Ауыспалы егіс айналымы (ротациясы) - бір дақылдың (немесе сүрі жердің) бел-гілі бір танапта болу және басқа дақылдармен (сүрі жермен) алмасу уақыты.
Ауыспалы егіс жүйелері - түрлі ауысымды егістерді жеке шаруашылықтарда тиімді үйлестіріп пайдалану.
Ауыспалы егіс схемасы - сүрі жер мен ауыл шаруашылығы дақылдарының ауы-су ретінің тізбесі.Мысалы: таза сүрі жер - күздік бидай - жаздық бидай - отамалы дақыл-дар - жаздық бидай - арпа.
«Ауыспалы егістер танаптарының тарихы» кітабы - шаруашылықтағы ауыс-палы егістің әр танабының тарихы мен шаруашылықтағы егіншілік мәдениетінің жеткен деңгейін көрсететін құжат.
Ауыспалы егістің айналым (ротация) кестесі - дақылдар мен сүрі жерлерді ай-налым кезеңінде танаптар мен жылдар бойынша орналастыру жоспары.
Егіншілік – 1.ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары, әрі сапалы дән,түйнек, тамыржеміс, талшық және басқа да өнімдер өндіру мақсатында жерді өте тиімді пайдала-ну мен топырақ құнарын көтеру тәсілдерін дайындайтын, егістік дақылдар өсірудің жалпы әдістерін зерттейтін ғылым;
2. ауыл шаруашылығының азық-түліктік, техникалық, малаз-ықтық және басқа да дақылдарын өсірумен айналысатын саласы.
Егіншілік жүйесі - топырақ құнарын арттыру және оны қалпына келтіру үшін ат-қарылатын агрономиялық, мелиорациялық, ұйымдастыру шараларының жиынтығы.
Егіншілік мәдениеті - егіншіліктің ғылыми жетістіктерге негізделе тиімді жүргі-зілуі. Егіншіліктің жерді тыңайту жүйесі - егіншіліктің өте қарапайым да ескі жүйесі. Бұл жүйе бойынша жерді бірнеше жыл бойы пайдаланады.Ол тозып, арам шөп басқандық-тан 8-15 жыл бойы қалдырып кетеді.
Егіншіліктің кесіп-өртеу жүйесі - егіншіліктің өте ертедегі қарапайым түрі.Бұл жүйе бойынша белгілі бір жердің ағаштарын кесіп өртейді, орнына егін егеді.Ол жердің құнары таусылғаннан кейін, сол әдіспен басқа жерге ауысады.
Егіншіліктің көптанапты-шөпті жүйесі - мұнда жердің негізгі бөлігіне көпжыл-дық шөп егіледі де, ол шабындық, жайылымдық үшін пайдаланылады.Қалған бөлігіне егін егіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |