (қоса
орындаушылар) бойынша жиыны
|
|
теңге
|
|
көлемi-
нiң %
|
Осымен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) қатысуға өтiнiм беретiн әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерi(лерi) (қоса орындаушысы(лары)) конкурс (конкурстың толық атауын көрсету) тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысудың шарттары туралы өзiнiң хабардар екендiгiн бiлдiредi және әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерлерiне (қоса орындаушыларына) қатысты бөлiгiнде конкурстық құжаттамада көзделген талаптарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi өзiне қабылдайды.
Қосалқы мердiгер (қоса орындаушы) - заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердiгер (қоса орындаушы) Т.А.Ә.
|
Қосалқы мердiгердiң (қоса
орындаушының)
уәкiлеттi өкiлiнiң Т.А.Ә.
|
Қолы
|
|
|
|
|
|
|
|
Әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерге (бiрлесе орындаушыға) беретiн жұмыстар мен қызметтердiң көлемi жұмыстар мен қызметтердiң жалпы көлемiнiң үштен екiсiнен аспауға тиiс.
Үлгi конкурстық
құжаттамаға
13-қосымша
______________________әлеуеттi өнiм берушi бағаларының кестесi
(әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы)
(лоттың нөмiрi көрсете отырып, әрбiр лотқа жеке толтырылады)
Ескерту. 13-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2013.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Р/с№
|
Мазмұны
|
Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң атауы
|
1
|
Қысқаша сипаты
|
|
2
|
Шығарылған елi (жұмыстарды сатып алу кезiнде алынып тасталады)
|
|
3
|
Дайындаушы зауыт (жұмыстар мен қызметтердi сатып алу кезiнде алынып тасталады)
|
|
4
|
Өлшем бiрлiгi
|
|
5
|
_______бiрлiктiң бағасы ___________
ИНКОТЕРМС 2000 шарттары
бойынша _________
(межелi орны)
|
|
6
|
Саны (көлемi)
|
|
7
|
Барлық бағасы =__________
5-бет х 6-бет,
|
|
8
|
Жалпы бағасы,_________ИНКОТЕРМС
2000 шарттары бойынша __________
межелi орны, әлеуеттi
өнiм берушiнiң тасымалдауға
арналған, кеден бажын, ҚҚС және
басқа төлемдер мен алымдарды,
жинақтаушы бөлшектер мен
мiндеттi қосалқы бөлшектер
бағасын, бiр өлшем бiрлiгiне
пайдаланудың бастапқы мерзiмi
iшiнде қызмет көрсетуге арналған
барлық шығыстарды қоса алғанда,
басқа да шығыстар
|
|
Бiз Сiздердiң конкурстық құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызға келiсемiз
________________ _______________________
(Қолы) (лауазымы, Т.А.Ә.
М.О.
Ескертпе: әлеуеттi өнiм берушi жалпы бағаның құрауыш бөлiктерiн көрсетпеуi де мүмкiн, бұл ретте осы жолда көрсетiлген бағаны әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық шығындарын, болған кезде жеңiлдiктердi ескере отырып конкурстық комиссия қарайды және қайта қарауға жатпайды.
Ережеге
4-қосымша
Ескерту. 4-қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз), 2013.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.
Тауарларды/көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу
туралы үлгi шарт
__________________ _________ж. _____ _______________
(Орналасқан жерi)
Бұдан әрi Тапсырыс берушi деп аталатын ___________________________
(Тапсырыс берушiнiң толық атауы)
атынан,___________________________________________________________
(уәкiлеттi адамның лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
бiр тараптан және бұдан әрi Өнiм берушi деп аталатын
_____________________________________________________________атынан
(өнiм берушi - конкурс жеңiмпазының толық атауы)
_____________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
(Жарғының, Ереженiң және т.б.)
__________________________________________________________________
(уәкiлеттi адамның лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
екiншi тараптан, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Заңның (бұдан әрi - Заң) және мемлекеттiк сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бiр көзден алу тәсiлiмен) қорытындылары негiзiнде_____жылы___ _______ өткен осы Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты және мына төмендегiлер туралы келiсiмге келдi:
1. Өнiм берушi (сомасы цифрлармен және жазумен көрсетiлсiн) мөлшердегi сомаға (бұдан әрi - Шарттың бағасы) тауарларды/көрсетiлетiн қызметтердi Тапсырыс берушiге жеткiзудi мiндетiне алды.
2. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдар мынадай түсiндiрменi бiлдiретiн болады:
1) "Шарт" - Тапсырыс берушi мен Өнiм берушi арасында Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тiркелген, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бiрге, сондай-ақ шартта сiлтеме бар барлық құжаттамамен бiрге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
2) "Шарттың бағасы" Тапсырыс берушi Шарттың шеңберiнде Өнiм берушiге өзiнiң шарттық мiндеттемелерiн толық орындағаны үшiн төленуге тиiс соманы бiлдiредi;
3) "Тауарлар" нәрселердi (заттарды), оның iшiнде жартылай фабрикаттарды немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзатты, электр және жылу энергиясын, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объектiленген нәтижелерiн, сондай-ақ Өнiм берушi Тапсырыс берушiге Шарт шеңберiнде беруге тиiс Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтарды бiлдiредi;
4) "Iлеспе көрсетiлетiн қызметтер" Тауарларды берудi қамтамасыз ететiн қызметтердi, мәселен, тасымалдау және сақтандыру және мәселен, монтаждау, iске қосу, техникалық жәрдем көрсету, оқыту қамтылатын кез келген басқа да көмекшi қызметтер және Өнiм берушiнiң осы Шартта көзделген басқа да осыған ұқсас мiндеттерiн бiлдiредi;
5) "Қызмет көрсету" - Тапсырыс берушiнiң мұқтажын қанағаттандыратын, заттық нәтижеге ие емес, қызмет;
6) "Тапсырыс берушi" - мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
7) "Өнiм берушi" - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, Тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның агентi ретiнде әрекет ететiн заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум).
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен
3. Төменде санамаланған құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлiгi болып саналады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) сатып алынатын тауарлардың/көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi;
3) техникалық ерекшелiк;
4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.
4. Ереженiң 158-тармағында көрсетiлген жағдайларда және мөлшерде Өнiм берушi Шарт жасасқан күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзедi. Өнiм берушi Шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
1) тапсырыс берушiнiң банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушiлер үшiн Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;
2) банктiк кепiлдiктi таңдауға құқылы.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2013.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
5. Өнiм берушiнiң Шарт бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн үшiншi тұлғалардың енгiзiлген кепiлдiк ақша жарнасына тұтастай не бiр бөлiгiнде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын iс-қимыл жасауына жол берiлмейдi. Тапсырыс берушiнiң өнiм берушi енгiзген кепiлдiк ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берiлмейдi.
6. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындармен мемлекеттiк сатып алу шарты бiр қаржы жылынан астам мерзiмге:
1) дайындаудың технологиялық мерзiмiнiң ұзақтығы, тауарларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында беруге себепшi болатын тауарларды (мұндай фактiнi растайтын әзiрлеушiнiң анықтамасы болуға тиiс);
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтердi сатып алған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкiн. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда, бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкiн.
Бұл ретте жоғарыда көзделген жағдайларда бiр қаржы жылынан астам қолдану мерзiмiмен мұндай мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бәсекелестiк негiзде жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша белгiленген өнiм берушiлермен ғана жасасуға жол берiледi.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2013.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
7. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретiн акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгiленген, басқару органдары немесе аталған тұлғалардың жоғары органдары бекiткен келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмiмен iс-шаралар жоспарын орындау үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы ұзақ мерзiмдi шарт жасасуы мүмкiн.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
8. Жылдық қаржы есептiлiгiнiң аудитi бойынша Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалуы мүмкiн.
9. Өнiм берушi тауарды (көрсетiлетiн қызметтердi) Өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмiне және осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын Тапсырыс берушiнiң (конкурсты ұйымдастырушының) конкурстық құжаттамасына сәйкес санда және сапада сатуды және берудi (көрсетуге), ал Тапсырыс берушi қабылдауды және төлеудi мiндетiне алады. Ақы төлеу нысаны__________________________________
(аударым, қолма қол есеп айырысу, және т.б.)
