«Қаралды» «бекітемін» №6 ЦӘК отырысында Оқу ісі жөніндегі


Вакцина егудің күнтізбесі



бет9/12
Дата15.09.2022
өлшемі281 Kb.
#460792
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
вакцина ашық сабақ

Вакцина егудің күнтізбесі
Әрбір елде, соның арасында Қазахстанда (Денсаулық сақтау министірлігімен бекітілген) вакцина егудің күнтізбесі бар. Онда қай жаста, қандай вакцинаны, қай жұқпалы ауруларға қарсы егу түрлері анықталып, ретімен негізделген. Мысалы, балалық шақта (10 жасқа дейін) әрбір адам міндетті түрде туберкулезге, қызылшаға, полиомиелитка, көкжөтелге, күлге, В гепатитіне, сіреспеге қарсы егілуі керек, ал өте қауітпі ауруларға ( эндемиялық аудандарда) сол ауруларға қарсы қосымша егу жүргізіледі.
Сонымен қатар, әрбір ел вакцинамен профилактика жүргізуде өзінің азаматтары үшін жеке бастың құқын, міндетін және де егу ісін жүргізетін мекемелердің, жауапты қызметкерлердің құқын, міндетін және жауаптылығын заң түрінде анықтайды.
Вакцинамен алдын-алудың қауіпсіздігі.
Вакцинация кезінде қолайсыз жағдайлар пайда болуы ықтимал. Олар келесі жағдайлармен байланысты:
Вакцинаны өндірістік жағдайда дайындау кезіндегі олқылықтармен.
Вакцинаның өзімен және немесе оның микроорганизммен өзара әсерлесу ерекшеліктермен.
Вакцина егу ережесінің бұзылуымен және немесе қолдану нұсқауын орындамаумен.
Егу жүргізу кезінде қосымша (ілеспе) патологиялық процестермен қатар келуі.
Медициналық иммунды-биологтялық препараттарды- қолдану негізінде болуы мүмкін жағымсыз әсерлерді (эффекті) шартты түрде үш топқа бөледі: А-препаранттың өзінің әсерімен байланысты ;В- препаратқа әрбір жеке тұлғаның реакциясымен байланысты; С-«статистикалық» деп аталатындармен байланысты.
А-типті жағымсыз әсерлер – препараттардың өзінің нағз қолайсыз (жанама) әсер етуі. Олар дозаға байланысты, біраз уақыттан кейін пайда болады, сондықтан клиникалық сынақтау кезінде анықталмайды.В-типті жағымсыз әсер ету (пациенттің жеке басына тән реакция) әдетте кенеттен басталып, жылдам және ауыр түрде өтеді. Оған нағыз және жалған аллергиялық реакциялар жатады.С-типті жағымсыз реакциялар-ол «статистикалық эффектілер» жағымсыз жанама әсерлердің жиілігін статистикалық әдістермен бағалауды пайдаланған кезде анықталады.
Вакцина егуден кейінгі кезеңде байқалатын жанама әсерлер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет