Егіншіліктің сүрі жер жүйесі - ауыспалы егіс құрамында сүрі жер болатын жүйе.
Егіншіліктің сүрі жерлік-дәнді жүйесі - бұл егіншілік жүйесінде негізгі танап та-за болады.Өзі екі және үш танаптан құралады: сүрі жер, күздік егіс, жаздық егіс; сүрі жер, күздік егіс.
Егіншіліктің топыраққорғау жүйесі - топырақты түрлі эрозиядан, су шайып, жел ұшырып бүлдіруден қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.Түрлі климаттық-топырақ аймағында әртүрлі болады.
Егіншіліктің ұрық алмастыру жүйесі - егіншіліктің қарқынды түрі.Бұндай жүй-еде егістік жерде үнемі дәнді, отамалы, малазықтық дақылдар өзара алмастырылып өсіріле береді.Ауыспалы егіс құрамында таза жер болмайды. Егіншіліктің шөп танапты жүйесі - ауыспалы егіс құрамында қоңырбас (астық) тұқымдас және бұршақ тұқымдас шөптер егілетін жүйе.
Егіс астылық аралық дақылдар - күзде немесе көктемде күздік пен жаздық дәнді дақылдармен қосылып егілетін, бастапқы өсіп-жетілуі жәй болатын дақылдар.
Егіс құрылымы - егілген әртүрлі дақылдардың ара жігі.
Егістік (танаптық) ауыспалы егіс - ауыспалы егістің бір типі.Ауыспалы егіс көлемінің жартысынан көбінде дәнді, картоп және техникалық дақылдар егіледі.
Егістің борсуы - топырақ әлі тоңазымай тұрып егісті қар басып қалған жағдайда өсімдіктің (әсіресе, күздіктің) өлуі.
Егістің дүмпуі - аса борпылдақ топыраққа егілген күздік өсімдік тамырының қыста мұздың әсерінен үзілуі, жер бетіне шығып қалуы.
Егістің суда тұншығуы - су жиналып, су басқан жерде өсімдіктердің оттегі жетімсіздігінен тұншығып өлуі.
Егістің фотосинтездік потенциалы - ауыл шаруашылығы өсімдігі егісінің бүкіл өсуі кезінде фотосинтез үшін күн қуатын пайдалану мүмкіндігі.
Екпе сүрі жер - вегетациялық кезеңде ерте пісетін дақылдар өсіріліп, оларды жинағаннан кейін жыртылып өңделетін жер
Достарыңызбен бөлісу: |