10. Төлеу мерзiмi _____________________________________________
(мысал: тауарды тағайындалған пунктте қабылдағаннан кейiн % немесе алдын ала төлеу және т.б)
11. Ақы төлеу алдындағы қажеттi құжаттар:
______________________________________________________________
(шот-фактура немесе қабылдау-беру актiсi немесе т.б.)
Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзу талаптарын көздеуi тиiс.
Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттiк сатып алу шарттарының және (немесе) өнiм берушi таңдау үшiн негiз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетiн өзгерiстердi Заңның 39-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негiздемелер бойынша енгiзуге жол берiлмейдi.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2013.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
12. Осы Шарт шеңберiнде берiлетiн тауарлар немесе көрсетiлетiн қызметтер техникалық ерекшелiкте көрсетiлген стандарттарға сәйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиiс.
13. Өнiм берушi Тапсырыс берушiнiң алдын ала жазбаша келiсiмiнсiз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бiр ережелерiн, сондай-ақ Тапсырыс берушi немесе осы Шартты орындау үшiн Өнiм берушi тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдердi, үлгiлердi немесе ақпаратты ашпауға тиiс. Көрсетiлген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық мiндеттемелердi орындау үшiн қажеттi шамада берiлуге тиiс.
14. Өнiм берушi Тапсырыс берушiнiң алдын ала жазбаша келiсiмiнсiз қандай да болмасын жоғарыда санамаланған құжаттарды немесе ақпаратты Шартты iске асыру мақсатынан басқа пайдаланбауға тиiс.
15. Тапсырыс берушi немесе оның өкiлдерi Тауарларға, егер бұл техникалық ерекшелiкте айтылса, олардың техникалық ерекшелiкке сәйкестiгiн растау үшiн техникалық бақылау және/немесе сынақ жүргiзуi мүмкiн. Осы сынақтарға жұмсалатын барлық шығыстарды Өнiм берушi жүктейдi. Техникалық ерекшелiкте Тапсырыс берушiге қандай түрдегi тексеру мен сынақ талап етiлетiндiгi, сондай-ақ олар қай жерде жүргiзiлуге тиiс екендiгi көрсетiледi. Тапсырыс берушi Өнiм берушiнi осы мақсаттарға арналған өзiнiң өкiлдерi туралы жазбаша түрде және уақтылы хабардар етуге тиiс.
16. Техникалық бақылау мен сынақ Өнiм берушiнiң немесе оның қосалқы мердiгерiнiң (лерiнiң) аумағында, тауарларды жеткiзу орнында және/немесе соңғы пунктiнде жүргiзiлуi мүмкiн. Егер олар Өнiм берушiнiң немесе оның қосалқы мердiгерiнiң (лерiнiң) аумағында жүргiзiлсе, Тапсырыс берушiнiң инспекторларына Тапсырыс берушiнiң тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз сызбаларға және өндiрiстiк ақпаратқа қол жеткiзудi қоса алғанда, барлық қажеттi құралдар берiлетiн және жәрдем көрсетiлетiн болады.
17. Егер техникалық бақылаудан немесе сынақтан өткен тауарлар техникалық ерекшелiкке жауап бермесе, Тапсырыс берушi олардан бас тарта алады және Өнiм берушi ақаулы тауарды не алмастырады не Тапсырыс берушiнiң тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз техникалық ерекшелiктiң талаптарына сәйкес қажеттi өзгерiстер енгiзедi.
18. Жоғарыда көрсетiлгендердiң бiр де бiр тармағы Өнiм берушiнi осы Шарт бойынша кепiлдiктерден немесе басқа да мiндеттемелерден босатпайды.
19. Өнiм берушi тауарларды оларды соңғы тағайындалған пунктiне тасымалдау кезiнде зақымдануды немесе бұзылуды болдырмауға қабiлеттi орауға қамтамасыз етуi тиiс. Орам қандай да болмасын шектеулерсiз қарқынды көтергiш-көлiк өңдеуiне және тасымалдау кезiндегi экстремалды температураның, тұз бен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсерiне төзуге тиiс. Оралған жәшiктердiң габаритiн және олардың салмағын анықтау кезiнде жеткiзу пунктiнiң алыстығы және тауарларды алып жүрудiң барлық пункттерiнде қуатты жүк көтергiш құралдардың болуы ескерiлуi қажет.
20. Жәшiктердi орау мен таңбалау, сондай-ақ iшiнен және сыртынан құжаттамалау Тапсырыс берушi белгiлеген арнайы талаптарға қатаң сәйкес келуге тиiс.
21. Тауарларды берудi Өнiм берушi сатып алынатын Тауарлардың/Көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiнде айтылған Тапсырыс берушiнiң талаптарына сәйкес мынадай түрде жүзеге асырады:
а) шетелден келетiн Тауарлар үшiн:
Тауарды түсiргеннен кейiн Өнiм берушi Тапсырыс берушiге және сақтандыру компаниясына телекспен немесе факспен Шарттың нөмiрiн, тауарлардың сипаттамасын, санын, кеменi, коносамент нөмiрiн және оның күнiн, жөнелтiлген портын және күнiн, түсiру портын және т.б. қоса алғанда, тасымалдаудың барлық егжей-тегжейi туралы хабардар етуге тиiс:
1) Тауарлардың сипаттамасымен, Тауардың санын, бiрлiгiнiң бағасын және жалпы сомасын көрсетiп, Өнiм берушiнiң шот-фактурасының көшiрмесi;
2) көлiктiк жүк құжаттың түпнұсқасы мен 3 көшiрмесi;
3) әрбiр орамның құрамын көрсетiп, орау парағының көшiрмесi;
4) сақтандыру Сертификаты;
5) дайындаушының немесе өнiм берушiнiң кепiлдiк сертификаты;
6) уәкiлеттi инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткiзу туралы куәлiк, сондай-ақ Өнiм берушiнiң зауытында техникалық бақылау өткендiгi туралы есеп (егер мұндайлар болса);
7) тауардың шыққан жерi туралы сертификат.
Жоғарыда көрсетiлген құжаттарды Тапсырыс берушi Тауарлар портқа немесе жеткiзу пунктiне келгенге дейiн ең болмағанда бiр апта бұрын алуға тиiс және олар алынбаған жағдайда Өнiм берушi осы шығыстарға байланысты жауапты болады.
б) Жергiлiктi Тауарлар үшiн:
1) тауарлардың сипаттамасымен, тауарлардың санын, тауарларға бiрлiк бағаны және жалпы сомасын көрсетiп, Өнiм берушiнiң шот-фактурасының көшiрмесi;
2) көлiктiк жүк құжат, темiр жол түбiртегi немесе автожүк түбiртегi;
3) Дайындаушының немесе Өнiм берушiнiң кепiлдiк сертификаты;
4) уәкiлеттi инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткiзу туралы куәлiк, сондай-ақ Өнiм берушiнiң зауытында техникалық бақылау өткендiгi туралы есеп (егер мұндайлар болса);
5) тауардың шыққан жерi туралы сертификат.
22. Шартқа сәйкес берiлетiн тауарлар оларды дайындауға, сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және жеткiзуге байланысты бүлiнуден немесе бұзылудан теңгемен (немесе еркiн айырбасталатын валютада) толық сақтандырылуға тиiс (қажеттi сақтандыру түрiн көрсету). Сақтандыру полисiнде Тапсырыс берушi Өнiм берушiмен бiрге сақтандыру компаниясынан өтемақы алатын тарап ретiнде аталуға тиiс.
23. Сақтандыру әскери iс-қимылдарға және көтерiлiстерге байланысты қатерлердi қоса алғанда, "барлық қатерлерден" сақтандыру кезiнде "қоймадан қоймаға" Шарт сомасының 110 % мөлшерiнде болуға тиiс.
24. Өнiм берушi Тауарларды тағайындалған пунктiне дейiн беруге тиiс. Осы тауарларды тағайындалған пунктiне дейiн тасымалдауды Өнiм берушi жүзеге асырады және төлейдi, ал оған байланысты шығыстар Шарттың бағасына қосылады.
25. Осы Шарттың шеңберiнде Өнiм берушi конкурстық құжаттамада көрсетiлген қызметтердi көрсетуге тиiс.
26. Iлеспе қызметтерге баға Шарттың бағасына енгiзiлуге тиiс.
27. Тапсырыс берушi Өнiм берушi дайындайтын немесе өткiзетiн қосалқы бөлiктер туралы мынадай ақпаратты, атап айтқанда Тапсырыс берушi сатып алу үшiн Өнiм берушiден таңдай алатын және оларды кепiлдiк мерзiмi өткеннен кейiн пайдалана алатын қосалқы бөлiктердiң құны мен номенклатурасын берудi Өнiм берушiден талап етуi мүмкiн.
28. Өнiм берушi қосалқы бөлшектердi шығаруға тоқтатқан жағдайда:
а) Тапсырыс берушiнi оған қажеттi санда қажеттi сатып алуды жүргiзе алуына мүмкiндiк беру үшiн өндiрiстiң алдағы уақыттағы тоқтауы туралы алдын ала хабарлауға;
б) қажет болған жағдайда өндiрiс тоқтағаннан кейiн артынша Тапсырыс берушiге қосалқы бөлiктерге жоспарларды, сызбалар мен техникалық құжаттаманы тегiн беруге тиiс.
29. Өнiм берушi Шарт шеңберiнде берiлген Тауарлар, егер Шартта өзгеше көзделмесе, жаңа, пайдаланылмаған, конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы түрленулерi көрсетiлген жаңа не сериялық модель болып табылатындығына кепiлдiк бередi. Өнiм берушi, бұдан әрi, осы Шарт бойынша берiлген Тауарлар Тапсырыс берушiнiң елi үшiн әдетте қолайлы жағдайларда берiлген Тауарларды қалыпты пайдаланған кезде конструкцияларына, материалдары мен жұмысына байланысты ақаулары болмайтындығына бұдан әрi кепiлдiк бередi. Тапсырыс берушi берген техникалық ерекшелiкке қатаң сәйкестiкте Өнiм берушi дайындаған конструкцияларда, материалдарда ақау пайда болған жағдайда Өнiм берушi Тапсырыс берушiнiң оның (Тапсырыс берушiнiң) техникалық ерекшелiгiнде жiбергенi үшiн жауап бермейдi.
30. Бұл кепiлдiк Тауарлардың бүкiл партиясын немесе оның бөлiгiн нақтылы жағдайға және оларды Шартта көрсетiлген тағайындалған нақты пунктiне қабылдағанға орай
_________________________________________________iшiнде жарамды.
(кепiлдiктiң талап етiлетiн мерзiмi көрсетiлсiн)
31. Тапсырыс берушi Өнiм берушiнi осы кепiлдiкке байланысты барлық талап қоюлар туралы жазбаша түрде жедел хабардар етуге мiндеттi.
32. Осындай хабарламаны алғаннан кейiн Өнiм берушi ақау шыққан Тауарды немесе оның бөлiгiн Тапсырыс берушiнiң тарапынан қандай да болмасын шығынсыз жедел жөндеуге немесе алмастыруға тиiс.
33. Егер Өнiм берушi хабарлама алып, Тапсырыс берушi талап еткен мерзiмде ақауды(ларды) жөндемесе, Тапсырыс берушi Өнiм берушi есебiнен және Тапсырыс берушi Өнiм берушiге қатысты Шарт бойынша иеленуi мүмкiн басқа да құқықтарға қандай да болмасын залалсыз ақауларды жөндеу жөнiндегi қажеттi санкциялар мен шараларды қолдана алады.
34. Өнiм берушiге берiлген Тауарларға ақы төлеу осы Шарттың ____ және________ -тармақтарында көрсетiлген нысанда және мерзiмде жүргiзiлетiн болады.
35. Тапсырыс берушi Шартта көрсеткен баға Тапсырыс берушiнiң конкурстық өтiнiмiнде ол көрсеткен бағаға сәйкес келуге тиiс.
36. Екi тарап қол қойған жазбаша өзгерiстердi қоспағанда, Шарттың құжаттарына ешқандай ауытқулар немесе өзгерiстер (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшелiктер, тиеу, орау әдiстерi, жеткiзу орны немесе өнiм берушi көрсететiн Қызметтер және т.б.) Шарттың құжаттарына жiберiлмейдi.
37. Егер кез келген өзгерiс Өнiм берушiге Шарт бойынша тауарлардың кез келген бөлiгiн беру үшiн қажеттi құнның немесе мерзiмнiң азаюына әкелетiн болса, Шарттың бағасы немесе беру кестесi немесе сол немесе өзгелерi тиiстi түрде түзетiледi, ал Шартқа тиiстi түзетулер енгiзiледi. Осы бап шеңберiнде Өнiм берушiнiң түзету жүргiзуге барлық сауалдары Өнiм берушi Тапсырыс берушiден өзгерiстер туралы өкiм алған күннен бастап 30 (отыз) күн iшiнде көрсетiлуге тиiс.
38. Өнiм берушi қандай да болмасын бiреуге осы Шарт бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн Тапсырыс берушiнiң алдын ала жазбаша келiсiмiнсiз не толық не iшiнара бермеуге тиiс.
39. Өнiм берушi Тапсырыс берушiге, егер бұл конкурстық өтiнiмнiң құжаттарында айтылса, осы Шарт шеңберiнде жасалған барлық қосалқы мердiгерлiк шарттардың көшiрмесiн беруге тиiс. Қосалқы мердiгерлердiң болуы Өнiм берушiнi Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершiлiктен босатпайды.
40. Тауарларды берудi және Қызметтердi көрсетудi Өнiм берушi кестеге сәйкес жүзеге асыруға тиiс.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2013.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
41. Тапсырыс берушi тарапынан берудi орындауды кешiктiру оған жүктелетiн мынадай санкцияларға әкелуi мүмкiн: Шартты орындауды қамтамасыз етудi ұстап немесе тұрақсыздық айыбын төлеп Шарттың күшiн жою.
42. Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2013.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
43. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Өнiм берушi тауарларды Шартта көзделген мерзiмде бере алмайтын не қызметтердi көрсете алмайтын болса, Тапсырыс берушi өзiнiң басқа құқықтарына зиян келтiрместен, шарт шеңберiнде әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрiнде шегерiп тастайды.
44. Шарттың талаптарын бұзғаны үшiн қандай да болмасын басқа санкцияларға зиян келтiрместен, Тапсырыс берушi Өнiм берушiге мiндеттемелердi орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жiбере отырып, осы Шартты толық немесе iшiнара бұза алады:
а) егер Өнiм берушi Тауардың бөлiгiн немесе барлығын Шартта көзделген мерзiмде (дерде) немесе Тапсырыс берушi берген осы Шартты ұзарту кезеңi iшiнде бере алмаса;
б) егер Өнiм берушi Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да өзiнiң мiндеттемелерiн орындай алмаса.
45. Өнiм берушi, егер Шартты орындауды кешiктiру форс-мажор жағдайларының нәтижесi болса, өзiнiң Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершiлiк жүктемейдi.
46. Осы Шарттың мақсаты үшiн "форс-мажор" Өнiм берушiнiң есебiне және салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы Өнiм берушi тарапынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны бiлдiредi. Мұндай оқиғалар әскери iс-қимылдар, табиғи немесе зiлзала апаттары, iндет, карантин мен тауарларды беруге эмбарго сияқты iс-қимылдарды қамтуы мүмкiн, бiрақ олармен шектелмейдi.
47. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Өнiм берушi Тапсырыс берушiге мұндай жағдайлар мен олардың себептерi туралы тез арада жазбаша хабарлама жiберуге тиiс. Егер Тапсырыс берушiден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнiм берушi Шарт бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн орындауды ол орынды болғанынша жалғастырады және форс-мажор жағдайларына байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсiлдерiн жүргiзедi.
48. Тапсырыс берушi, егер Өнiм берушi банкрот немесе төлеуге қабiлетсiз болса, Өнiм берушiге тиiстi жазбаша хабарлама жiбере отырып, Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады және Тапсырыс берушi, егер Шартты бұзу iс-әрекеттердi жасауға немесе Тапсырыс берушiге қойылған немесе қойылатын санкцияларды қолдануға залал әкелмесе немесе қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса Өнiм берушiге қатысты ешқандай қаржылық мiндеттемелер жүктемейдi.
49. Тапсырыс берушi Өнiм берушiге тиiстi жазбаша хабарлама жiбере отырып, оның бұдан әрi орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебi көрсетiлуге тиiс, күшi жойылған шарттық мiндеттемелердiң көлемi, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшiне енген күн айтылуға тиiс.
50. Жоғарыда көрсетiлген жағдаяттар негiзiнде Шарт жойылған кезде, Өнiм берушi Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгi iс жүзiндегi шығындар үшiн ғана ақы талап етуге құқылы.
51. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердiң бұзылуы анықталған, сондай-ақ ұйымдастырушы Өнiм берушiге Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен жағдайда Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкiн. Өнiм берушiге мұндай негiздеме бойынша Шарттың бұзылуымен байланысты болған шығындар өтемiн талап ету құқығына ие емес.
52. Тапсырыс берушi мен Өнiм берушi тiкелей келiссөздер процесiнде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келiспеушiлiктердi немесе дауларды шешуге бар күш-жiгерiн жұмсауға тиiс.
53. Егер осындай келiссөздер басталғаннан кейiн 21 (жиырма бiр) күн iшiнде Тапсырыс берушi мен Өнiм берушi Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгенi осы мәселенi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешудi талап ете алады.
53-1. Отандық тауар өндiрушiлермен немесе отандық қызметтердi көрсетушiлермен шарт жасалған жағдайда, шарт алдын ала ақы төлеу және тауарларды жеткiзгенi не қызметтердi көрсеткенi үшiн толық ақы төлеу туралы шартты қамтуы тиiс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзiмi осы шарт бойынша мiндеттемелердi орындаған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.
Ескерту. Қосымша 53-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.
54. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының резидентi емеспен жасасқан жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресiмдеуге жол берiледi.
55. Шарт қазақ және/немесе орыс тiлдерiнде жасалады. Шартты төрелiкте қарау қажет болған жағдайда Шарттың қазақ және/немесе орыс тiлдерiндегi данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесе тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2013.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
56. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалуға тиiс.
57. Шартқа сәйкес тараптардың бiрi екiншi тарапқа жiберетiн кез келген хабарлама кейiннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрiнде жiберiледi.
58. Хабарлама жеткiзiлгеннен кейiн немесе күшiне ену көрсетiлген күнi (егер хабарламада көрсетiлсе) күшiне енедi, ол бұл күндердiң қайсысы кеш болатындығына байланысты.
59. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуге тиiс.
60. Өнiм берушi Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгiзуге мiндеттi.
60-1. Өнiм берушi жергiлiктi қамтуды конкурстық өтiнiмге (болған кезде) сәйкес қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
Ескерту. 60-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен, жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2013.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
61. Осы Шартта Тапсырыс берушi мен Өнiм берушi белгiленген тәртiппен келiсiлген өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шарттар көзделуi мүмкiн.
62. Осы Шарт Тапсырыс берушi оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiнде (мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер үшiн) тiркеуден өткiзгеннен кейiн және Өнiм берушi осы Ереженiң 156-тармағында көрсетiлген жағдайларда Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзгеннен кейiн күшiне енедi.
63. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелерi:
Тапсырыс берушi Өнiм берушi
_____________________________ ________________________
(толық атауы) (толық атауы)
_____________________________ ________________________
_____________________________ ________________________
(мекен-жайы) (мекен-жайы)
_____________________________ ________________________
(телефоны, факсы) (телефоны, факсы)
_____________________________ ________________________
(Т.А.Ә.) (Т.А.Ә.)
_____________________________ ________________________
(қолы) (қолы)
________ж."__"__________ _________ж."___" _______
М.О. М.О.
Аумақтық қазынашылық органында тiркеу үшiн (мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер үшiн):____________________
Осы Тауарларды/көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Тапсырыс берушiнiң тауарларды/көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруы үдерiсiнде Тапсырыс берушi мен Өнiм берушi арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейдi. Тапсырыс берушi осы Шартты пайдалана отырып, мемлекеттiк сатып алу қорытындылары негiзiнде өзiнiң тауарларды/көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартының жобасын әзiрлеуге тиiс. Бұл ретте осы Шартқа енгiзiлетiн кез келген өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына, Тапсырыс берушiнiң конкурстық құжаттамасына, Өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмiне және Конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес келуге тиiс. Осы Шартта курсивпен бояп көрсетiлген түсiндiрмелердi Тапсырыс берушi толтыруға тиiс.
Ережеге
12-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |